Орта білім беру



бет20/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
«Мектептегі бір күн» жобасын іске асыру ата-аналардың қажеттіліктерін, сұраныстарын, отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиесі ескеріледі, ата-аналарды мектептің, сыныптың, өз баласының істеріне жұмылдыруға, білім беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі.
Педагогикалық және ата-аналық консилиумдар шеңберінде ата- аналармен, балалармен жеке әңгімелесулер өткізіледі, жеке балаға арналған бағдарламалар жасалады, баланың үй жағдайымен танысу үшін отбасына бару, отбасылық проблемалар мен балалар тәрбиесі бойынша кеңестер өткізу қамтылады.
Отбасылық тәрбие әдістемесі инновациялық тәсілдерді, технологиялар мен әдіс-тәсілдер жиынтығын, оның ішінде ата-аналардың баласымен бірге туған өлкенің киелі орындарын (тарихи ескерткіштерді, кесенелерді, мұражайларды, табиғи нысандарды) зерттеуді қамтиды. Киелі орындарға бару отбасының ауызбіршілігі мен сыйластығын арттыруға ықпал етеді.
Отбасылық тәрбиеде ата-тегінің шежіресін құрастыру оқушыларға үлкен тағылым. Баланың өз тегін, жеті атасын білуі, өзінің отбасылық шежіресін құрастыруы – отбасылық жақсы дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудың, әулеттегі татулықты нығайтудың, баланың текті болып өсуінің кепілі. Сонымен қатар баланы отбасылық жәдігерлер мен тарихына, фотосуреттерге, үй мұрағаттарына, ата-әжелеріне, марапаттарына құрметпен қарауға тәрбиелеу маңызды.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар – орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасылық тәрбиені іске асыруға арналған нұсқаулық ( https://www.nao.kz).

  1. Білім алушылар бойында еңбек тәрбиесін, экономикалық және экологиялық тәрбиені қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылар бойына шығармашылық еңбек, еңбек мәдениеті, экономикалық сана, кәсіп, мансап, функционалдық сауаттылық, туған табиғатқа деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды сіңіруге ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет