Біріншісі: Жаскешу
елді-мекенін Шығыс жағынан
айналып өтетін Келес өзенінің көктемдегі тасуымен
опырылып құлағанда күйген
балшықтан жасалған әр
түрлі ыдыс сынықтарының көптеп қайраңға шығып
қалуы. Бұндай жайт
бір жыл емес сол жарқабақ
құлауын тоқтатқанша жалғасып отырды. Келес өзені
басқа арнаға ауып жарқабақ
қазір құлауын тоқтатып
тұр.
Екіншісі: соңғы он-он бес жылдың ішінде сол маңнан
күйген балшықтан жасалған әр түрлі бүтін ыдыстардың
табылуы.
Олар мыналар:
1.Шамамен 15-20 литр
сұйықтық сиятын қыш құмыра
(мойын жағы сынған)
2.Сырты өрнектелген құмыра іспеттес мыс ыдыс. Өткен
ғасырдың 90 жылдарының ортасында әр мектепте
мұражай ұйымдастыру ісі
қолға қатты алынғанда осы
бұйымдар мектеп мұражайында әкелінген оны іздеп
тапқан, ұйымдастырған ұстаздар әлі арамызда жүр.
Өкініштісі сол, бұл
бұйымдар белгісіз себеппен
жоғалған. Қазір қолда жоқ.
Үшіншісі: сол жерден табылған қазіргі таңда қолда бар
бұйымдар:
1. Кішкене құлақты қыш құмыра. Өлшемдері: биіктігі 23
см, аузының диаметрі 10 см, түбі де 10 см, орта түсінің
диаметрі 15 см. Бұл құмыраның бір құлағы сынған.
Құлақтың көлеміне қарағанда қолмен алып жүруге
бейімделген сияқты. Екі құлағынан іліп қоюға
ыңғайластырылған ыдыс болса керек.
2. Күйдірілген қыш құмыра. Өлшемдері: биіктігі 38 см,
аузының диаметрі 8 см, түбінең диаметрі 13 см, орта
тұсының ең үлкен жерінің диаметрі 25 см. Бір құлақты.
Өте жақсы сақталған.
Сұйықтық құюға арналған ыдыс
сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: