Орта білім беру



бет136/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)

Қиындық туғызатын дағдылар мен қабілеттер

26.10


28.10


29.10


31.10


01.11


12.11.


23.11


29.11


Ойын жазбаша білдіруді
ұйымдастыру

























Қарым-қатынас мәселесін
шешу

























Лексикалық дағдылары

























Грамматикалық дағдылары

























Орфографиялық дағдылары

























Тыныс белгілерін қою дағдылары

























Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыс формалары әр түрлі болуы мүмкін. Жеке жоспарда топтық сабақтарды - жасыл түспен, сараланған тәсіл - күлгін, жеке сабақтар - көк түстермен бөліп көрсету ұсынылады.


Жеке жоспар парағы олқылықтарды қалпына келтіруге, нақты бір білім алушының білімін толықтыруға арналған және оның жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған.
ІІІ кезең. Жіберілген қателіктерді талдау
Қателіктерді талдау жұмыс түріне байланысты. Әр жұмыс түрінен кейін ауызша немесе жазбаша, сапалық және сандық талдау жүргізіледі. Мұқият талдау жеке білім алушылардың кемшіліктері мен жетістіктерін терең зерттеуге, білім алушылардың қателері мен негізгі қиындықтарын бөлуге, олардың пайда болу себептерін зерттеуге және оларды жою жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

  1. кезең. Білімдегі олқылықтарды жоюды жоспарлау

Бұл жұмыс талдауға негізделген және оның нәтижелері білім алушыларға айтылады. Педагог сабақты қашан, кімнен, қандай мақсатпен сұрау керектігін және бұл үшін қандай құрал қолдануды жоспарлайды. Қателер бойынша жұмыс әрбір жазбаша жұмыстан кейін, ал қайта бағалау - «қанағаттанарлықсыз» бағадан кейін жүргізіледі. Қатаң бақылау әр білім алушының барлық тесттер мен сынақтарды орындағанына көз жеткізу үшін жүзеге асырылады.

  1. кезең. Кемшіліктерді жою. Сыныпта талдау жұмысын жүргізу.

Ұсынымдар:

  • алынған нәтижелер туралы сынып пікірін сұрау;

  • жазбаша тексеру (жақсы баға алынғанға дейін) жеке және фронтальды қателер бойынша жұмыс;

  • жеке және фронтальды зерттеу кезінде қайталауға арналған тапсырмалар (жақсы бағаға дейін).

  1. кезең. Алдын алу шаралары

Келесі алдын алу шаралары білім алушылардың қателіктерін азайтуға ықпал етеді:

  • жазбаша тапсырмалардың мәтіндері оңай оқылуы керек;

  • білім, білік, дағдыны арттыруға арналған белсенді ауызша жаттығуларды, типтік қателіктерді жүйелі түрде талдау;

  • жаңа материалды түсіндіру кезінде қатені болжап, материалды дұрыс меңгеруге арналған тапсырмалар жүйесін таңдау;

  • қызығушылық тудыратын, тұрақты зейінді қалыптастыратын тапсырмаларды таңдау;

  • өзін-өзі басқаруға жүйелі түрде дағдыландыру.

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру үшін жеке жұмыс бағытын әзірлеу ұсынылады. Яғни, «жеке жоспар парағында (ЖМП)» даму мен оқудағы өзгерістер процесін көрсету керек. Ол әр білім алушыға жеке тәсілді жүзеге асырып қана қоймай, оның біліміндегі олқылықтарды жою үшін жұмысты есепке алуға, қадағалауға, түзетуге, білім беру мотивациясының деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Мысалы, «Шетел тілі» пәні бойынша жұмысты бақылау үшін білім алушының «Жеке жоспар» парағы қолданылады. «Жазылым» дағдысы бойынша білім алушының жазу қабілетінің қалыптасуын тексеру кезінде білім деңгейінің төмендеуі мүмкін топты - сары түспен, ал жоғары ынтасы бар білім алушылар тобын – жасыл түспен белгілейді. Білім деңгейі төмендеп кеткен білім алушылардың білім деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізіп, олардың проблемалық тұсы анықталады. Мысалы, тексеру жұмыстардың бірі бейресми хат жазу қабілетін тексеруге бағытталады. Бұл тапсырманы орындау кезінде білім алушының лексикалық, грамматикалық және орфографиялық білімін байқауға болады.
«Қарым-қатынас мәселесін шешу» критерийі бойынша «Жазылым» дағдысы кезінде білім деңгейінің төмендеуі мүмкін топтағы білім алушының қателіктерін анықтау:

  • қарым-қатынастағы қателігі (досына);

  • жазылым дағдысындағы қойылған сұраққа толық және нақты жауап бере алмауы (негізгі бөлімде тапсырманың барлық аспектілері ашылмаған);

  • жазылым дағдысындағы жеткіліксіз көлемі.

«Мәтінмен жұмыс» критерийі бойынша:

  • абзацтарға дұрыс мән бермеу;

  • лексикалық тұрғыда логикалық байланыстың болмауы.

«Мәтіннің тілдік безендірілуі» критерийі бойынша:

  • грамматикалық қателер (мәтіннің болмауы, үш шақтағы етістіктердің дұрыс қолданылмауы, сөйлемдердің дұрыс құрылмауы);

  • жеке сөздердің дұрыс жазылмауы;

  • тыныс белгілердің дұрыс қолданылмауы;

  • лексикалық қателер.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірледі. Әдістемелік нұсқаулар «Шетел тілі» пәніне арналған күрделі тақырыптарды /оқу мақсаттарын анықтайды (1-10-сыныптар). Әдістемелік ұсынымдар Академияның http://nao.kz сайтында орналастырылған.
Пандемия мен шектеу шаралары кезінде «Шетел тілі» пәні бойынша барлық тілдік дағдылар қамтылмауы мүмкін. Сондықтан «Шет тілі» пәні мұғалімдеріне білім алушылардың тілдік қажеттіліктерін ескере отырып, лексикалық немесе грамматикалық тақырыпты таңдау құқығы беріледі. Мысалы, 73-кестеде білім алушылардың білімін толықтыру мен олқылықтарды жою үшін сынып бойынша ұсынылатын күрделі тақырыптар берілген.



  1. кесте. 10 сыныптардағы «Шетел тілі» оқу пәнінің күрделі тақырыптарының мысалы:

Ағылшын тілі

Неміс тілі

Француз тілі

10 класс

Stress and fear

Soziale Sicherheit – Staatsfort-schritt

Kazakhstan est mon pays natal

Independent project

IT-Technoligien

La France.La politique et
l’économie

The material world

Wissenschaft und Technik

La santé

11 класс

Blood types

Soziale Sicherheit – Staatsfort-schritt

La cuisine française

Brain Technology

Wie sind Führereigenschaften zu
entfalten

Les belles lettres

Neurones

Wirtschaft und Konkurrenzfähig-keit des Landes

La France dans l’Union européenne

Педагог бақылау құралдарын оңтайлы қолдану арқылы білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырады және әрбір білім алушының белсенді жұмысын қамтамасыз етеді. Педагогтерге:

  • сыни ойлауды дамытуға бағытталған жағдаяттық тапсырмаларды қолдану;

  • функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;

  • оқытудың интерактивті әдістерін қолдану (жоба әдісі, пікірталас, ойын, ізденіс әдістері);

  • жеке кеңес, қосымша сабақтар ұйымдастыру;

  • «жексенбілік мектеп», «демалыс мектебі», «жазғы мектепті» саны 15 баладан асырмай ұйымдастыру ұсынылады.

Білім алушылардың сенбілік, жексенбілік сабақтарын кестеге сәйкес ұйымдастыру ұсынылады. Мұнда білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де мақсатты жұмыс жүргізіледі. Кеңес беру арқылы білім алушылардың әр түрлі (топтық, жеке) жұмыс түрлерін біріктіреді.
Қосымша сабақтарға дайындықты педагогтер де, білім алушылар да бірлесе жүзеге асырады. Педагог оқылатын материалдың мазмұнын логикалық- дидактикалық талдаумен бірге қиындықтарды, кемшіліктерді, білім алушылардың ауызша жауаптарындағы қателіктерін және оқылатын тілдегі жазбаша жұмыстарды жүйелейді. Осы негізде ол қосымша сабақ кезінде қайта оқытылуы мүмкін тақырыптардың тізімін нақтылайды. Білім алушылар өз кезегінде қосымша сабақтарға дайындалуды үйренеді, оның шарттары алдын- ала өзара келісіледі.
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаратылыстану- математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта келесі пәндер оқытылады: «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия»,


«Информатика».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет