3 Жалпы орта мектепте көптілділікті дамыту әдістемесі
3.1 Тілдік пәндерді функционалдық-коммуникативтік технологиямен оқыту
Бұл технологияның мәні көптілдікті дамыту үшін «пәндік» (әңгіме болып отырған жайдан хабардар болу), тілдік, коммуникативтік және мәденитанымдық құзыреттіліктерді кешенді қалыптастыру мақсатында өзара байланысқан экстралингвистикалық және лингвистикалық материалдарды қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша оқу үдерісін бірыңғай тақырып негізінде (сабақтардың тақырыптық циклі) ұйымдастыру арқылы жүзеге асыру болып табылады.
Қолданыстағы тілдік материалды іріктеу тетіктері: лексикалық минимум бірыңғай тақырыптық аймақтағы күтілетін тілдік бірліктерді есепке ала отырып іріктеледі; грамматикалық минимум қарапайым ойды білдірудің семантикалық түрі жиілігі негізінде іріктеледі; диалогтің типтік тілдік бірліктері тақырыптық аймақтағы типтік жағдаяттарды есепке ала іріктеледі; монологтің типтік тілдік бірліктері күтілетін функционалдық-мағыналық типті есепке ала отырып, монологтік ойдың құрастырылған тақырыбына сәйкес іріктеледі.
Тілге оқытудың функционалдық-коммуникативтік технологиясы жасалды. Ол: 1) тілдік пәндер /курстар бойынша оқушылардың тілдік ойлауын қамтамасыз ету мақсатында бір тақырып аймағын бірдей меңгеруді көздейтін өзара байланысты күнтізбелік-тақырыптық жоспарға; 2) қалыптастырылатын құзыреттерге сәйкес және белгілі бір сабақ типтерін сипаттайтын сабақ типологиясына; 3) көптілдікті қалыптастырудың бірізділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ететін өзара байланысты сабақтар типологиясы негізіндегі сабақ жоспарлары тетігіне; 4) жаңарған оқыту бірліктері (функционалдық тілдік құралдармен толыққан) жүйесімен әр сабақ типі үшін жаттығулар жүйесіне; 5) көптілдіктің қалыптасу деңгейін бағалау жүйесіне негізделген.
Осы жасалған тілдік пәндерді көптілдікке оқыту технологиясы негізінде тілдік материалға қажетті минимумды алдын ала меңгеру арқылы белгілі бір тақырыпта қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар сөйлесе алуға мүмкіндік туады. Ол үшін бірыңғай экстралингвистикалық минимум, бірыңғай лексикалық минимум, бірыңғай грамматикалық минимум, диалогтің құрылымдық мазмұндық типінің бірыңғай минимумы, монолог тақырыбының бірыңғай минимумы қажет.
«Қазақ тілі» пәнінің бағдаламасына елтану материалдарын енгізу өмірлік жағдаяттар мен тақырыптарда іріктелген тілдік материалдардың ерекшеліктерін көрсететін оқу материалын жағдаяттық тақырыптық ұйымдастырудың заманауи ұстанымына сай келеді. Қазақстанның тарихына байланысты танымдық тақырыптардың болуының маңызы зор. Қазақ мәдениеті тарихындағы сондай маңызды тақырыптардың бірі ретінде түркі жазба тарихын айтуға болады. Сабақтарды тақырыптық жағдаяттық циклдармен ұйымдастыру материалды жүйелі түрде тақырыптық та, тілдік те көрсетуге және оқушылардың тілдесім, сөйлесім, қатысым, этномәдени құзыреттіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Әдістемелік тұрғыдан дұрыс өзара байланыстырыла жүзеге асырылған лингвистикалық және экстралингвистикалық материалдар төмендегідей оқытудың дидактикалық және әдістемелік ұстанымдары талаптарына сәйкес келеді: белсенділік (оқу материалын ұйымдастыруға функционалдық коммуникативтік тұрғыдан келу білім алушының зейін, сана, ес, ерік сияқты психикалық процестеріне күш түсіреді деп шамалауға болады, ал ол өзге тілде сөйлесім әрекетін жасауға қажетті болып табылады); білім алушыны тәрбиелеу (ол ең әуелі оқу материалының мазмұнынан байқалады); қолжетімділік; көрнекілік; даралылық; тиімділік; қарқындылық; қатысымдық; функционалдық; кешенділік және саралылық (ол тілдік әрекеттердің барлық түрлерін және олардың құрылымдық компоненттерін кешенді меңгеруді көздейді, бір жағынан фонетика, лексика, грамматика арасындағы өзара байланысты көрсетсе, екініші жағынан тілдің естілім, айтылым, оқылым, жазылым сияқты әрбір аспектісі мен тілдік әрекеттердің ерекшелігін көрсетеді); концентрлік (оқу материалын тұйықталған циклді – концентрлі орналастыуды көздейді); реттілік және бірізділік; жүйелілік; стильдік саралау.
Жоғарыда айтылған оқыту ұстанымдары ретті және бірізді түрде «Түркі жазба тарихынан» тақырыбындағы сабақтар топтамасында жүзеге асырылған, бұның өзі басқа тақырыптардағы сабақтарды жоспарлауға үлгі бола алады. Бұл тақырып кең көлемде ашыла қоймаған, сондықтан тілдік және коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша алынған нәтижелер оқушылардың таным көкжиегін кеңейту негізінде әділ болады. Бұл топтаманы көрсетудегі біздің басты мақсатымыз сабақтарды жоспарлаудағы негізгі әдістемелік әрекеттердің бірізділігін таныту.
Орта мектепте тілдік пәндердің көптілді оқыту технологиясының мәні: қазақ тілі оқу үрдісінде параллельді ұйымдастыру, орыс тілі және ағылшын тіліне бірыңғай тақырыптық негізде (сабақтардың тақырыптық топтамасы/жұмыстардың), экстралингвистикалық және «пәндік» кешенді негіздеу мақсатындағы лингвистикалық материалдарды («пәнде» сөйлеу хабарламасы), тілдің, сөйлеудің, коммуникативті және көптілді компетенциялық мәдениеттіліктің даму байланыстарын қарастырады.
Алынатын нәтижелер: 1) тілдік пәндердің/курстардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының бір тақырыбы параллель негізінде оқушылардың бірыңғай когнитивті ақпараттық тілдік ойлау қабілетін қалыптастырады; 2) пәндердің/курстардың типі негізделген құзыреттілікке сәйкес келіп, қатаң түрде анықталған сабақ түрінің жалғасы болып табылады; 3) бір-бірімен типтік байланысқан әр сабақ жоспарының механизмі көптілділіктің ауысымдық негізін қамтамасыз етеді; 4) оқытудың жаңартылған бірлік жүйесі (тілдік функциональдық қормен толтырылған); 5) әр сабақтың типіне арналған жаттығулар әзірлемесі; 6) көптілділіктің деңгейлеп бағалау жүйесі құрылған.
