БЦП бар балалардың іс-әрекет түрлерінің дамуы, бірқатар ерекшеліктермен жүзеге асады.
Бұл біріншіден, қимыл-қозғалыс патологиясымен байланысты, себебі, кез келген әрекет белсенді сыртқы операциялардың орындалуына, білік-дағдылардың, оның ішінде қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуына бағытталады.
«БЦП бар балалардың ойын әрекетінің басталуын қамтамасыз ететін, заттық іс-әрекет кешігіп қалыптасады.
Қалыпты дамып келе жатқан сау бала, басын ұстап, өздігінен отыруға үйренгеннен кейін, заттармен белсенді манипуляция жасай бастайды, сипап-сезу қабілеті жетіліп, заттарды ұстағаннан-ақ, тани бастайды.
Мұның барлығы, баланың танымдық әрекетінің дамуында маңызды рөл атқарады.
БЦП бар балалардың қозғалыс кемістігінің күрделі құрылымымен байланысты, заттық іс-әрекеттері қиындайды.
Бұл зат туралы тұтас ұғымның қалыптасуына кедергі жасайды, айнала қоршаған орта жайлы мағлұматтар мен білім қорының аз болуына әкеп соғады.
Заттық іс-әрекеттің дамуы үшін көру, моторлық координацияның қалыптасқан түрі, маңызды болып есептеледі.
БЦП балалар қол қимылы мен басқа қимыл-қозғалыстарды көзбен баға алмайды, сөйтіп, заттық әрекеттің орынғуына кедергі жасайды.