Сол
мекеме
Келес
суының
жер
астындағы
газ құбырын ашып тастауынан қорқып, өзеннің
арнасын басқа жаққа ауыстырып жіберді.) Кейін сол
жарқабақ маңынан тұрғын үй салуға беріліп,
құрылыс
жұмыстарын жүргізе бастағанда жер астынан бүтінді-
сынықты әр түрлі қыш ыдыстар табыла бастады. Сол
табылған ыдыстардың, құрылыс қыштарының орны
мен сөз етіп отырған жарқабақ ара қашықтығы
бағамдасқа, жоғарыда айтылған. Отырар қаласының
көлемінен үлкен болмаса, кіші болмасы анық.
Бұл жердің бір кездері адамдар тұрағы болды деген
тұжырымымыздың және бір айғағы ретінде сол маңдағы
бізге мәлім болмаған белгісіз зираттың анықталуын
айтуға болады.
Қызылжар ауылынан Дербісек бағытындағыс тас жол
ауылдың шыға берісінде неге
екені белгісіз кілт оңға
(шығысқа) бұрылып кетеді де бір кездері қамал болған
деген сол жақтағы зиратқа айналып барады. Жол оқыс
оңға бұрылып қана қоймай, оның үстіне өрге қарай
жүреді. Қыс ауасында жол тайғақ кезде жаңағы бұрылыс
көлік қатынасына көп қолайсыздық тудырады. Соны
ескерген
болса
керек,
өткен
ғасырдың
70-
80 жылдарында әлгі жолды зиратқа қарай төтелеп
салмақшы болады. Жер тегістеуге кіріскенде сол маңнан
адам қаңқасының сүйектері көптеп шығады. Сол себепті
жол салу жұмыстары тоқтатылады. Қазір сол салмақ
болған жолдың нобайы әлі тұр.
Бұл жайтты айтудағы ойымыз мынау: егер біз сөз етіп
отырған
аймақта адамдар мекендесе, сол маңнан
қашық емес жерде сөзсіз түрде зират болуы тиіс.
Қыңырақ қаласының қайтыс болған тұрғындарын
жерлейтін зират мүмкін осы шығар. Адамдардың қаңқа
сүйегінің табылуы осы жердің сөзсіз түрде зират
болғанына сенімді дәлел бола алмаса да, ол ойды
жоққа шығара алмайды.
Бұл ойымызға және қосарымыз бар. Біз сөз етіп
отырған жарқабақтан Келес жағасы бойлап өзен
ағысымен жүре берсеңіз келесі жарқабақтың үстінде
тұрған өте жақсы сақталған орта ғасырлық кесенеге
жолығасыз. Біз сөз етіп
отырған жарқабақтан онша
алыс емес, арасы 1,5-2 км шамасында. Ел арасында
кімнің атасының басына тұрғызылған кесене екені
талай айтылып жүр. Бірақ ол сөзді толық мақұлдаған
болмаса оны теріске шығарып жүргенде ешкім
жоқ. Кесене шығыстың классикалық үлгісімен
күмбезделіп салынған. Күмбездің ұшар басында бір
кездері күмістен жасалған жарты ай бейнесі болған
деседі. Қазір жоқ. Сол кесене мына Қызылжар
ауылының екінші зираты. Мүмкін сол кесененің де
Қыңырақ қаласына қатысы бар шығар. Бұл
тұжырымдарды зерттеп,
анықтау археологтардың
еншісінде.