Мәселелерді табу: мектепте тілдік оқытудың заманауи үдерісі «пәннің» сөйлесу арқылы білім негізіне бағытталмаған; қарым-қатынас тақырыбы ғылыми негізге, анықталған дағды мен іскерліктің заңдылықтарына негізделмеген; тіл материалдарын іріктеуде оқытудың ақырғы нәтижесі қарастырылмаған; тіл пәндерімен байланыс жоқ; диологтық және монологтық сөйлесуде деңгейдің бағалау критериі жоқ.
Мәселелерді шешу жолының анықтамасы: көптілді негізде дайындалған тілдік пәндерді оқыту әзірлемесінде қазақ тілімен, орыс және ағылшын тілімен тілдік материалдардың ең аз көлемі арқылы белгілі тақырыптарда параллель оқу мүмкіндігі бар.
Күтілетін нәтижеге сипаттама: бірыңғай экстралингвистік минимум, бірыңғай лексикалық минимум, бірыңғай диолог типіне құрылымдық-мазмұндық минимум, грамматикалық минимум, монолог тақырыптарына бірыңғай миниум.
3.2 Тілдік пәндер бойынша экстралингвистикалық материалдарды іріктеу механизмі
Қоршаған ортаның ой-өрістің қажеттілігінен туындап отырған шарты көптілдіктің дамуына негіз болу қажет. Бұндай ағылшын тілін ( қазақ және орыс тіліне қосымша) меңгеруге арналған табиғи жағдай Қазақстанда жоқ. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау мақсатында әдістемелік нұсқаулық дайындау қажет.
Экстралингвистикалық компонент тілдік емес, тілді дамытатын және жүзеге асыратын шынайы шарт болып қабылданған. Ол сөйлеудің жіктемелік және коммуникативті компетенциясына арналған іргетасы ретінде қызмет атқарады.
Негізгі ұғым пәндік (қарым-қатынас «пәні»), немесе экстралингвистикалық, компетенция болып табылады. Заманауи мектептерде шешілмеген маңызды мәселе болып пәндердің мазмұнының бірігуі болып қала бермек. Сол себептен оқушылар заманға сай, уақытқа байланысты жаңарған мазмұнды пәндерге жуық пәндерді оқымайды, керісінше сәйкес келмейтін пәндерді оқуда. Оқушылардың ортақ шығармашылық дамулары туралы мәселені жүйе шешпейді. Тәрбиемен сынып жетекшілері, мұғалімдер айналысқандықтан, мұғалім «сабақ берушінің» міндетінен шет қалып отырады. Көптеген пән мұғалімдерінің мәселесі тілдік тақырыптардағы дағды мен ептілік.
Әдістемелік нұсқаулықтың негізгі зерттеу міндеттерінің бірі оқу үдерісіндегі ғылыми экстралингвистикалық материалдарды іріктеу және оның орнын анықтау болып табылады.
Оқу процесінің ұйымдастыру ерекшелігі «өткізілу» атты тілдік пәндердің потенциалдық қарым-қатынас тақырыптары болып табылады. Бұндай тәсіл оқушылардың қажеттілігінен туындап отырған нәтиже қарым-қатынастарының көптілді-коммуникативті компетенциясы. Осы ауыстыратын негіздегі заңдылықтар ғылыми іріктеу және жіктейтін сөздік қорға ие әдістемелік материалдардың сапасы, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық, дұрыс сөйлесудің грамматикасы, сөйлеудің және коммуникативті ептілігі деген тақырыптар бойынша мәтіндер жүйесін жинақтауға мүмкіндік береді.
Тілдік пәндер бойынша экстралингвистикалық сипаттағы материалдар: тақырыптық минимум, сөйлесудің интенциялық минимумы, сөйлесу ахуалының минимумы, коммуниканттың типтік рөл минимумы, диологтың құрылымдық-мазмұнды сызбасының минимумы, монологтың құрылымдық-мазмұндық сызбасының минимумы тақырыптары кіреді.
Кез-келген қарым-қатынас қандайда бір ақпаратты алмасады. Қатынаста екінші, үшінші тілді үйрену кезінде сөйлейтін тіл де тірек болу қажет. Бұл тәжірибе мәтінде берілген. Мәтіндер тілдік жүйедегі дайын бірлік ретінде шексіз көп. Сондықтан тақырыптық жолды құру сабақтың жоспарлы негізгі нүктесі болып келеді. Аталмыш үдеріс тақырыптық минимум негізінде жүзеге асырылады.
Тақырыптық минимум - нақты берілген «Адам», «Қоғам», «Табиғат», «Ғалам» тақырыптары сыныптар бойынша бөлініп, сөйлеу және коммуникативті компетенцияға негізделеді. Нақты тақырыптар бойынша тақырыптық жолақ құрастырылады. Әрбір тақырыптық жолақ бойынша анықталған өлшемді тақырыпшалар құралады.
Тақырыпшалар сөйлеу тақырыптары бойынша сөйлеу ниетіне, қатынастың шынайы үрдісіне сәйкес келеді.
Сөйлеу интенциясының минимумы – потенциалды сөйлеу тапсырмаларына, нақты сөйлесу тақырыбына, оқу лексикалық және грамматикалық материалдарға жіктеледі.
Сөйлесу ахуалының минимумы - потенциалды типтік ахуал,қарым-қатынас жасаушының сөйлеуіне шамасына байланысты және адамдардың жиі қолданатын типтік рөлінің нақты тақырыптарына жіктеледі.
Коммуниканттың типтік рөлдер минимумы – адамның анықталған тақырыптағы қарым-қатынас потенциалды әлеуметтік рөлі, тілдік жеке таңдалған жоғары сынып оқушыларының негізіне жіктеледі.
Диалогтың құрылымдық-мазмұнды типтер минимумы – диалогтың типтік сызбасы, қарым-қатынас жасаушылардың стратегиялық және тәсілдік, психологиялық-тілдік дайындық және қатынас мәдениетін қалыптастырудағы жіктемесі.
Монологтың құрылымдық-мазмұндық типтер минимумы - айтушының монологтық сөйлеудегі стратегиялық және әлеуметтік бағдарлы тақырыпшалардың байланысын көрсетеін типтік сызбаларынан тұратын тақырыптар жікетемесі.
Берілген минимумдардан тілдік пәндер бойынша экстралингвистикалық материалдардың іріктелген механизмі әзірленді.
Экстралингвистикалық материалдар орта мектептің тілдік пәндер бойынша параллель заңдылықпен жұмыс істей алатын, көптілдікті дамыта алатын жас шамасы орта буындағы (5-9-сыныптар) оқушыларға арналады.
Экстралингвистикалық материалдар анықталған иерархиялық ұйымдасқан төмендегідей тізбелік жүйеге ие: тақырыптық жолақ тақырыпшалар және оларға сәйкес келетін сөздер топтамасы - сөйлеу интенциясы және қызмет ететін грамматикалық құрылым – сөйлеу ахуалы – диалогтық бірлік – диалогтың құрылымдық-мазмұндық сызбасы – монологтың құрылымдық- мазмұндық сызбасы.
Әлем туралы білімнің қалыптасуы – өте қиын және көпсатылы тәжірибенің үдерісі. Оқушылар санасына когнитивтік құрылым салмай олардан «талқылау пәні» бойынша нәтиже алу қиын.
Алдын-ала дайындықсыз оқушылар 1-2 тақырыптан кейін не айтарларын білмеуі мүмкін. Осындай жағдайдан кейін объект құрылады және осы объектінің негізгі бөлігі анықталады. Объектінің сызбасын құрғаннан кейін ғана олар сөйлеудің потенциалдық бөлігін анықтайды. Оқушылардың белгіленген қиындықтары ойлаудың, сананың, есте сақтау және тілдің төмендігінен орын алады.
Білім - ойлау жұмысының нәтижесі ретінде есте сақтауда болатын когнитивтік құрылым. Көптілді меңгеру үшін оқушылар не туралы айтатынын, талқылау объектісі не болатынын, қандай пікірлер қалыптасатыны, бағалар, «пән» бойынша қандай талқылаулар орын алатынын білу маңызды.
Аталмыш пунктта біздің зерттейтін міндетіміз сөйлеудің потенциалды жіктемесін анықталған тақырыптарда аша білу. Ақырғы зерттеу оқу материалы мен оқудағы іс-әрекеттің бір-бірімен тығыз байланысын, қатынас үдерісі мен коммуникативті сөйлесудің еркін алмасуын тудыра алады.
Экстралингвистикалық компонентке сөйлеудің коммуникативтік регистрлерін қосу керек.
Репродуктивтік регистр [9] ой білдірушінің айтып отырған жағдайға қатысқанын немесе өз көзімен көргенін, өз құлағымен естігенін білдіруге ықпалын тигізеді. Ақпараттық регистр[9] ой білдірушінің бұрыннан оқып-білген білімін жеткізуге қызмет етеді. Генеритивті регистр [9] адамзаттың аксиомалық ой-тұжырымдарын сөйлешунің өз ойына келістіріп дәлел ретінде қолдануды үйретуге арналады.Өкімдік көрсеткіш [9] сөйлеушінің бұйрық, кеңес, өтініш, талап және т.с. с. интенцияларын жүзеге асыруға көмегін тигізеді. Реактивтік регистр [9] ой білдірушінің сыртқы қоздырушы құбылысына деген реакциясын жеткізуге ықпал етеді.
Сонымен, шығарма жазуда, ауызша монолог құрастыруда оқушы өз авторлық позициясын білдіруді үйренеді.
Коммуникативтік регистр білім алушыға жаппай жоспарлау үрдісін құру және дұрыс сөйлеуді үйренуді, жеке пікірін ашып айтуды үйренуге бағыттайды.
Сол себептен стереотипті айтылу авторлық позиция көптілділікті кешенді дамытуға бағытталу керек. Сөйлеудің коммуникативтік көрсеткіші (Золотова Г.А.) монологтық түрде сапалы сөйлеуге үйретудегі оқыту бірлігі ретінде саналуы тиіс. Тақырыпты ашу - «пәндік» талқылаудың объективті жағы. Осы орайда үштілдік коммуникативтік құзыреттілікті авторлық ұстанымсыз қалыптастыру толыққанды бола алмайды. Бұл аспектіде шығарма жазушы немесе ауызша баяндаушы авторлық позициясын әр түрлі ролде көрсете алады: оқиғаға қатысушы; еркін баяндаушы; кеңес беретін «ақылшы»; мәлімдеуші және т.б.
Экстралингвистикалық материалды сұрыптау бойынша әдістемелік қорытындылар келесідей болып табылады:
Көптілділікке үйретудің функционалды-коммуникативті ыңғайы болып тілдік пәннің құрамындағы экстралингивистикалық компонентінің басым болуы болып табылады. Негізгі оқу құрамы – функционалды аспекттегі қажет тілдік материал таңдап алынатын қарым-қатынас тақырыбы.
Экстралингвистикалық компонент өзара байланысқан құбылыстар иерархиясымен анықталады, нақтырақ айтсақ: тақырып – ситуация – тілдік ниет – диалогтің құрылымды-мазмұндық түрі – монологтың құрылымды-мазмұндық түрі
Тақырып түсініктік аппарат түрі де ұсынылады, яғни бір тақырыпты ашатын өзара байланысқан түсініктер. Мұндай ыңғай оқушылардың сөйлесудің, қатынастың «тақырыбын» түсіну үшін қажет
Тақырып олардың қайталануына байланысты стереотиптелген қарым-қатынастың жағдайын да шығара алады.
Тақырып потенциалды тілдік жағдай негізіндегі және оларсыз да потенциалды тілдік интенцияны шығаруға мүмкіндік береді. Соған қарай, оқу үдерісін жоспарлаған кезде тілдік интенцияның көптілді тұлғаны қалыптастыруда орасан зор рөлі бар.
Тілдік жағдайлар және тілдік интенция сабақтың тақырыптық циклын жоспарлау кезінде болжанылатын оқудың соңғы өнімі ретінде диалогтің когнитивті құрылымын анықтау үшін іргетас болып табылады. Соған байланысты, потенциалды диалогті және монологті мәтіндердің когнитивті құрылымы оқу бірліктерімен белгілі болуы керек.
Қатынас тақырыптарының айқындылығы қазақ, орыс және ағылшын ақиқатының шынайылығын салыстыру негізінде алынатын ұлттық болмысының ерекшелігін де ескеруге мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған теориялық ережелер және оның негізінде беріліп отырылған тәжірибелік мәліметтер талқылау тақырыбы бойынша шеттілді сөздерді оқып үйренуге мүмкіндік береді.
Сөйлеудің коммуникативті көрсеткіштерін оқу бірлігі ретінде енгізу стереотипті мінез-құлық әмбебап негізі болғандықтан үйреніп жатқан тілдерде мәнді сөйлеулерде авторлық позицияны білдіру шеберлігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ыңғайланған эктралингвистикалық мәлімет мектеп шарттарына сай үш тілді де үйренуге мүмкіндік береді.
Экстралингвистикалық мәліметті таңдаудың өңделген механизмі бір типті мазмұн негізінде оқыту мүмкіндігі пайда болғандықтан бірнеше тілде коммуникативті компетенцияны тиімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқып үйреніп жатқандардың сөйлеу мазмұнын анықтау мәселесі шешіледі, оларда үш тіл жүйесінің құралдары арасында ассоциативті байланыс пайда болады.
3.3 Көптілдікті дамытуға арналған тілдік материалдың ерекшеліктері
Тілдік материалдың минимумын анықтайтын механизм
Сөйлеуде де, қарым-қатынаста та тілдің барлық қызметтерін ескеру – көптілдікті қалыптастырудағы қазіргі әдістеменің ең бір маңызды талаптарының бірі, ал тіл жүйесінің лингводидактикалық мақсатында әлі де болса кешенді функционалды-коммуникативтік сипатының жоқтығы себебінен тәжірибеде өз деңгейінде пайдаланбаған. Қазіргі таңда тіл жүйесінің кейбір тұстары функционалдық жағынан сипатталып жатыр.
Тіл қызметінің негізгі теориялық тұжырымдамалары Ф.М. Березин және Б.Н. Головиннің еңбегінде [10] жүйеленіп берілген: 1. Тілдің қызмет атқару және даму барысында оның құрылымы, әсіресе – лексикалық, еңбекті игеру үдерісінде қоршаған ортаны қабылдауына қарай бөлшектерге талданады; белгілі бір орта көп және әртүрлі ұлттардың қызмет ету саласы болғандықтан, құрылымдық ерекшеліктеріне қарамастан, ұқсастық бөлшектерге талданады. 2. Әртүрлі тілдің бөлшектенуінің шынайы еңбекті игеру үдерісінде қабылданатын әлемнің бөлшектенуімен сәйкестігі әртүрлі тілде сөйлейтін адамдардың бір-бірін түсінуіне мүмкіншілік береді. 3. Ғасырлар бойы келе жатқан лексикографиялық жұмыс қорытындылары типологиялық жағынан бір-біріне ұқсамайтын тілдердің лексикасының семантикалық-ұғымдық негізінде бір беткей ұқсастығы бар екендігін көрсетеді. 4. Адамның қоршаған ортамен байланысы тілдің жүйе ретінде емес, оның сөйлеуде қолданылу арқылы, яғни синтагматика арқылы тілдер арасындағы лексикалық және грамматикалық семантика айрықшылықтарын жоятын сөйлеу құрылымдарымен реттеледі.
5. Адамның нейрофизиологиясын, психологиясын және оның ойлауын зерттеу барысында алынған ғылыми қорытындылар әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың бір-біріне ұқсас ойлау заңдары мен ұғымдар жүйесімен қолданатындығын негіздейді.
Көптілдіктің дамуы бірыңғай негізде жүзеге асуы керек. Оқушылардың белгілі бір тақырыпта ойлау-танымдық қызметі екінші, үшінші тіл құралдарына назар аудартады, себебі сөйлеудің когнитивтік құрылымы ана тілінде қалыптасып үлгерген. Сөйлеу және коммуникативтік тіл құзыреттерінің қалыптасу барысында грамматика сөйлеушінің ой өрісі жүйесі ретінде пысықталуы қажет. Оқушыларды белгілі бір сөйлеу жағдаятында ұғым мен лексикалық-грамматикалық құралдар арасында қалыптасқан ассоциативті байланыс негізінде құрылған лексикалық-грамматикалық моделді таңдап алатын дайын лексикалық-грамматикалық құралдар жиынтығымен қамтамасыз ету қажет.
Лингводидактикалық тәжірибеде сөйлемдерді семантикалық негізінде жүйелеу байқалады, яғни бұндай тәсіл жаңашылдық туғызбайды. Алайда, осы негізде кешенді сипаттау мәселесін ешкім көтерген емес. Шамасы, айтылатын сөйлемдердің ауқымы әсерін тигізсе керек. Мысалы, Н.Д. Арутюнованың сөйлемнің логикалық-грамматикалық түрлері туралы теориясын ары қарай дамытқан ғалым Е.Н. Ширяев оның төрт түрін анықтайды: 1) шындық сөйлемдері; 2) сипаттау сөйлемдері; 3) референция білдірмейтін белгілі бір субъектіге кодтық атаулар беретін атаулар сөйлемдері («Она звалась Татьяной»); 4) әртүрлі сөздермен берілетін атауларда бірдей референция байқалатын тепе-теңдікті сөйлемдер («Багровый – это же самое, что красный») [11]. Зерттеуші аталған түрлердің әрі қарай бөліну мүмкіншілігі туралы айтады және оны мысалдармен дәлелдейді, бірақ тілде құрастырылатын потенциалды сөйлемдерді мағыналық негізде толық жіктеуге қол жеткізе алмайды.
Көптілдікті қалыптастыру мақсатында грамматикалық тақырыпты таңдау барысында ғалым Е.В. Падучеваның иллокутивтік компонент пен сөйлемнің пропозиционалдық мазмұнын ажырату ойын басты назарға ұстау қажет [12]. Көптілдікке оқыту әдістемесінің жүйесін құрастыруда И.П. Сусов, В.В. Богдановтың тұжырымдамаларының маңызы зор. И.П. Сусов сөйлемнің қалыптастыру үдерісін денотативтік негізінде, қарапайым абстрактілік схеманың/сызбаның күрделі жүйеге ауыспағанға дейін, коммуникативтік интенцияны қанағаттандырмағанша дейін жаңа компоненттермен толықтыру үдерісі ретінде сипаттайды [13]. Сөйлемнің семантикалық-синтаксистік құрылымын сипаттайтын мұндай жолды В.В. Богданов та ұсынады: «Нөлдік деңгейде – етістік доминанты. 1-ші деңгейде – зат есім-актанттар мен етістіктерге бағынатын сирконстанттар (пысықтауыштар), 2-ші деңгейде – сын есім-атрибуттар, ал 3-ші деңгейде – адъективке бағынатын сирконстанттар» [14].
Орыс тілін шетел тілі ретінде оқыту жағдайына бейімделген сол тілдің грамматикасын оқу құралының авторлары С.И. Кокорина, Л.Л. Бабалова, Н.А. Метс сипаттайды [15]. Олар материалды семантикалық негізінде жүйелейді, грамматиканың құрылымдық моделдерін жүйелі байланысты ескере отырып көрсетеді. Бір және екі мүшелі сөйлемдерде сөйлем субъектісі көптеген мағыналарда және әр түрлі грамматикалық формаларда көрсетіледі. Алайда, арнайы филологиялық жағдайда емес, оның ішінде – лингвистикалық емес, сөйлем субъектісін кең ауқымда жүйелеудің басты негізі деп қабылдау тиімсіз, себебі ол екінші, үшінші тілді қабылдау деңгейімен сәйкеспейтін белгілі бір логикалық операциялармен байланысты.
Біздің әдістемелік міндеттерге Г.В. Кузьминаның пікірі сәйкес келеді: «Оқу жағдайында синтаксемалардың сипатын модель түрінде жүзеге асыру тиімді... Синтаксема түрлерінің жалпы жүйеленуі болмаса да, оқу жағдайында кейбіреуі бар (әсіресе, шетелдік адамдарды оқытуға арналған)» (Бұл ғалым марқұм болып кеткеннен кейін бұл идея іске асырылмай қалды) [16]. Қазіргі грамматиканың сипаты туралы ғылыми қорытындылар бұл мәселенің әлі де болса кенжеленіп келе жатқанын дәлелдейді. Сол себепті бірыңғай функционалдық грамматикалық көптілді сөйлеумен қамтамасыз етпегендіктен, көптілдіктің даму үдерісі кері қарай жүреді.
