Орта білім беру



бет18/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)

«Психологиялық қызметті және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру» жобасын іске асыру педагогтерге «Тәуекел тобындағы» балаларды анықтауға және оларға уақытылы көмек көрсетуге көмектеседі.
Сондай-ақ 2020 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Әдепті адам әдемі адам» тақырыбындағы әдістемелік ұсынымды пайдалану маңызды: балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік құбылыстардың, нашақорлықтың, темекі шегудің және маскүнемдіктің алдын алуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды қолдану маңызды. https://www.nao.kz.).
«Bilim Foundation» қоғамдық қоры әзірлеген бейнематериалдар педагогтар мен ата-аналарға әдістемелік көмек ретінде тегін ұсынылады (сайттарға сілтеме: https://zhastar.org/application/parentspage, https://zhastar.org/application/ studentspage#1).

  1. Рухани-адамгершілік тәрбие – адамгершілік келбеті, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ождан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, ұлтаралық келісім, толеранттылық сияқты құндылықтарды қалыптастырады.

Волонтерлік білім алушылардың адами әлеуетін ашуға, адамгершілікті тәрбиелеуге және әлеуметтік тәжірибені дамытуға ықпал етеді. Волонтерлік – бұл адалдық, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, достық, мейірімділік, төзімділік және жасампаздық институты. Волонтерліктің кең таралған түрлерінің бірі халықаралық практикадағы оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде танылған «Ақылды волонтерлік» (Service-learning) жүйесі.
Орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын «Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасын – «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Адамға қуаныш сыйла» және т.б. акцияларды жүзеге асыруға кеңінен қатыстыру қажет.
Орта білім беру ұйымдарында еріктілер қозғалысын ұйымдастыру туралы толық ақпарат «Білім беру саласындағы еріктілік пен қайырымдылық және олардың қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» әдістемелік ұсынымдарында берілген. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019 ж. (https://www.nao.kz).
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда қазақтың педагог- ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына; қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына; көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына; қазақ әдебиеттануы мен тіл білімінің негізін салушы, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына; Қазақ КСР Халық әртісі, қазақтың белгілі музыкатанушысы, композитор, дирижёр, ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына; қазақтың белгілі лирик ақыны, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар өткізу маңызды рөл атқарады.
Бұл іс-шараларды «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары»,
«Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Қазақстанның ұлы ойшылдары мен
философтары» атты әдеби кеш, «Сұлулық әлемді құтқарады» атты поэтикалық кеш, «Жақыныңа жанашыр бол» атты әдеби-музыкалық композициялар,
«Махаббат – адам өмірінің негізі», «Мейірімділік – адамның асыл қасиеті» атты рухани-адамгершілік мазмұндағы тестілер мен сұхбаттар түрінде ұйымдастыруға болады.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2021-2022 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы барлық өңірде біртіндеп енгізіледі.
Мектеп кітапханаларының қорын толықтыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты әзірлеген көркем әдебиеттер тізбесі ұсынылады. Бұл тізбе Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді.
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту бойынша ресурстар (интернет-викториналар, сервистік ұсынымдар, кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру ұсынылады.
Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.
Қоғамда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында:

  • «Отан оттан да ыстық», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»,

«Білім – теңіз, мектеп – кеме», «Татулық – табылмас бақыт», «Еңбек – ердің көркі» және т.б. назар аудартатын қазақ мақал-мәтелдері жазылған баннерлерді мектеп ғимаратына орналастыру – дәстүрлі құндылықтарды санада нығайтуға, визуалды әсер етуге көмектеседі.

  • Мүмкіндігіне қарай мектептің таңдауы бойынша оқушылардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыру және психологиялық шиеленісті азайту мақсатында фондық музыкалық әуендерді (классикалық, ұлттық музыка, аспаптық шығармалар және т.б.) пайдалануға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет