Бекітемін ___________ Тексерілді____________ Ә/б отырысында қаралды:
№1 Шұбарқұдық мектеп Директордың оқу жұмысы Хаттама №1
-гимназиясының директоры: жөніндегі орынбасары: « » қыркүйек, 2016ж
Ж.Н.Наурызғали М.Б.Сағызбаева
« » қыркүйек, 2016ж « » қыркүйек, 2016ж
Ұзақ мерзімді жоспар
2016 – 2017 оқу жылы
Сыныбы: 1 «ә»
Мұғалім: Абенова А.А
Пәні: сауат ашу, математика, дүниетану, жаратылыстану
Тілдік мақсаттар туралы
Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісінде пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасы қалыптасады.Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Оқушылардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді оқыту барысында білім беру мазмұнында қазақша ғылыми тілінің дамуы тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалім мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.
Оқушылар ғылыми тілді оқып үйренуі үшін мұғалім сабақ жоспарларына жүйелі түрде төмендегі оқу мақсаттарын қосуұсынылады:
• оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);
• пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);
• алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті термин мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды қолдану;
• оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;
• оқушыларды пікірталас диалогтерге қатысуын ұйымдастыру (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық сөздік қормен қамтамасыз ету);
• тілге қатысты оқу дағдыларын дамыту (мысалы, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары);
• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);
• сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер ортамерзімді жоспарда тақырыпшалармен көрсетілген:
(1) пәнге қатысты арнайы лексика және терминология.
(2) диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері. Берілген ақпарат тілі оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу, дәлелдеу, келіссөздер жүргізу, болжау, жасау, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, көшіріп жазу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.
Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға байланысты, бірақ ең кемінде бір мақсат тілге арналуы тиіс.
Дүниетану 1 класс Аптасына - 1 сағат, барлығы – 33 сағат
Сабақ саны
|
Бөлім
|
Cабақтың тақырыбы
|
Оқу мақсаты
|
Оқулық беті
|
Жұмыс дәптері
|
Сағат
|
Уақыт
|
Ресурстар
|
1 сабақ
|
1 тоқсан
Өзім туралы
|
Мен кіммін?
|
1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
|
7-9бет
|
3 бет
|
1
|
5.09
|
шар, бейджиктер,
орам жіп, конверт
|
2 сабақ
|
Өзім туралы
|
Қажет заттар
|
1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
|
10-11 бет
|
4-5 бет
|
1
|
19.09
|
Карта,қайықтың суреті,түсті телпектер,асықтар,үлестірме парақшалар
|
3 сабақ
|
Өзім туралы
|
Күн тәртібі
|
1.1.2.4 Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру
|
12-13 бет
|
6-7 бет
|
1
|
19.09
|
Қораптағы сағат, қима әріптер, дөңгелек белгілер
|
4 сабақ
|
Өзім туралы
|
Жақсылықпен жаным дос
|
1.1.2.3 мектепте өзін ұстау ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру
|
14-16 бет
|
8-9 бет
|
1
|
26.09
|
Фишка,фотосуреттер
|
5 сабақ
|
Менің мектебім
|
Мен және менің мектебім
|
1.1.2.1 Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
|
17-19 бет
|
10-11 бет
|
1
|
3.10
|
Ы.Алтынсариннің портреті, сюжетті суреттер
|
6 сабақ
|
Менің мектебім
|
Мектепке баратын жол
|
1.1.4.4 Жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілер қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру
|
20-21 бет
|
12 бет
|
1
|
10.10
|
Бағдаршам макеті, жол қозғалыс белгілері
|
7 сабақ
|
Менің мектебім
|
Мектепке саяхат
|
1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау
|
22-23 бет
|
13-14 бет
|
1
|
17.10
|
Интерактивті тақта, глобус
|
8 сабақ
|
Менің мектебім
|
Мектеп ережелері
|
1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
|
24-25 бет
|
15-16 бет
|
1
|
24.10
|
Қима әріптер, маркерлер, парақшалар
|
9 сабақ
|
Менің мектебім
|
Дос болайық бәріміз
|
1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
|
26-28 бет
|
17-18 бет
|
1
|
7.11
|
Сюжетті суреттер, ашық хаттар, мультфильмдер
|
10 сабақ
|
Менің отбасым және достарым
|
Менің отбасым
|
1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру
1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
|
29-31 бет
|
19-20 бет
|
1
|
14.11
|
Мәуелі ағаштың суреті, шежіре ағашы бейнеленген плакат
|
11 сабақ
|
Менің отбасым және достарым
|
Отбасындағы мерекелер
|
1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру
|
32-33 бет
|
21 бет
|
1
|
21.11
|
«Халық дәстүрлері»тақырыбына таныстырылым, интернет ресурстар
|
12 сабақ
|
Менің отбасым және достарым
|
Менің үйім
|
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
|
34-36 бет
|
22 бет
|
1
|
28.11
|
Әр түрлі баспана суреттері, киіз үй макеті
|
13 сабақ
|
Бізді қоршаған әлем
|
Бағдарлауды үйренеміз
|
1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
|
37-39 бет
|
23-24 бет
|
1
|
5.12
|
Тұсбағар, қол сағаты, флипчарт, үлестірмелі парақша
|
14 сабақ
|
Бізді қоршаған әлем
|
Қала мен ауыл
|
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
|
40-41 бет
|
25-26 бет
|
1
|
12.12
|
Қала және ауыл суреттері, орталық көшенің суреттері
|
15 сабақ
|
Бізді қоршаған әлем
|
Мен қайда тұрамын
|
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
|
42-43 бет
|
27-28 бет
|
1
|
19.12
|
Шартты белгілері бар парақша, Қазақстан картасы
|
16 сабақ
|
Бізді қоршаған әлем
|
Ауа райы деген не?
|
1.2.2.1 Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау
|
44-46 бет
|
29-30 бет
|
1
|
26.12
|
Термометр, жыл мезгілдерінің суреттері, желдеткіш, фен
|
17 сабақ
|
Саяхат
|
Алғашқы адам
|
1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
|
47-49 бет
|
31-32 бет
|
1
|
9.01
|
Ежелгі еңбек құралдарының суреті, ермексаз, «Алғашқы адамдар мультфильмі»
|
18 сабақ
|
Саяхат
|
Ежелгі ата бабаларымыз
|
1.3.2.1көрнекі материалдарң негізінде сақтардың өмір салтын сипат тау
1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімеле
1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
|
50-51 бет
|
33-34 бет
|
1
|
16.01
|
Маркерлер, стикерлер, сақ мәдениетінің заттары бейнеленген суреттер
|
19 сабақ
|
Саяхат
|
Ұлы дала тарихы
|
1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
|
52-53 бет
|
35-36 бет
|
1
|
23.01
|
Сюжетті суреттер, ғұндар туралы суреттер
|
20 сабақ
|
Саяхат
|
Ертедегі саяхат
|
1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру
|
54-56 бет
|
37-38 бет
|
1
|
30.01
|
Тірек сөздер жазылған үлестірмелі парақша, Қазақстанның картасы
|
21 сабақ
|
Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Мен қазақпын
|
1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу.
|
57-59 бет
|
39-40 бет
|
1
|
13.02
|
«Толағай» мультфильмі, домбыра, шаңырақ суреттері,бейнеклип «Мен қазақпын»
|
22 сабақ
|
Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Қазақстанның рәміздері
|
1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату
|
60-61 бет
|
41-42 бет
|
1
|
20.02
|
Рәміздердің суреттері, бейне фильм,ту,үлестірме прақшалар, музыка
|
23 сабақ
|
Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Көне жазбалар
|
1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу
1.3.3.2 Түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, көне жазуларды бейнелеу
|
62-63 бет
|
43-44 бет
|
1
|
27.02
|
Түрлі-түсті жіптер, ермексаз, үлестірмелі парақша
|
24 сабақ
|
Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Алтын адам туралы аңыз
|
1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу
|
64-65 бет
|
45-46 бет
|
1
|
6.03
|
Дулыға, үлестірмелі парақша, «Алтын адамның»суреті
|
25 сабақ
|
Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Бәйтерек –өмір ағашы
|
1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру
|
66-68 бет
|
47-48 бет
|
1
|
13.03
|
Н.Ә.Назарбаевтың портреті, пазлдар, бейнефильм
|
26 сабақ
|
Тағам және сусын
|
Біз қалай тамақтанамыз
|
1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру
|
69-71 бет
|
49-51 бет
|
1
|
20.03
|
Тағам түрлерінің атаулары жазылған парақшалар, ермексаз, суреттер
|
27 сабақ
|
Тағам және сусын
|
Ертеде қалай тамақтанған?
|
1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру
|
72-73 бет
|
52 бет
|
1
|
3.04
|
Тарихи карта, тақырып бойынша көркем суреттер, стикерлер, тұқым салынған қалта,гуашь
|
28 сабақ
|
Тағам және сусын
|
Дәмді әрі пайдалы
|
1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру
1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
|
74-75 бет
|
53-54 бет
|
1
|
10.04
|
Үлестірмелі парақшалар, бейдждер, доп, мөлшерлі стақандар
|
29 сабақ
|
Тағам және сусын
|
Қазақстанда жасалған
|
1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
|
76-78 бет
|
55-56 бет
|
1
|
17.04
|
Қазақстан картасы, Қазақстанда өндірілетін тағам түрлерінің суреттері
|
30 сабақ
|
Дені саудың –жаны сау
|
Денің сау болсын десең
|
1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру
|
79-81 бет
|
57-58 бет
|
1
|
24.04
|
«Адамның дене мүшелері»плакаты, үлестірмелі парақшалар
|
31 сабақ
|
Дені саудың –жаны сау
|
Тазалық -денсаулық кепілі
|
1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру
|
82-83 бет
|
59-60 бет
|
1
|
15.05
|
Жеке бас гигиенасына арналған құралдардың суреттері, қоржын, ереже жазылған плакат, ермексаз
|
32 сабақ
|
Дені саудың –жаны сау
|
Үйдегі қауіпсіздік ережелері
|
1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау
|
84-85 бет
|
61-62 бет
|
1
|
15.05
|
Ереже жазылған плакат, үлестірмелі парақшалар
|
33 сабақ
|
Дені саудың –жаны сау
|
Айналадағы қауіп- қатер
|
1.2.1.2 табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндір
|
86-88 бет
|
63-64 бет
|
1
|
22.05
22.05
|
Үлестірмелі парақшалардағы мақалдар, жануарлардың атауы жазылған парақша
|
Достарыңызбен бөлісу: |