3. Психоорганикалық құбылыстардың көрістері, үшінші ерекшелікке жатады.
Бұл психикалық үдерістердің өте баяулығынан, тез таусылатынынан және әрекеттердің бір түрінен екінші түріне ауысудың қиындығынан, зейін, қабылдау, ес үдерістерінің кемшілігінен байқалады.
Бұл балалардың басым көпшілігінде, танымдық белсенділік аз.
Ми жұмысындағы төмен қабілеттілік, церебрастениялық синдроммен байланысты.
Балалар интеллектуалды тапсырмалар күрделенген сайын, тез шаршағыш, жалыққыш бола бастайды.
БЦП бар баланың интеллект күйі әртүрлі.
Бірде қалыпты, бірде қалыпсыз күйге жақын болып келеді.
Бірқатар балаларда ПДТ, ал енді біреулерінде ақыл-ойдың кемістігі кездеседі.
Сөйтіп, психикалық дамуында ауытқуы жоқ балалар сирек кездеседі.