Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет6/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью
Үстеу М


Тақырыбы: Алмабек мектепте

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.2.3.1. (Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Нешінші? деген сұрақты түсінеді. Сұрақ бойынша өзінің нешінші сыныпта оқитынын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Неше? Нешінші? сұрақтарының айырмашылығын түсінеді. Үлгі бойынша реттік сан есімдерді айта алады. Өзге балалардан нешінші сыныпта оқитынын сұрай алады, өзі сол сұраққа дұрыс жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:

Өмірлік жағдаятта реттік сан есімдерді еркін қолдана алады, өзі туралы мол ақпарат бере алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар нешінші сыныпта оқитынын сұрау және сол сұраққа жауап беру үлгісімен танысады:

- Сен нешінші сыныпта оқисың?

- Мен бірінші сыныпта оқимын. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім осы диалог арқылы оқушыларға реттік сан есімдерді үйретеді. Оқушылардың назарын мектепте, оқимын, оқисың сөздеріне аударады.

(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім неше? нешінші?

сұрақтарын салыстыра отырып көрсетеді.

Оқушылар неше? сұрағына бір, екі, үш, торт, бес т.с.с. деп,

ал нешінші? сұрағына бірінші, екінші, үшінші, төртінші,

бесінші т.с.с. жауап беруге жаттығады.

(Т) Мұғалім оқушыларға сандар жазылған карточкалар

таратады. Оқушылар неше? нешінші? сұрақтарын қою арқылы

сандарды тағы бір рет қайталайды. Оқушылар сандарды бір- біріне қарама-қарсы тұрып та айтуларына болады.


Оқулық

Аудиодиск: 2.5.1.; 2.5.3.; 2.5.4.






(МК, Ұ) 2-тапсырманы орындағанда оқушылар алдыңғы тапсырманы бекіте түседі, олар бір - бірінші, екі - екінші, үш — үшінші, төрт - төртінші т.с.с. деп катар айтып жаттығады.

(Ж) 3-тапсырма оқушылардың берілген үлгі бойынша сөйлесу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл тапсырмада оқушылар алдыңғы үйренген сөйлеу үлгілерін еске түсіріп, оны жаңа сабақта үйренген сұрақтарымен толықтырады. Алдымен диалогті тыңдайды, қайталайды, сонан соң жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі.



- Сәлем!

- Сәлем!

- Сенің атың кім?

- Менің атым -... .

- Сен неше жастасың?

- Мен... жастамын.

- Сен нешінші сыныпта оқисың?

- Мен ... сыныпта оқимын.

- Сау бол!

- Сау бол!

(МК, Ұ) 4-тапсырмада оқушылар жұмбақпен танысады. оқу мақсатына сәйкес жұмбақ сөзі түсіндіріледі. Жұмбақты тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі. Жұмбақты жылдам есте сақтау үшін, суреттер, түстерге арналған карточкалар (көк, қызыл, қара, сары) қолданылады.

Жұмбақтың шешуі: түрлі түсті қарындаштар.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар

оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған

білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге

дағдыланады.



Сандар жазылған карточкалар.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 2.5.


Сабақтың соңы (41^5 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:




Тақырыбы: Мектепте

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар

саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар/суреттер/сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап беру.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Сен мектепте не істейсің? деген сұрақты түсінеді, берілген үлгі бойынша жауап бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сөйлеу барысында жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады, сұрақ қоя алады.



Кейбір оқушылар:

Мектепте не істейтіні туралы ақпаратты өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын оқимын, жазамын, тыңдаймын, сөйлеймін сөздеріне аударады. Осы сөздерді хормен, топпен айтқызып жаттықтырады. Содан кейін тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс бастайды. Оқушылар Сен мектепте не істейсің? сұрағымен және жауаптарымен танысады. Диалогті тыңдайды, қайталайды. Сыныптағы оқушылар берілген үлгі бойынша сыныпта не істейтіндерін айтады. (МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқимын сөзінің қолданылу ерекшелігіне назар аударады, салыстыра отырып үлгілер бойынша есте сақтауға жағдай жасайды. Оқушылар

«Мен бірінші сыныпта оқимын», «Мен мектепте кітап оқимын» деген сөйлемдерді қайталау арқылы есте сақтайды, бірінші сыныпта оқимын, кітап оқимын тіркестерін бірнеше рет қайталау арқылы жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суреттер бойынша жұмыс істейді. Оқушылар аудиодискіден бірінші сөйлемді тыңдайды, содан кейін сол сөйлемге сәйкес келетін суретті табады. Мысалы: Мен мектепте кітап оқимын (4-сөйлем). Осылай 4 сөйлем бойынша жұмыс жүргізіледі.

Оқулық
Аудиодиск:
2.6.1.; 2.6.4.




(Ж) 3-тапсырманы орындаған кезде оқушылар Сен мектепте не істейсің? сұрағына өз бетінше жауап беруге тырысады, сыныптастарының жауаптарын тыңдайды.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар алдымен диалогті тыңдайды, сонан соң жұппен жұмыс істейді. Бұл тапсырмада оқушылар алдыңғы сабақтарда өткен сұрақ үлгілерін еске түсіріп, жауап беруге жаттығады. Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады. Мысалы:



- Сен неше жастасың? -Мен... жастамын.

- Сен нешінші сыныпта оқисың? -Мен ... сыныпта оқимын.

- Сен мектепте не істейсің?

- Мен мектепте....

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 2.6.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар4 еді?



1:

2:




Тақырыбы: Мен қаламмен жазамын

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар

саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Оқу құралдарын дұрыс атай алады. Оқу құралдарын қалай пайдаланатынын айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Немен? сұрағына дұрыс жауап бере алады. Оқу құралдарын көмектес септігі жалғауымен орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Оқу құралдарын қалай пайдаланатыны туралы қосымша ақпарат бере алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға оқу құралдарын қалай пайдаланатындарымен таныстырады. Берілген тапсырма бойынша оқушылар қаламмен жазамын, сызғышпен сызамын, өшіргішпен өшіремін, қайшымен қиямын тіркестерін айтуға жаттығады, мағынасын түсінеді. Ол үшін мұғалім суреттерді көрсетеді, соңымен қатар жаңа сөздерді іс-әрекетпен көрсетуі керек. Мысалы, қайшыны көрсетеді, қайшымен қағазды қияды. Өшіргішті көрсетеді, өшіргішпен өшіреді т.с.с. (МК) Мұғалім «Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға жаз, сыз, өшір, ки, сурет сал сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Оқушыларға мұның етістіктің бұйрық райы екенін атап көрсетудің қажеті жоқ. Оқушылар оны тек құрылым ретінде есте сақтаулары қажет.

(МК, Ж) Мұғалім оқушыларға 2-тапсырмада берілген сұрақты түсіндіреді.

Оқушылар «Сен не істейсің?» деген сұраққа дұрыс жауап бере алуды және сұрақты басқа біреуге дұрыс қоя алуды үйренеді.


Оқулық.

Аудиодиск: 2.7.1.; 2.7.4.

Оқу

құралдары



(қарындаш,

қалам,


өшіргіш,

сызғыш,


қайшы,

желім).





(МК, Ж) 3-тапсырмада оқушылар берілген суреттерге қарап, толықтырып айтуға жаттығады. Сондай-ақ оқу құралдарын қайталайды, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аударып, сұрақ қойып, сұраққа жауап беруге дағдыланады. (Ж) 4-тапсырмада оқушылар алдымен диалогті тыңдайды, сонан соң жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша суреттегі заттардың не екенін, оны қалай пайдаланатынын айтады. Әсіресе мұғалім Сен қаламмен (қарындашпен, қайшымен, өшіргішпен, сызғышпен) не істейсің? сұрағын дұрыс қоя білуге жаттықтырады. Үлгі:

- Бұл не?

- Бұл - қалам.

- Сен қаламмен не істейсің?

- Мен қаламмен жазамын.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушы­лар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 2.7.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1:






2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет