Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет7/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью
Үстеу М



Тақырыбы: Кел, қайталайық!

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар/суреттер/сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап беру.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

2-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

2-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.





Кейбір оқушылар:

2-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың

ортасы

(6- 40 минут)

(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 2-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады. Мұғалім оқулықтағы суреттермен жұмыс жасайды.

(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға оқулықтағы суреттерде берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады:

1) Бұл не? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада оқу құралдары болу керек)

2) Сенің мектебің қандай?

3) Сенің сыныбың қандай?








4) Сыныпта не бар?

5) Сен неше жастасың?

6) Сен нешінші сыныпта оқисың?

7) Сен мектепте не істейсің?

8) Сенде неше қарындаш бар?

(Ж) Сонан соң оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.

(МК, Ұ) Сондай-ақ бұл сабақта мұғалім мектеп, оқу құралдары, сыныптағы зат атауларын, сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады. Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

- қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу (үлкен, әдемі);

- не? сұрағына жауап беретін сөздерді (мектеп, сынып, парта, тақта, есік, терезе, үстел, орындық) атай алу;

- неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы) атай алу;

- тақырыпқа сәйкес заттың түсін айта алу (тақта қоңыр, орындың қызыл, үстел қара);

- өзінің жасын айта алу (Мен алты жастамын. Мен жеті жастамын);

- оқу құралдарын айта алу (қалам, қарындаш, дәптер, кітап, сызғыш, өшіргіш, қайшы);

- нешінші сыныпта оқитынын айта алу (Мен бірінші сыныпта оқимын);

- бір нәрсені сұрап ала алу (Маған қайшы (өшіргіш, сызғыш) берші/(беріңізші);

- алғыс айта алу (Рақмет!);

- өзінің мектепте не істейтінін айта алу (Мен мектепте жазамын (оқимын, сөйлеймін, тыңдаймын) дағдылары қалыптасуы қажет.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.



Оқулық.

Аудиодиск:

2.8.1.

2.8.2.


2.8.3.

2.8.4.


Оқу құралдары, сыныптағы заттардың суреттері бар карточкалар.

№1 жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



3-БӨЛІМ: МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 1-САБАҚ


Тақырыбы: Бұл кім?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:


Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу -+мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Отбасы мүшелерін атай алады. Отбасындағы адамдардың атын айта алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Отбасы суреті бойынша өзінің отбасындағы адамдар туралы ақпарат бере алады (суреттегі кім екенін және оның атын айту). Қарындас/сіңлі сөздерінің айырмашылығын түсінеді.





Кейбір оқушылар:

Кез келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін атай алады, өз отбасы туралы қосымша ақпарат бере алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар отбасы мүшелері атауларымен танысады (ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас/сіңлі). Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қарындас және сіңлі сөздерінің кімге қатысты қолданылатыны туралы түсіндіреді. Яғни ұл балалар өздерінен кіші қыз бала туралы қарындас сөзін, ал қыз балалар сіңлі сөзін қолданатыны туралы айтылады. Оқушыларға түсінікті болу үшін сыныпта қарындасы/сіңлісі бар ұл бала мен қыз баланы ортаға шығарып, сол балалардың тәжірибесінде қарындас/ сіңлі сөздерінің мағынасын түсіндіруге болады. (МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға отбасы мүшелері атауларын тәуелдік жалғауының I жағында қолданылуымен (тек құрылымдық үлгіде) таныстырады. Менің деген сөзбен ата сөзі атам түрінде қолданылатыны түсіндіріліп, солай жаттықтырылады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада берілген үлгі бойынша толықтырып айту арқылы тәуелдік жалғауының қолданысы бекітіле түседі (Үлгі: ата - менің атам, әже - менің әжем т.с.с).

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар өз отбасы мүшелерінің атын айта алуды үйренеді

(Бұл -менің анам. Оның аты -...).

(ОТ) Оқушылар өз отбасының суретін сала алады.

Сол сурет бойынша отбасы мүшелерін атап, олардың атын айтуға жаттығады.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша оқушылар отбасы мүшелері туралы сөйлеседі. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар өздерінің отбасы суретін пайдалана алады. Бірінші бала екінші баланың суретін (3-тапсырманы орындау кезінде салған отбасы суреті) қарап, ішінен біреуді көрсетеді және оның кім екенін (Бұл кім?) және оның атын (Оның аты кім?) сұрайды. Екінші бала бірінші баланың сұрақтарына жауап береді. Сонда диалог шынайы болып шығады. Отбасы суретін сақтап қою керек, себебі келесі сабақта оқушылар оны қайтадан пайдалана алады. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


Оқулық

Аудиодиск: 3.1.1.; 3.1.4.

Қағаз, қарындаштар.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 3.1.


Сабақтың соңы (41—45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Тақырыбы: Менің анам

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар

саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ақылды, әдемі, күшті сөздерін отбасы мүшелерін сипаттауда қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Отбасы мүшелері туралы сұрақ қоя алады, отбасы мүшелерінің атын, қандай екенін айта алады.



Кейбір оқушылар:

Отбасы мүшелерін сипаттауда басқа да сөздер қатарын орынды қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады (Менің анам әдемі. Менің әкем ақылды). Берілген үлгі бойынша оқушылар әдемі сөзін еске түсіріп, ақылды, күшті сөздерімен танысады. Сондай-ақ аталған сөздерді отбасы мүшелерімен байланыстыра қолдануға жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырмадағы кесте арқылы оқушылар аға-әпкесі, іні - қарындасы туралы (бар/жоқ екенін) айтуды үйренеді. Мысалы: Менің ағам бар. Менің қарындасым жоқ.

Бұл тапсырма арқылы оқушылар тағы бір рет отбасы мүшелері атауларын қайталайды, сондай-ақ оларды тәуелдік жалғауымен қолдана алуға жаттығады.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар әдемі, ақылды, күшті сөздерін өздерінің отбасы мүшелерімен байланыстыра қолдануды бекіте түседі. Олар алдыңғы сабақта салған отбасы суретін пайдалана алады. Сол сурет бойынша өз отбасында кімдер бар екенін (Бұл - менің ағам), олардың атын (Оның аты -...) және олардың қандай екенін (Менің ағам күшті) айта алады.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша оқушылар отбасы мүшелері туралы сөйлеседі.



- Бұл кім?

- Бұл - менің анам.

- Оның аты кім?

- Оның аты - Алтынай.

- Ол қандай?

- Ол әдемі.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



Оқулық

Аудиодиск: З.2.1.; 3.2.4.

Өткен сабақта салған отбасы суреті

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 3.2.


Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Тақырыбы: Менің досым

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар

саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Өзінің досы туралы айта алады (оның атын, оның неше жаста екенін, оның нешінші сыныпта оқитынын, оның қандай екенін).





Оқушылардың басым бөлігі:

Тыңдаған ақпаратты түсінеді, достары туралы сұрақтар қоя алады, өзара достары туралы сөйлесе алады.





Кейбір оқушылар:

Өздерінің достары туралы қосымша ақпарат бере алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар


Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ү) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады (Бұл - менің досым. Оның аты - Юра. Ол күшті). Мұнда оқушылар үшін жаңа сөз - дос. Сондықтан мұғалім оқушыларға дос сөзінің мағынасын және оның тәуелдік жалғауының I жағында қолданылуын түсіндіреді. Сондай-ақ осы тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі бойынша, Юраның неше жаста екенін және нешінші сыныпта оқитынын біледі.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген диалог негізінде оқушылар өздерінің достары туралы сөйлеседі. Үлгі:



- Бұл кім?

- Бұл - менің досым.

- Оның аты кім?

- Оның аты - Ақылбек.

- Ол неше жаста?

- Ол алты жаста.

- Ол нешінші сыныпта оқиды?

- Ол бірінші сыныпта оқиды.

- Ол қандай?

- Ол күшті, ақылды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


Оқулық.

Аудиодиск: 3.1.1.; 3.1.4.

№1 жұмыс дәптері.

Қосымша тапсырма: 3.3.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет