Мектеп директоры: А. Б. Жақсыбаева
Класс жетекшісі: Ж. Р. Данешева
Ақтөбе қаласы
№ 8 орта мектебінің
9 «А» класс оқушысы
Ерболатқызы Ажарға
Мінездеме
Ерболатқызы Ажар 12.02.2002 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. № 8 орта мектепке 27.08.2014ж. Ырғыз ауданынан ауысып келді.
Ажар толық отбасында тәрбиеленуде, отбасында екі баланың үлкені. Мінезі биязы, салмақты, тәртіпті оқушы.
Сабақ үлгерімі жақсы, сабақтан себепсіз қалмайды, сурет салғанды, қолөнер бұйымдарымен айналысқанды ұнатады, мектептен тыс қалалық оқушылар сарайында «Дизайн» үйірмесіне қатысты.
Ажардың кластастарымен қарым-қатынасы жақсы, досқа адал, шыншыл, тапсырылған істі ыждағаттылықпен, мүлтіксіз орындауға тырысады, әрқашан сенім білдіруге болатын, жан-жақты дамуға талпынысы жоғары оқушы. Болашақта дизайнер болғысы келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |