Орта және кіші медициналық қызметкер жұмысын бақылауға жатады



бет3/3
Дата07.03.2022
өлшемі92,56 Kb.
#134447
1   2   3
Байланысты:
Аттестация 21.06.2021
бож 2, 5 КТЖ 22-23 күнімен, Осөж 5. Салыстырмалы грамматика, хромос
Пробный тест 100 сұрақ


Қорытынды дезинфекцияны ошақты дезинфекция бөлімінің мамандары өткізеді. Ошақта дезинфекцияның міндеттілігі немен анықтайды?
Инфекция көзінің болуы


Мына жағдайлардың қайсысында науқастар В, С гепатитін, ВИЧ инфекциясын жұқтыруы мүмкін:
қан және оның компоненттерін құюда


Аурухананың пульмонология бөлімінде, 48 жастағы науқас, созылмалы обструктивті бронхитпен емделіп жатыр. Қараған кезде мұрын-ерін үшбұрышың, аяқ-қол саусақтарының көгеруі, кеуде клеткасының қабырғааралығы кеңейген және горизонталды орналасқан, эпигастралдық бұрыш 120 ºС. Тері түсінің типін және науқастың дене бітім типін анықтаңыз:
акроцианоз, астеникалық тип


Мұрыннан қан кеткен науқасқа көмек көрсету кезінде мейірбикенің қолына науқастың қаны тамды. Мейірбикенің осы кездегі дұрыс тактикасы:
ағынды сумен жуу


Камералық дезинфекцияның ең сақтайтын әдісімен булы формалиндік әдісі болып есептеледі. Осы әдістің жетіспеушілігі дезинфекция сеансынан кейін жағымсыз иістің болуы. Булы формалиндік камерада формалин иісін бейтараптандыру үшін қандай затты пайдаланады?
Метил спирті


Гепатобилиарлы жүйенің аурулары кезіндегі тері қышуы негізделген:
гипербилирубинемиямен


Медбике қандай жағдайда сальбутамолдың қалталы ингаляторын пайдалануға кеңес береді:
тұншығу


Медбикенің пациенттердің пассивті тамақтануындағы әрекеттері мыналарды қамтиды:
кішкене бөліктерді қасықпен немесе ішетін ыдыспен тамақтандыру


Науқастың қолдарына ампутация жасалған. Көктамырға дәріні енгізу орынын анықтаңыз:
бұғанаасты көктамырлары


72 жастағы ер адам аздаған күштемеде пайда болатын айқын ентігуге жалпы әлсіздікке шағымданады. Тексеру кезінде аяқтарында ісіктер, тахикардия, гипотония анықталады. Науқасты ультрадыбыстық зерттеуге дайындау барысындағы мейірбикенің іс-қимылдары:
зерттеу барысын түсіндіру


Науқас қақырықтың бөлінуінің қиындауымен ұстамалы жөтелге, тыныс шығарудың қиындауымен ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Бұл науқасқа спирография жүргізуге дайындық:
бронхолитиктерді қабылдауды зерттеуден 12 сағат бұрын тоқтату


Қысқа уақытты ыстық ваннаның ағзаға әсері ... байланысты:
ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуына


Өкпе қатерлі ісігімен науқастың басты мәселесі:
өкпеден қан кету


Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді столды дайындауы қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет:
хирургиялық


Ұзақ уақыт диклофенакты жамбас бұлшықетіне қабылдаған науқаста тығыз, ауыратын түйін пайда болуына шағымданды. Асқынудың түрін және пайда болу себептерін анықтаңыз :
асептика және антисептика ережелері бұзылуы салдарынан болған иньекциядан кейінгі инфильтрат


70 жастағы науқас стенокардия ұстамасы кезінде 1 таблетка нитроглицеринді тіл астына қолданды. Ұстама тоқтамады, сол себептен аралығы 2 минуттан, 3 таблетка нитроглицеринді тағы қолданды. Науқаста қандай жанама әсер дамуы мүмкін:
АҚҚ төмендеуі
Науқасқа стационарда тамыр ішіне тамшымен дәрі енгізу қажет. Осы емшараны орындау кімнің міндеті?:
емшаралық мейірбикенің


Көктамыр iшiлiк инъекция кезiнде шприцке ауа кірсе қандай асқыну болады:
ауа эмболиясы
Қырмызгүл (календула) тұнбасы сұйықтығын соғылу орнына қолдану ... жатады:
дәрілік заттарды сырттай қолдануға


60 жастағы науқаста журек аймағында қысып ауыратын, сол қолға берілетін ауырсыну пайда болды. Қандай препаратты тіластына пайдалану тиімді:
нитроглицерин


Науқас мамандандырылған медициналық көмекті және тәулік бойы бақылауды қажет етеді бұл емдеу профилактикалық мекемелердің қайсына жатады?
стационарда


Ауыз қуысының шырышты қабығына дәрілердің әсер етуін қалай атайды:
себу


Науқас Д. клиниканың қабылдау бөліміне, оң жақ қабырға аймағындағы, майлы тамақтан кейін күшейетін ауырсынуға, лоқсуға, таңертен ауызында ащы дәмнің болуына, 1 рет өт сұйықтығымен құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Науқастың ең басты мәселесі қайсы?:
оң жақ қабырғасындағы ауырсыну


Естен тану кезіндегі мейірбикенің тәуелсіз араласуы:
мүсәтір спиртінің буымен демалдыру


Науқастың бұт арасын жуу үшін қолданады:
сұйық сабынмен жылы су


Қышқылмен күйік болғанда бірінші көмекті көрсету:
Сумен жуу, әлсіз сода ерітіндісімен


Науқас Д. клиниканың қабылдау бөліміне, оң жақ қабырға аймағындағы, майлы тамақтан кейін күшейетін ауырсынуға, лоқсуға, таңертен ауызында ащы дәмның болуына, 1 рет өт сұйықтығымен құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Науқастың ең басты мәселесі қайсы?:
өт қапшығының тесілуі


Гипертониялық клизма тағайындау көрсеткіші:
атониялық іш қату


Науқас Е. 30 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, ентігуге, жүректің жиі соғуына, тәбетінің болмауына шағымданады. Етеккірі 12 жастан бастап 1 апта бойы көп мөлшерде. Қанның жалпы анализінде гемоглобин деңгейінің, қан сары суындағы темірдің төмендеуі анықталған. Мейірбикенің араласуын жоспарлаудағы шаралардың маңыздысы қайсы:
науқасты құрамында темір мөлшерінің жоғарғы деңгейі бар диеталық тағаммен қамтамасыз ету


Мамандандырылған паллиативті көмек қызметіне мыналар жатады:
стационарлық хоспистер


Босанғаннан кейінгі әйел 7 тәулік бойы үлкен дәретінің болмауына шағымданады, мейірбикенің қажетті іс-әрекеті:
тазарту клизмасын жасау, диетаны сақтауға ұсыныс


Паллиативті емделушінің әлеуметтік негізгі қажеттіліктері:
әлеуметтік-тұрмыстық және заңдылық(юридические) қызмет көрсету


Паллиативті науқаста диспное деңгейінің бағасына не әсер етеді?
кеуде қуысының ауырсынуы


Науқас М., кенеттен естен танып қалды. Қарашықтары кеңейген. Тері жабындысы бозғылт- сұр түсті. Ұйқы артериясында пульсі және тыныс алуы жоқ. ЭКГ-да тұрақты емес, тез деформацияға ұшыраған, биіктіктері, ені және толқын формалары әр түрлі, жиілігі минутына 600 шамасындай жоғары амплитудалы фибрилляция. Берілген жағдайдың себебін көрсетіңіз:
қарыншалар фибрилляциясы


Жылы компресс қолданылады
Инфильтратта


Паллиативті науқастарда минималды нәжістің жиілігі болу керек:
әр 48 сағатта


Жасырын қанға ұлы дәрет талдауы тағайындалған науқасты дайындау үшін:
зерттеуден 1 күн бұрын ет пен алма жеуден бас тарту қажет


Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқасқа, бүйректің зәр шығару және концентрациялық қызметін зерттеу тағайындалды. Аталған зерттеуді және оны өткізу тәртібін анықтаңыз.
Зимницкий тәсілі бойынша несеп талдауы, 250-500 мл 8 таза шыны ыдыс дайындау


Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериалды қан кетудің белгісі
жылдам және атқылаған қан кету


Мейіргердің қызметін жүргізу және жүйелі ғылыми көзқарас дегеніміз
Мейіргерлік үрдіс


35 жастағы науқаста іш қату мен анустың жарылуы болғанда тамақтанудағы қажет ерекшелік:
өсімдік талшықтарына бай тағамдарды қосыңыз


Жағдайы ауыр науқастарда жауыр жараның алдын алу үшін терілері өңдеуге ұсыныс:
камфорлы спиртпен


Науқасқа көктамырға дәрі енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеу, құсу, жүрек айну,бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасы:
енгізуді тоқтату және дәрігерді шақыру


Науқас ауыр бассүйек-ми жарақатымен стационарда ем алуда. Тексеру барысында жадының төмендеуі (сопор), рефлекстердің төмендеуі, бұлшықет гипотониясы, тыныс алу мен қанайналу бұзылыстары анықталды. Науқасты тамақтандыру бойынша ұсыныстар:
жасанды энтеральді тамақтандыру


Науқаста түн ортасында тұншығу, экспираторлы ентігу, жөтел пайда болды. Науқас ортопноэ қалпында, дистанциялық сырылдар естіледі. Науқас қорыққан. Науқастың басты мәселелері болып табылады:
тұншығу, ентігу


Науқас Б., 48 жаста аурухананың гастроэнтерология бөліміне: тамақтан 30-60 минут кейін пайда болатын эпигастрия аймағындағы қатты ауырсынуға, кекіруге, іштің қатуына және кебуіне шағымданып түскен. Науқастың басты мәселесі қайсы болуы мүмкін:
эпигастрия аймағындағы ауырсыну


59жастағы науқас П стационарлы емді 2типті қант диабеті,аяқтардың ангиопатиясы диагнозымен қабылдауда.Қарағанда терісі бозарған,құрғақ сипағанда табандары мұздай қасыған іздері анықталады Диабеттік табанда жүргізілетін мейіргерілік іс әрекетке қарсы көрсеткіштерді табыңыз
жылыту үшін жылытқышты қолдану


Науқас 25 жаста антибиотик қабылдағаннан кейін дамитын ауа жетіспеу сезіміне, тыныс шығарудың қиындауына және ентігуге шағымданады. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, акроцианоз, ТЖ 28 рет минутына, пульс 100 рет минутына, АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тыныс алудағы мәселені көрсетеді:
тахипноэ, тахикардия


Созылмалы бронхитпен науқастың, мейірбике сыртқы тыныс алуын зерттеу кезінде, іш беткейінің алға жылжуын байқады, тыныс алу жиілігі минутына 28 рет.Бұлар мына жағдайды анықтайды:
ішпен тыныс алуды, тахипноэны


Науқас С. 35 жаста пульмонология бөлімінде, дене қызуының күрт жоғарылауына, әлсіздікке, кеуде клеткасының оң жақ бөлігіндегі, терең тыныс алған кезде күшейетін ауырсынуға, жөтелге, ентігуге, тоттық тәрізді қақырықтың бөлінуіне, басының ауруына шағымданып түскен. Науқастың маңызды мәселесін анықтаңыз:
кеуде клеткасындағы ауырсыну, жөтел


Жүрек-қантамыр жүйесі ауруы бар науқас велоэргометриядан кейін бас ауруына шағымданады. Жүрек-қантамыр жүйесін тексергеннен соң медбике анықтады: ЖСЖ минутына 98, АҚҚ 150/100 мм. сын. бағ. Табылған көрсеткіштерді талдаңыз.
тахикардия артериалдық гипертензия


Пульмонология бөлімінде 48 жастағы өкпенің созылмалы обструктивтік ауруымен ауыратын науқас стационарлық емделуде. Тексеру кезінде назолабиальды үшбұрыштың цианотикалық бояуы, саусақтар мен саусақтардың терминальды фалангалары, кең кеуде, интеркостальды кеңістіктер кеңейтілген, көлденең орналасқан, эпигастрий бұрышы шамамен 120с құрайды. науқастың терісі мен дене бітімінің түрін анықтаңыз:
акроцианоз, гиперстениялық тип


Бүйрек ауруының өршу кезеңіндегі науқастың күтімін жасау барысында мейірбике ... қадағалау қажет:
ақуыз бен тұзды шектеумен №7 емдәмді ұстануды


question>Соғып алу кезінде алғашқы көмек ретінде қолданылады
Салқын басу


Бронх демікпесі ұстамасы кезіндегі науқастың мәжбүрлі қалпы
кеудесін алдыға қарай еңкейтіп отыр


Бұлшық етке иньекция жасарда иньекция орны дұрыс таңдап алынбаса, дәрілік заттың тіпіркендіруі әсері болса нервті қоректендіретін тамыр бітеліп қалса қандай асқыну пайда болуы мүмкін таңдаңыз:
Жүйке бағанасының зақымдануы


Мейіргерлік тексерудің субьективті әдістеріне жатады
пациенттен сұрастыру


Тромбофлебиттің пайда болу себептерін көрсетіңіз.
Бір венаны жиі пункциялау


Ісігі бар науқастарға шектеу қажет:
ас тұзды


Ұжымда бір бөлімшенің қызметкерлері арасында даулы жағдай туындады. Жанжалдың ерекшеліктерін анықтаңыз:
ымыраға келу мүмкін еместігі


Ұйымда даулы жағдай пайда болды, онда медициналық ұйымның бір қызметкеріне екі басшының қарама қайшы талаптары қойылды. Бұл жағдай қақтығыстың қай түріне жатады?
тұлғааралық


Новокаинмен жасалған инфильтрациялық анестезияның әсерінің ұзақтығы
40 - 60 мин


Өкпе абцессі кезінде науқасқа дренажды қалып неге беріледі?
Қақырық бөлінуін жеңілдету үшін


Төс артында қысып ауырсыну кезінде тәуелсіз мейірбикелік көмек:
тіл астына нитроглицерин


Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді
Зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау


Медициналық ұйымдағы мейіргер қызметінің басшысы жұмыс нәтижелердің тиімділігін бағалауды және талдауды мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ететін шешімедерді түзетуді жүргізеді.Мейірбике ісінің басшысы қандай басқару функциясын қолданады?
бақылау


Пациентпен сенімді қарым- қатынас құруға кедергі болатын қылық
бұйрықты сөйлеу


Мейіргерге науқаспен сұхбат өткізу қажет. Науқаспен сөйлескенде мейіргер келесі қашықтықты ұстануы қажет.
әлеуметтік


Осы мүшенің сынығы бар науқасты бақа қалпында тасымалдайды
жамбас сақинасының


Басқарушылық шешімдерді қабылдау және іске асыру үрдісінде көшбасшы мен ұжым арасындағы басқарушылық қызметтің жеке әдісі аталады:
Басқару стилі


Мейіргердің тәуелді іс - шаралары:
манипуляцияларды дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізу


Мейіргерлік үрдістің маңызды міндеттерінің бірі:
ауруды диагностикасы


Науқаста он екі елі ішектің ойық жарасынан қан кетті науқаста кенет әлсіздік бас айналу минутына 120 жүрек соққысы АҚ төмендеуі дамиды. Шұғыл көмек көлемін көрсетіңіз
дицинон,аминокапрон қышқылы физиолгиялық ерітінді


Медициналық ұйымдардың бірінің мейірбике ісі жөніндегі басшылығы кадрлардың жетіспеушілігі проблемасына тап болды. Мәселені шешу үшін нұсқау алғашқы қадам жасауы керек?
мәселені диагностикалау


Ұйымды дамытуда мақсаттарды және оларға қол жеткізу жолдарын анықтау үшін қажет менеджмент функциялардың бірі
жоспарлау


Стационардың қабылдау бөлімінің мейіргері толтырады
Медициналық картаның бастапқы бетін


Әдебиеттер мәліметтеріне сәйкес ми қыртысы клиникалық өлім басталғаннан кейін 5-6минуттан соң өледі.Реанимациялық іс шараларды осы уақыттан ұзақ жасауғс боладыма?
Иә себебі реанимация ми жасушасының тіршілік мерзімін ұзартады


Құжаттың қағаз көшірмесін келесі жағдайларда сақтау керек (электрондық көшірмесі жеткіліксіз)
Шағымдар мен өтініштерге жауаптарды


Науқас әрбір жөтелген сайын алқызыл көбікті қанның бөлінуі бойынша мейіргерді палатаға шақырды Қандай шұғыл жағдай дамыды
өкпеден қан кету


Пациенттің картасының формасы
025-5/y


Кездейсоқ салыстырмалы белгілер арасындағы байланысты анықтау үшін Пирсонның корреляция коэфициенті қолданылады:
қалыпты тарамдалған белгілер үшін


Кездейсоқ шамалар арасындағы байланыс дәрежесін көрсететін түсінік:
корреляция


Қолданыста болган инемен мейіргер жарақаттанса, ол жасау керек іс әрекеті:
Қолғапты шешу қолды сабынмен жуу қолдарды тері антисептикпен өңдеу


Науқаста физикалық жүктемеден кейін тұншығу ұстамасы, қызғылт көпіршікті қақырық бөліндісі бар жөтел туындады. Тексеру барысында барлық аймақтарында әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар, жыбыр аритмиясы, бауырдың ұлғайуы, аяқтардың ісінуі байқалады. Көрсетілген белгілер қандай синдромға тән?
жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілік


Науқас Б., 45 жаста, түнгі 1-де төс астындағы ауырсынудан оянып кетті, ауырсыну құсумен, ентігумен, салқын термен қосарланған. АҚ 70/40 мм.рт.Іші жұмсақ, ауырсынбайды. ЭКГ- де ST сегментінің көтерілуі байқалады. Перитонеальды симптомдар жоқ Әйелінің айтуы бойынша, ұйықтар алдында жұмысында болған мәселені естіп, уайымдаған. Науқаста қандай жағдайды болжауға болады?
миокард инфаркты


Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің 2-ші кезеңі қайда жүзеге асырылады?
аудандық мамандандырылған бөлімдер


Науқас желке аймағында бас ауруы, бас айналу, құлақтың шуылы, жүрек айну шағымдарымен келді. Төменде көрсетілген әрекеттердің қайсысын жасау керек?
қан қысымын өлшеу


Түзелген асқынуларды, зақымдалған ағзалар мен тіндерді бақылауға бағытталған профилактикасының түрі.
үшіншілік профилактика


Маркетингтің мақсаты
пайдаға қол жеткізу


Жоспарлар мен процестерді әзірлеу кезінде күтпеген жағдайлар туындаған
жағдайда жоспарлаудың келесі жетекші болып табылады
икемділік


Балада созылмалы және морфофункционалдық ауытқулар анықталмаған.Физикалық және псизикалық дамуы жасына сай үйлесімде.Зерттеудің алдыңғы жылында ЖРВИ және желшешекпен ауырған.Бала қандай денсаулық тобына жатады?
1топ


Денсаулықтың жоғарғы деңгейін сақтап тұру және дамытуда бірінші кезекті фактор
Өмір салты
Мейірбикені түнде палатаға, әрбір жөтелген сайын алқызыл көбікті қанның бөлінуі бойынша науқасқа шақырды. Мейірбикенің дәрігерге дейінгі маңызды көмегі?:
мұзбен қапшық қою


Жүрек ырғағының бұзылысы бар науқасқа миокардтың электрлік белсенділігін тіркеп талдауға негізделген электрокардиографиялық зертеу әдісін өту тағайндалды. Аталған зерттеу әдісін және оған тағайындау тәртібін анықтаңыз:
ЭКГ, арнайы дайындықты қажет етпейді


Көп профильді аурулардың ішіндегі инфекция бөлімінің орналасуы:
Бөлек корпуста


Науқас Б 48 жаста аурухананың гастроэнтерология бөліміне тамақтан 30-60минут кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы қатты ауырсынуға кекіруге іштің қатуына және кебуіне шағымданып түскен.Науқастың басты мәселесі қайсы болуы мүмкін?
эпигастрий аймағындағы ауырсыну
Науқас бастың желке ауруына басының айналуына құлағынының шулайтына жүрегінің айнитына шағымданады. Сіздің ең бірінші әрекетіңіз
қан қысымын өлшеу


Денсаулық сақтауда маркетингтің пайда болуының алғы шарттары
Медициналық көмектің сапасына қойылатын талаптарды арттыру
28 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы, оң қолға берілетін ұстама тәрізді ауырсынуға, өт аралас құсуға шағымданады. Дуоденалды зондтаудың алғашқы үш бөлігінде - шырышпен лейкоциттер, төртінші бөлігінде лямблиялар анықталды. Науқасқа барынша тиімді тағайындау.
№5а емдәм
Хирургиялық бөлімшеде антибиотикпен емделген 45 жастағы Л. науқаста аллергиялық стоматит диагноздалған. Тісін тазалағанда, тамақ ішкенде ауызының ашитындығына шағымданады. Қарау барысында ауыз қуысындағы шырышты қабаттың қызарғаны, тілінің астында бірнеше жараның бар екендігі табылды.Тілі ақ жабындымен көмкерілген. Ауыз қуысына күтім жасауда қолданылатын барынша тиімді
2% гидрокарбонат натрий ерітіндісі


Науқасқа көктамырішілік енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеуі, жүрек айнуы, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз:
енгізуді тоқтату және дәрігерді шақыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет