4. Жоғары тәуекел дәрежесiне мынадай объектiлер жатады:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк, қорғаныс, iшкi iстер, қаржы полициясы, Президенттiң Күзет қызметi және Республикалық ұланы, Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының объектiлерi;
2) өнеркәсiптiк және сақтау ұйымдары - барлық құрылыстардың 50 % астам көлемiн алатын, жарылу, өрт шығу және өрт қауiптiлiгi бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттарындағы өндiрiстерiмен;
3) гидроэлектр станциялары – қуаты екi жүз елу мегаватт (бұдан әрi - МВт) және одан астам;
4) жылу электр станциялары – қуаты елу МВт және одан астам немесе үш жүз Гигакалория және одан астам;
5) газ турбиналық электр станциялары – қуаты елу МВт және одан астам;
6) бiлiм беру мекемелерi (мектептер, гимназиялар, балабақшалар, балалар үйлерi, мектеп-интернаттар, жоғары оқу орындары және меншiк нысанына қарамастан басқа да оқу орындары) - ауданына қарамастан;
7) мәдени ойын-сауық, табыну және басқа да дiни мекемелер - бiр уақытта 100 адам және одан астам адам болады;
8) спорт және дене шынықтыру, сауықтыру кешендерi - бiр уақытта 100 және одан астам адам болады;
9) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 және одан астам адам;
10) стационары бар денсаулық сақтау ұйымдары – бiр мезгiлде 25 және одан астам адамның келуi;
11) сауда ұйымдары - құрылыстардың барлық ауданына 2500 шаршы метрден астам;
12) әкiмшiлiк ғимараттар - биiктiгi 28 метрден астам;
13) әуежайлар - ауданына қарамастан;
14) теңiз және өзен порттары - ауданына қарамастан;
15) темiржол және автомобиль вокзалдары - ауданына қарамастан;
16) мұнай базалары мен мұнай өнiмдерiн сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден астам;
17) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден астам;
18) мұрағаттар - ауданына қарамастан;
19) әлеуметтiк сала объектiлерi (қарттар мен мүгедектер үйлерi, балалар үйлерi, интернат үйлерi, балалар мен мүгедектерге арналған психоневрологиялық орталықтар) - ауданына қарамастан;
20) демалыс үйлерi мен демалыс аймақтары, жазғы сауықтыру лагерлерi мен туристiк базалар - бiр уақытта 100 және одан астам адам болады;
21) оқ-дәрiлердi сақтау, жою (құрту, пайдаға асыру, көму) және қайта өңдеу объектiлерi.
5. Тәуекел дәрежесi орташа объектiлер:
1) өнеркәсiптiк объектiлер мен сақтау ұйымдары - барлық құрылыстардың 50 % аса көлемiн алатын, жарылыс өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттағы өндiрiстерiмен;
2) гидроэлектр станциялары – қуаты екi жүз елу Мегаваттан (бұдан әрi - МВт) кем;
3) жылу электр станциялары – қуаты елу МВт кем немесе үш жүз Гигакалориядан кем;
4) газ турбиналық электр станциялары – қуаты елу МВт кем;
5) кернеуi бiр мың елу Киловольт және одан астам шағын электр станциялары;
6) мәдени ойын-сауық, спорт және дене шынықтыру сауықтыру кешендерi, табыну және басқа да дiни мекемелер - бiр уақытта 100 адам кем болуы;
7) тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерi - құрылыстардың жалпы саны 150 шаршы метрден асады;
8) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;
9) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 адамнан кем;
10) стационары бар денсаулық сақтау ұйымдары – бiр мезгiлде 25 және одан аз адамның келуi;
11) стационары барсыз денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;
12) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;
13) сауда ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 асады және 2500 шаршы метрден кем;
14) ауыл шаруашылығы объектiлерi;
15) әкiмшiлiк ғимараттар - биiктiгi 28 метрден кем және ауданы 150 шаршы метрден асады;
16) тұрғын үй ғимараттары - биiктiгi 28 метрден астам;
17) автокәсiпорындар – техника саны 50 бiрлiктен астам;
18) автокөлiкке қызмет көрсету объектiлерi (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен посттары және басқа);
19) мұнай базалары мен мұнай сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден кем;
20) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден кем;
21) байланыс кәсiпорындары мен, теле радио орталықтары - ауданына қарамастан;
22) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер – ауданына қарамастан;
23) демалыс үйлерi мен демалыс аймақтары, жазғы сауықтыру лагерлерi мен туристiк базалар - сыйымдылығы 100 адамнан кем;
24) балалардың аула маңындағы клубтары - сыйымдылығы 25 адамнан кем.
6. Тәуекел дәрежесi болмашы объектiлер:
1) өндiрiстiк және сақтау ұйымдары - жарылыс өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша «Г» санаттағы өндiрiстерiмен;
2) жеке тұрғын үй құрылыстарынан басқа, биiктiгi 28 метрден кем тұрғын үй ғимараттары;
3) сауда ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемi 150 шаршы метрден кем;
4) тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемi 150 шаршы метрден кем;
5) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемi 150 шаршы метрден кем;
6) мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары;
7) стационары жоқ денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемi 150 шаршы метрден кем;
8) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар - жалпы көлемi 150 шаршы метрден кем;
9) әкiмшiлiк ғимараттар - құрылыстардың жалпы көлемi 150 шаршы метрден кем;
10) автокәсiпорындар – техника саны 50 бiрлiктен кем;
11) ғылыми-зерттеу және жобалау институттары - ауданына қарамастан.