Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет5/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью
Үстеу М




Тақырыбы: Менің сыныбым

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар

саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.6.) ажырату.

1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Сыныбының қандай екенін айта алады, сыныптағы заттарды атай алады және олардың түсін айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Түстерді сыныптағы зат атауларымен байланыстыра қолдана алады, сыныпты сипаттай алады.



Кейбір оқушылар:

Сыныптағы басқа да заттарды атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар жаңа сұрақ үлгісімен (Сыныпта не бар?) және оның жауабымен (Сыныпта тақта бар) танысады. Оқушылармен диалога тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы диалог негізінде тақта сөзінің орнына терезе, парта, есік, орындық, үстел сөздерін қолдануға жаттығады.

(МК) «Есте сақта!» айдарында оқушылар «бар/жоқ» сөздерін орынды қолдануға, сыныпта не бар екенін айта алуға үйренеді.

(Ж) Осы үлгіні жаттықтыру үшін, оқушылар өзара сыныпта бар/жоқ нәрселерді айтып қайталайды. (МК) 2-тапсырмада берілген үлгі бойынша оқушылар сыныптағы заттарды түсімен атай алуға үйренеді. Оқушылардың жауаптары:

Мынау - үстел. Үстел көк. Мынау - орындық. Орындық қызыл.

Мынау - есік. Есік қоңыр. Мынау - шкаф. Шкаф қоңыр. Осыдан кейін оқушылар тапсырмада берілген заттар бойынша постерлер дайындайды. Яғни бір заттың суретін салып, оны өзі қалаған түске бояйды да, үйренген үлгі бойынша сөйлейді. (МК, Ұ) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды қалыптастыру қажет: мұғалімнің сұрақтарына (Мынау не? Сынып қандай? Сыныпта не бар? Тақта қандай?) жауап бере алу, өзі сұрақ қойып, жауап бере алу. (ОТ) 3-тапсырмада берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке-жеке сыныпта ойналады. Ойын сыныптағы бар затты көрсету арқылы немесе заттардың суреттерін таратып беріп, соңы көрсету арқылы жүргізіледі.


Оқулық
Аудиодиск:

2.2.1. 2.2.3. 2.2.4.






(Ж) 4-тапсырмада оқушылар «Сыныпта» деген тақпақты хормен, топпен, жұппен тыңдайды, қайталайды. Осы тақпақпен жұмысты былай жалғастыруға болады: сыныптағы заттарды санауға болады, мысалы, Неше тақта? Неше үстел? Неше орындық? Неше парта? деп оқушылар санап шығуы керек.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 2.2.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:





Тақырыбы: Оқу құралдары

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты- жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Не? деген сұраққа дұрыс жауап бере алады. Сабақта үйренген оқу құралдарын атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Оқу құралдарын өзара сөйлесу кезінде еркін қолдана алады. Бір-бірінен өзіне қажет оқу құралын сұрап ала алады.



Кейбір оқушылар:

Басқа да оқу құралдары атауларын біледі, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлем мен сөздерге аударады. Осы үлгі арқылы оқушылар заттарды атай алуға үйренеді, мысалы, Мынау - кітап. Содан кейін оқушылар осы үлгі негізінде кітап сөзінің орнына қалам, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, қайшы, дәптер сөздерін қолдануға жаттығады. Оқушылармен суреттерге қарап, сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.

(Ж) Оқушылар үйренген сөйлем үлгісін жұптық жұмыста бекіте түседі. Ол үшін мұғалім осы заттар­ды (кітап, қалам, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, қайшы, дәптер) үстелдің үстіне қояды. Бірінші оқушы бір затты көрсетіп, сұрақ қояды (Бұл не?), екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екінші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді. (МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларды суретке қарап толықтырып айтуға үйретеді, берші/беріңізші сөздерін қайталап, еске түсіреді. Оқушылардың



Оқулық

Аудиодиск:

2.3.1.

2.3.4.





жауаптары: Маған кітап (қалам, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, қайшы, дәптер) берші (беріңізші). Оқушылар (Міне, ал.) жауабын еске түсіріп, оны да қолданады. Сыныптағы оқушылар бір-бірінен қандай да бір затты сұрай алуды үйренеді. (МК, Ү) 3-тапсырмада оқушылар сұраққа жауап беруге жаттығады. Мұғалім;

- Балалар, суретте не бар? - деп сұрайды, оқушылар суретке қарап жауап береді. Мысалы, Суретте қайшы (өшіргіш, сызғыш, қалам, дәптер, кітап, қарындаш) бар.

(МК, Ұ) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің (Сенде қарындаш бар ма? Сенде неше қарындаш бар?) сұрақтарына жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Сонымен бірге бұл диалог арқылы оқушылар өзіне қажет затты сұрай алу (Маған бір қарындаш берші), рақмет айта алу дағдыларын жетілдіре түседі.

(МК, Ү) 5-тапсырма арқылы оқушылар көптік жалғауымен танысады. Оқушылар сурет бойынша кітап, қарындаш сөздерінің көпше түрін үйренеді: кітап - кітаптар, қарындаш - қарындаштар. Оқушылар мұғалімді тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды. Оқушылардың есте сақтауына жеңілірек болуы үшін қайталату кезінде суреттерді көрсетіп тұруға болады.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта

алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 2.3.



Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:




Тақырыбы: Мен жеті жастамын

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау). 1.2.1.1. Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: оқушылар сандарды атайды. Мұғалімнің көмегімен өзінің неше жаста екенін айта алады, жіктік жалғауының I жағын қолдана алады.




Оқушылардың басым бөлігі: берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады. Сөйлеу барысында танысу үлгілерін еркін қолдана алады, жіктік жалғауының қолданысын ажырата алады.




Кейбір оқушылар:

Сен неше жастасың? сұрағына жауап беріп, өз жасын айтады. Берілген сөйлеу үлгілерін түрлендіріп қолдана алады. өзі туралы толық ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сөйлесу үлгісіне аударады. Тыңдау арқылы оқушылар Сен неше жастасың? деген сұрақ және жауап беру үлгісімен (Мен алты жастамын.) танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде өзінің жасы нешеде екенін айтуға жаттығады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар толықтырып айтуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша жастарын айтады. Мысалы: Мен алты (жеті, сегіз, тоғыз, он) жастамын. Яғни, біріншіден, оқушылар сандарды атайды, екіншіден, берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады, үшіншіден, Сен неше жастасың? сұрағына толық жауап беріп, өз жасын айтады.

(МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни үш жақта жасын қалай айту керек екенін үйретеді.

Мысалы: Мен жеті жастамын. Сен жеті жастасың. Ол жеті жаста.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен таныстырады: Ол неше жаста? Осы сұраққа








сурет арқылы жауап беруге дағдыландырады. Оқушылардың жауаптары: Ол төрт жаста. Ол бес жаста. Ол екі жаста. Мұғалім оқушылардың назарын ол сөзіне аударады, оқушылар бұл сөздің қызға да, ұлға да байланысты қолданылатынын меңгереді. (Ж) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойын­ша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің (Сенің атың кім? Сен неше жастасың?) сұрақтарына жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Содан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді.

Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Олар бір-бірімен амандасады. Содан кейін бір-бірінен атын, жасын сұрайды. Үлгі:



- Сәлем!

- Сәлем!

- Сенің атың кім?

- Менің атым -... . Сенің атың кім?

- Менің атым -... .

- Сен неше жастасың?

-Мен ... жастамын. Сен неше жастасың?

- Мен жеті жастамын.

(МК, Ү) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


Оқулық.

Аудиодиск: 2.4.1.; 2.4.4.

Сандар жазылған карточкалар.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 2.4.


Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет