16. Сынып жетекшісі жыл сайын:
1) оқушылардың жеке істерін рәсімдейді;
2) оқу жылы бойындағы сыныптағы тәрбие жұмысының жай-күйіне, білім алушылардың тәрбиелік деңгейіне талдау жүргізеді;
3) сыныптың тәрбие жұмысы жоспарын (сынып жетекшісінің жоспары) жасайды;
4) сыныптағы білім алушылар туралы статистикалық есеп жинайды және мектеп әкімшілігіне тапсырады.
5. Сынып жетекшісінің құжаттамасы
17. Сынып жетекшісі мынадай құжаттаманы жүргізеді:
1) орта білім беру ұйымы жұмысының перспективалық жоспары негізінде тәрбие жұмысының жоспары. Тәрбие жұмысының талдауы мен жоспарының нысанын мектеп сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі айқындайды;
2) білім беру ұйымы басшысы белгілеген нысанда сыныптың әлеуметтік паспорты;
3) сыныптағы білім алушыларды педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, табиғи зерттеу нәтижелері;
4) ата-аналар комитеттері мен ата-аналар жиналыстары отырыстарының хаттамалары, ата-аналар жиналыстарын дайындауға арналған материалдар;
5) балалармен жүргізілетін тәрбие іс-шараларының материалдары;
6) сынып жетекшілігі бойынша әдістемелік жұмыс материалдары;
7) тәрбие жұмысының тоқсандық, жартыжылдық және жылдық талдауы;
8) есептер, талдау және басқа да материалдары.
6. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігінің өлшемшарттары
Достарыңызбен бөлісу: |