Көрсетілген проблеманың шешімін біз қазіргі лингвистикалық ғылым жетістігінде, нақтырақ айтсақ, коммуникативтік грамматикада көреміз. Академик Г.А. Золотова [17] сипаттаған орыс тілінің синтаксема жиынтығына сүйене отырып, К.Н.Болатбаева әдістемелік мақсатта сол бірліктерді семантикалық негізде топтастырды [7]. Семантикалық жалпылау бойынша барлық синтаксемалар ірі топтамаларға я болмаса функционалдық-семантикалық өрістерге (әрі қарай – ФСӨ) бөлінеді: «Иелену, иелену жағдайының өзгеріп отыруы» ФСӨ-і; «Іс-қимыл, қасиет, күйдің мүмкіншілдігі» ФСӨ-і; «Мекен-жай» ФСӨ-і; «Салыстыру. Салыстыру, бағалау өлшемі» ФСӨ-і; «Уақыт» ФСӨ-і; «Құбылмалылық» ФСӨ-і; «Шектеулік» ФСӨ-і; «Қостау, араласу, жәрдемдесу, қарсы тұру» ФСӨ-і; «Бір заттың екінші затқа (бір тұлғаның екінші тұлғаға) міндеті, нормасы бойынша сәйкесуі / сәйкеспеуі» ФСӨ-і; «Сандық сипаты, көлем, есептеу мөлшері» ФСӨ-і; «Іс-қимылды, заттың орнын бақылайтын қозғалыс бағыты» ФСӨ-і; «Іс-қимылдың мақсаты мен міндеті» ФСӨ-і; «Қозғалыс жолы» ФСӨ-і; «Топтастыру, түрлік қарым-қатынастар» ФСӨ-і; «Заттың сапасы, қасиеті» ФСӨ-і; «Іс-қимылдың кезеңі» ФСӨ-і; «Құбылыстар арасындағы келісімділік» ФСӨ-і; «Әсер ету, мүдделер аясы» ФСӨ-і; «Белгілі бір заттпен я болмаса тұлғамен түйісу» ФСӨ-і; «Тұлғалар, заттар арасындағы қарым-қатынас» ФСӨ-і; «Іс-қимыл құралы» ФСӨ-і; «Зат жасалған материал» ФСӨ-і; «Өнімді өндіруі» ФСӨ-і; «Бөлу» ФСӨ-і; «Күй» ФСӨ-і; «Автор бағасы, қабылдауы, ойы, сөзі» ФСӨ-і; «Әлеуметтік іс-қимыл» ФСӨ-і; «Іс-қимылдың тәсілі, амалы» ФСӨ-і; «Ортақ-бөлшек» ФСӨ-і; «Іс-қимылдың, сапасының толыққандығы, оның ортақ және жоғары деңгейі» ФСӨ-і; «Субъектінің күйін анықтайтын сыртқы жағдай» ФСӨ-і; «Ақпар мен сенсор қабылдаудың көзі» ФСӨ-і; «Іс-қимыл, әсер етудің себебі, іс-қимылдың нысаны, себеп-салдары» ФСӨ-і. Аталмыш деңгейлердің зерттелуі олардың құрамында микродеңгейлер бар екендігін көрсетеді. Мысалы, «Иелену, иелену жағдайының өзгеріп отыруы» ФСӨ-і өзара «Бар болуы», «Шеттету», «Алу», «Айырбастау», «Жоқ болуы» сияқты функционалдық-семантикалық өрістерге бөлінеді. Алайда, аталған функционалдық бірліктердің оқу үдерісіне бірте-бірте енгізілуі сөйлеудің грамматикалық дағдыларын жеткілікті деңгейде қалыптастырмайды.
Дегенмен, осы топтамалар негізінде пайымдау типологиясын құрастыру мүмкіншілігі туды. Көптілділікті дамыту мақсатында бастапқы және предикативті байланыстағы синтаксемалардан тұратын жай сөйлемдердің семантикалық түрлері шығарылды[7]. Оның ішінде: «субъект және оның физикалық іс-қимылы», «субъект және оның психикалық іс-қимылы», «субъект және оның интеллектуалдық (оның ішінде – ойлау, сөйлеу) қабілеті», «субъект және оның әлеуметтік-этикалық ахуалы», «субъект және оның қозғалысы», «субъект және оның сипаты (мекен-жайы бойынша – тұрақты я болмаса уақытша, т.с.с»; «субъект және оның күйі (физикалық / психикалық), сезінуі, табиғаттың күйі», «бір нәрсенің немесе кімнің бар болуы»; «күй / қасиет және оның сипаттамасы», «субъект және оның немен/кіммен иеленуі»; «субъект және оның неден/кімнен бас тартуы», «субъект және ненің/кімнің жоқ болуы», «изменение / субъект және оның құбылуы я болмаса өзгеруі», «субъектілердің қарым-қатынасы», «ортақ-бөлшек, олардың бір-біріне әсер етуі», «кімнің/ненің кіммен/немен салыстырылуы», «кімге/неге шектеу қою», «іс-қимылдың, күйдің, қасиеттің мүмкіншілдігі, қажеттілігі/қажетсіздігі». Жай сөйлемдердің осындай семантикалық түрлері көптілдіктің грамматикалық негізі болып табылады. Келтірілген тізім грамматикалық материалды белгілі тақырып аясында іріктеуге мүмкіншілік береді. Сипатталған семантикалық предикативтік негіздер тек қана лексикалық аспектіде қолдануға болатын бастапқы грамматикалық материал болып табылады. Оқытуға белгілі бір лексикаланған құрылымдарды меңгеру сондай грамматикалық байланысы бар, сондай флексиялық элементтерден тұратын сөйлемдерді меңгеруге мүмкіншілік береді. Бірыңғай семантикалық негізде бірнеше тілдің грамматикалық материалының бірыңғай тақырып аясында іріктелуі сол тілдердің грамматикалық жүйесін тиімді игеруге жол ашады. Сонымен қоса, бұл семантикалық түрлердің бірнеше тілдегі грамматикалық құрылымдардың ассоциативтік байланысын игеру негізінде тақырыптан тақырыпқа қайталануы сөйлеудің грамматикалық дағдыларын нығайта түседі, себебі дағдыларды ана тілінен басқа тілдерге транспозициялау басқа тілде ойды құрастыру ерекшелігін айқындап көрсетеді.
Бұл - синтаксис жүйесін мағыналық жағынан сипаттау. Алынған жетістіктерді орта және жоғары мектеп жағдайында көптілдікті қалыптастыру тәжірибесіне енгізу бірнеше тілді меңгеруге арналған уақытты біршама қысқартуға мүмкіншілік береді. Осы орайда, грамматикалық дағдыларды оқу үдерісін ұйымдастырудағы арнайы әдістемелік бағыттар негізінде қалыптастыруын арттыру қажет.
Функционалдық тілдік жүйенің тәжірибелік маңыздылығын айқындайтын келесі әдістемелік қорытындыға тоқталайық: көптілді коммуникативтік тіл қырларын фонетика, морфология, синтаксис тіл деңгейлеріндегі я болмаса зат есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу сөз таптары бойынша оқытуды жоққа шығарады. Кез-келген сөйлемді құрастыру үшін материалды тілдің барлық деңгейлерін, сөздердің морфологиялық кластарын, шынайы қарым-қатынастағы экстралингвистикалық факторларды ескере отырып функционалды орналастыру қажеттілігі туады. Осындай жағдайда тілдің барлық фактілері оның сөйлеуде алатын орны, хабарды жеткізу мен түсінудегі маңыздылығы арқылы қарастырылады және де бағаланады. Коммуникативтік маңызы бар сөйлемде тілдік құбылыстар тіл фактілерінің логикалық жүйеленуінен тұратын және олардың коммуникативтік маңыздылығын, өнімділігін, жиілігін, тақырыптық аясын ескермейтін дәстүрлі грамматикадағыдай орын алмайды.
Тіл шынайы өмірмен қатынасы арқылы бірнеше бағыттарда қызмет етеді:
1) Тіл құралдарының қолдану аясына қарай сол құралдардың стилистикалық бөлінуі жүзеге асады. Соның негізінде функционалдық парадигмалар ажыратылады (кітап лексикасы, ауызекі лексикасы; кітап лексикасы – арнайы лексика, поэтикалық лексика);
2) Тілдік материалды іріктеу механизмі қорытынды болып табылады. Бірыңғай тақырып аясында қолданылатын лексикалық минимум потенциалды сөйлеу интенцияларын ескере отыра іріктеледі; грамматикалық минимум жай сөйлемдердің семантикалық түрлерінің жиілігі негізінде іріктеледі; белгілі бір тақырып аясында қолданылатын диалогтің типтік сөйлеу бірліктері типтік жағдайларды ескере отыра іріктеледі; монологтың типтік сөйлеу бірліктері монологтік сөйлемдер тақырыптарына сәйкес іріктеледі.
3.4 Көптілділікті дамытуға арналған сабақтар типологиясы
Е.И. Пассовтың коммуникативті әдістемесіне [18] сүйене отырып және қазақ-орыс екі тілді жағдайларда орыс тіліне үйрету ерекшелігін ескере отырып, біз тұтас және жүйелі күнтізбелік-тақырыптық және сабақтық жоспарлауға мүмкіндік туғызатын мектепте екінші/үшінші тіл сабағының жаңа типологиясын ұсынамыз. Сонымен қатар, сaбақтың әрбір түріне негізгі және қосалқы мақсаттар, тілдік мәліметтер бойынша жұмыс түрлерінің қатынасы мен сөздік және коммуникативті қабілеттің дамуымен, тексерілетін қабілеттер мен дағдылар және оқудың нәтижесін тексеруге арналған түрлі деңгейлі тапсырмалар түрі белгіленген.
Сабақтың төмендегідей түрлерін көрсетуге болады [7]:
Аспектілі сабақ (осы немесе басқа тіл құбылыстарын білу)
Сөйлеудің лесикалық дағдыларын қалыптастыру сабағы (сөздік қор байыту).
Сөйлеудің лексикалық дағдыларын жүзеге асыру сабағы (тақырыптық лексиканы жандандыру).
Сөйлеудің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру сабағы.
Сөйлеудің грамматикалық дағдыларын жүзеге асыру сабағы.
Сөйлеудің стилистикалық шеберлік пен дағдыларын қалыптастыру сабағы.
Сөйлеудің стилистикалық шеберлігі мен дағдыларын жүзеге асыру сабағы.
Қатынастың диалогтік түрінде оқыту сабағы.
Қатынастың топтық түрін оқыту сабағы.
Қатынас үдерісінде монологтық сөйлеуді оқыту сабағы.
Орфографиялық және тыныс белгілер сауаттылығын жүзеге асыру және қалыптастыру сабағы.
12) Өзіндік коммуникативті ептілікті жүзеге асыру сабағы.
Осындай типология орыс тілді оқушылар үшін – қазақ тілінде, қазақ тілді оқушылар үшін - орыс тілінде сөйлеу кезінде оның тіршілік әрекетінің біліктілігі мен дағдыларының керектігіне бағыттайды..
Аспекті сабақ оқушыларға осы немесе басқа тілдік құралдардың сөйлеу әрекетін, қатынасын функциялау ерекшеліктерін ашып көрсетуге арналған. Сабақтың бұл типінде оқытушы блокты әдіс арқылы немесе басқа бөлім, нақты бір тілдің өзіндік құралдарына тоқталып көрсете алады (мысалы: етістіктің жетілген немесе жетілмеген түрі және оларды сөйлеуде қолданылуы), сөйлеуде осы немесе басқа лексикалық, грамматикалық қателіктерді түзету (сөздер мен фразеологизмдерді дұрыс қолданбау, жалғаулықтарды орнын ауыстыру, сөздерді дұрыс байланыстырмау, басқару кезінде грамматикалық түрдің дұрыс іріктелмеуі, етістіктің түрлерінің ажырамауы және т.б.).
Тілдік материалдарды беру кезінде унификациялау қағидаларының қалыптасуы міндетті, яғни қарастырылып отырған материалды әрекетке (сөйлеуде) көшіру керек, сәйкесінше ереже-нұсқаулық орнына. Тілдік, дайындық сөйлеу жаттығуларының қатынасы – 10% -50-60% - 25-30%. Көріп отырғандағыдай, сөйлемде дәстүрлі тілдік жаттығулардың осы немесе басқа грамматикалық формаларында болуы, осы немесе басқа сөйлемді құруы минимумға дейін жеткізілген.
«Келесі сөздер мен сөз тіркесін қолдана отырып айтындар», «Етістіктің жетілген түрін қолдана отырып, өтініш білдіріңдер» деген сияқты дайындық сөйлеу жаттығулары көп қолдану керек, себебі осындай сабақтарда негізгі міндет сөйлеудегі қарастырылып отырған материалды қолдануды өңдеу болып табылады. Нақты тілдік құралға қолданылатын бағытсыз сөйлеу жаттығулары алдыңғы жаттығуларда жинақтаған дағдыларды автоматизмге дейін жеткізеді (А атынан Б-ға өтініш білдіріңіз (нақты жағдай суреттеледі)) .
Сабақтың берілген типіндегі тексерілетін дағдылар мен біліктер білім стандарты мазмұнымен анықталады (білім мен дағдылар, фонетика мен орфоэпия бойынша, лексика мен фразеология бойынша, сөз құрамы мен сөз түрленуі бойынша, грамматика бойынша).
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша аспектілі сабақтар аз орын алу керек (оқу жылы барысында сегіз осындай сабақ өткізіледі). Талдау, типтес сабақтарда бүтін бір бөлімнің тілдік материалдарын блок түрінде беруге мүмкіндік туғызады. Әр сыныпта тілдің барлық деңгейі бойынша концентрлері анықталған. Осылайша, 5-сыныпқа енгізілген материалдың біртіндеп кеңеюі көзделіп отыр. Концентризмнің көрсетілген қағидасы 5-9-сыныптарды оқытуда қамтамасыз етілген.
3.5 Екінші тіл пәні бойынша аспектілі сабақтарды ұйымдастыру жолдары
Аспектілі сабақ керекті буын болып табылады, біріншіден, оқушыларға екінші тіл жайында тұтас жүйе туралы ойды қамтамасыз етеді, екіншіден, әр тілдік деңгейді (бірліктер, категориялар, бірліктердің түрлену ерекшеліктері), жеке-жеке, негізгі түсінікті меңгеру үшін мүмкіндік беретін буын болып табылады. Соңғы түрі сөйлеудің дағдылары мен стилистикалық, грамматикалық, лексикалық жетілдіру мен қалыптастыру кезінде сабақтардың тематикалық шектерінде осы түсінікпен негіздеу үшін қажет. Тақырыптық минимумда 5-9-сыныптардағы концентрлер анықталған. Осылайша, «Адам» тақырыбына блок 5-сыныпта «Адам денесі мен ағзасы. Физикалық жағдайы мен хал-жағдайы», 6-сыныпта – «Адам өмірі. Физикалық жағдайы мен хал-жағдайы. Сыртқы келбеті, адамның сыртқы тұрпаты», 7-сыныпта «Адам өмірі. Жағдайы, ішкі әлемі және адамның сапалылығы. Адамның эмоционалды әлемі. Сөйлеу әсері», 8-сыныпта «Адам өмірі. Қабілеттілігі, бейімділігі, қызығушылығы. Адамның тұрмысы». Сыныптан сыныпқа оқушылар адам жайлы білімін тереңдете түседі, белгілі бір тақырыптар бойынша сөйлеудің синтаксистік құрылымы мен сөздік құрамын байытады, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын, орфографиялық, тыныс белгілік сауаттылығын жетілдіреді, берілген стиль бойынша әлеуметтік бағытталған монологты сөйлеуді көрсету.
Сабақтардың тақырыптық цикл төңірегіндегі сабақтың әрбір типі оқытудың өзіндік оқу бірліктеріне ие. Олар келесі кесте түрінде көрсетілген.
10-кесте – Сабақ типтерінің оқу бірліктері
р/с
|
Сабақ типі
|
Оқу бірліктері
|
1
|
Фонетика, лексика, фразеология бойынша аспектілі сабақ
|
Дыбыс пен әріп; дыбыстар мен әріптердің үйлесімділігі; лексема; фразеологизм, морфема
|
2
|
Сөз құрау мен сөз жасау бойынша аспектілі сабақ
|
Сөз құрылымы; сөз жасам типі; бір түбірлі сөздердің ұясы
|
3
|
Морфология бойынша аспектілі сабақ
|
Сөз сөйлеудің бөлімі; сөз формасы
|
4
|
Синтаксис бойынша аспектілі сабақ
|
Синтаксема, сөйлем, күрделі синтаксистік мағына тұтастығы (ССЦ), мәтін
|
Сабақтардың тақырыптық циклындағы оқу бірліктері. Сөйлеудің лексикалық дағдыларының қалыптасу сабағы. Осындай сабақ түрінің мақсаты- оқушының сөздік қорын жаңа сөздер қосып байыту . Қосалқы мақсаты ретінде - айту және оқу дағдылары мен қабілеттерінің, айтылу дағдыларының қалыптасуы мен жетілуі.
Негізгі жұмыс – мұғалім жетекшілігімен берілген сөздік тақырып төңірегіндегі микротақырыптарды ашуға арналған қажетті сөйлем мүшелерінен, сөз тіркестерінен, кілт сөздерді таңдау. Осындай таңдау арнайы таңдалынып алынған мәтіндерді айтуда немесе оқу кезінде жүреді. Сонымен қатар, сипатталатын сабақтарды 10-15% айту мен оқу бойынша арнайы емес жаттығулар құрайды, оның ішінде мазмұнының маңыздылығынан немесе мәтіннің қиын айтылатын не болмаса меңгерілмейтін сөздермен қанық болуына байланысты арнайы жаттығулардан тұрады. Оқу уақытының негізгі бөлігін осының негізінде сөйлеу мен хат дағдылары да сөйлеу қалыптасатын дайындық жаттығулары алады. Оқытушы микротақырыптарға сәйкес сұрақтар қояды, ал оқушылар оларға жауап беру кезінде өзінің сөздерін мәтіннен алынған сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып жеткізеді. Олар Е.И. Пассовтың еңбегінде [23-18] ұсылынған функционалды-семантикалық кестеде көрсетіледі.
Айтылым бойынша:
Қалыпты темптегі ақпаратты түсінуді үйрену және диктордың радио және теледидардан (жаңалық, хроника, репортаж), салтанатты тұлғалардың сөйлеуін түсіну.
Сөйлеудің айту дағдысы:
артикуляция дұрыстығы;
айтылудың дұрыс интонациясы (акценттілік, мелодика, ритмика, паузация, тембралды бояу, ырғақ);
айтылудың грамматикалық дағдысы бойынша:
лексикалық дағды бойынша қажетті сөздерді таңдау;
лексикалық бірліктерді басқамен дұрыс байланыстыра алатын дағды.
Құрылымдағы жоғарыда келтірілген дағдының 85-90% сөйлеудің дайындығына арналған жаттығулар. Әдістемелік нұсқаулықтың негізгі зерттеу міндеттерінің бірі оқу үдерісіндегі ғылыми экстралингвистикалық материалдарды іріктеу және оның орнын анықтау болып табылады.
Оқу процесінің ұйымдастыру ерекшелігі «өткізілу» атты тілдік пәндердің потенциалдық қарым-қатынас тақырыптары болып табылады. Бұндай тәсіл оқушылардың қажеттіліген туындап отырған нәтижелі қарым-қатынастарының көптілді-коммуникативті компетенциясы. Осы ауыстыратын негіздегі заңдылықтар ғылыми іріктеу және жіктейтін сөздік қорға ие әдістемелік материалдардың сапасы, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық, дұрыс сөйлесудің грамматикасы, сөйлеудің және коммуникативті ептілігі деген тақырыптар бойынша мәтіндер жүйесін жинақтауға мүмкіндік береді.
Берілген сабақта оқу материалдарының емлелік ережелерін тәжірибеде қолдану дағдысы арттырылады.
Бұл сабақ түрі алғашқы дағды мен ептілікті, жеке сипаттамаға ие болады: сөздің парадигмалық және синтаксистік деңгейінің талабын тексеру.
Айтылудың грамматикалық дағдысын қалыптастыру сабағы
Орта буында сөйлеудің лексикалық-фразеологиялық және сауаттылық дағдысы, сабақтағы диалогтік және монологтік дамыту біріктіріледі. Алынған стилистикалық білім мен құзырет сабақтың барлық тақырыптық бөлімінде бекітіледі.
Жаз.
Жаз келді.
Көп күткен жаз келді.
Шілденің ортасында көп күткен жаз келді.
Шілденің ортасында көп күткен жаз бізді күн шуағымен қуантып келді.
Шілденің ортасында көп күткен жаз келді, қызып тұруға уәде берді.
Шілденің ортасында көп күткен жаз келді, барлық оқушылар жазғы демалыс лагеріне кетті.
Шілденің ортасында көп күткен жаз келді, бірақ жаңбыр адамдарға жағажайда демалуға кедергі болды.
Шілденің ортасында көп күткен жаз келді, адамдар күні бойы жағажайда жүрді.
Берілген мысалдар оқушыларға сөйлемнің интонациясын, бағыныңқы, басыңқы, грамматикалық негізін, сөйлем мүшелерін анықтауды, қарапайым сөйлемдерді айыра білу, салалас құрмалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерді табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол, оқушылардың синтаксистік талдауды сауатты орындауына жол ашады.
Сабақта тілдік тапсырмалардың грамматикалық дағдысын құру - 5-10% (егер сабақтың аралас типі болса – сабақ грамматикалық, орфографиялық, тыныс белгілік дағдылар, жалпы тілдік жаттығулар 30-40% болу керек).
Берілген типтегі сабақтың аяғында оқушылардың білімін тексеруге бақылау жасауға болады (орфографиялық, стильдік, грамматикалық, тыныс белгілер).
Бақылау формасы: сөздік диктант, сөздік-грамматикалық диктант, синтаксистік құрылым бойынша тапсырмалар, сөз тіркестерінің арасындағы компонент бойынша тапсырмалар, сөйлем, синтаксистик синонимдердің стилистикалық талдауы.
Орфографиялық және пунктуациялық сауаттылықты жүзеге асыру сабағы.
Аталмыш тип аспектілі сабақтың әртүрлілігі, бірақ тыныс белгілік және орфографиялық жұмыс сабақтың барлық түрін қамтиды, сондықтан, оны жеке дара тип ретінде бөліп алу керек (ақырғы мақсаттың бірі ретінде -сауатты хаттың жоғарғы жетістігі). Талдайтын сабақтарда бірқатар орфографиялық және тыныс белгілердің ережелері және оларды қолдану дағдысы мен біліктігі жетілдіріледі.
Сәйкес келетін әдістемеге сай әр түрлі диктант және мазмұндама жазу. Құрылымдық білік диктанты және мазмұндама дәстүрлі бағалау критерийі бойынша бағаланады.
Айтушының лексикалық және грамматикалық дағдысы сөйлеудің дағдысын жүзеге асыру сабағын құрайды. Әр түрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндер негізінде сөйлеу дағдысы жүзеге асырылады. Осындай типті сабақтың негізгі жұмысы – сөйлеу интенциясының тақырыбында әр түрлі әдістерді қолдану. Жаттығудың негізгі бөлігі ретінде тіректі және тірексіз сөйлеу жаттығулары болып табылады.
Берілген кезеңде тапсырманың айтылуы және оқудың жүзеге асырылуы.
Білім стандартына сай берілген сабақта құрылады
Оқылым бойынша:
Біріккен тапсырмалар мәнерлеп оқуды жүзеге асырады.
Айтылым бойынша:
Қалыпты темптегі ақпаратты түсінуді үйрену және диктордың радио және теледидардан (жаңалық, хроника, репортаж), салтанатты тұлғалардың сөйлеуін түсіну.
Айтылым мен жазылым бойынша:
Дағдыларды репродукциялау және оның біріккен трансформациясы жеке қатынастарды бейнелейтін мәтіндерді беру.
Сөйлеудің стилистикалық дағдысын қалыптастыру сабағы
Орта буында сөйлеудің лексикалық-фразеологиялық және сауаттылық дағдысы, сабақтағы диалогтік және монологтік дамыту біріктіріледі. Жоғары сыныптарда 2-3 тақырыпты тереңдете беру керек. Алынған стилистикалық білім мен ептілік сабақтың барлық тақырыптық бөлімінде бекітіледі. Оқытудың негізгі қабылдауы болып:
күрделі синтаксистік тұтас бірлік мәтініндегі стилистикалық реңкі бар сөздерді алгоритм бойынша талдау;
Стилистикалық синоним сөздердің қатарын құру, синонимдердің қолдануын, мағынасы бір мәтіндердің стилистикалық түрлерін анықтау, дәлелдеу;
Мәтінге стилистикалық өңдеу жүргізу;
Сөздіктен стилистикалық синонимдерді табу.
Осындай сабақтың типінде негізгі мақсат стилистикалық ептілік және дағдының құрылымы және жүзеге асырылуы біріккен болады:
Монологтық сөйлеу дағдысын дамыту;
Орфографиялық және тыныс белгілік сауаттылықты жүзеге асыру;
Сауаттылық дағдыларын жүзеге асыру.
Стилистикалық дағдыны қалыптастыруға арналған сабақ келесідей сатылық сипатқа ие:
1) мәтінді қабылдау; 2) стильдің сипаттамалық белгілерін беру; 3) мәтін стилін өзгерту; 4) стилистикалық түзетулер енгізу (мәтінді өзгерту және құру);
5) анықталған жанрдағы мәтіннің құрылымдық және тілдік құралдарын талдау; 6) берілген мәтінді стильдік жағынан өңдеу.
Жаттығудың типтік байланысы былай болады: тілдік – 15-20%, шартты-сөйлеу - 25-35% , сөйлеу - 30%, коммуникативтік – 30%.
Білім стандартына сай берілген типтегі сабақ:
сабақта, жиналыста жауап беруге үйрену;
кітапқа ауызша және жазбаша аннотация беруге үйрену;
ауызша және жазбаша түрде орыс тіліне аудара алу және көркем әдебиет, публицистикалық стильдерде жұмыс жасай алу;
қарапайым және күрделі мәтін бойынша жоспар, конспект, аннотация (ғылыми стиль бойынша) құра білу;
қызметтік құжаттарды (өтініш, хабарлама, автобиография, сипаттаманы, қызметтік хат, хаттама) құра білу;
ауызша және жазбаша түрде берілген тақырып бойынша жеке хат жаза білу.
3.6 Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде этномәдени тақырыптағы сабақтар циклының үлгісі («Қазақ тілі» пәні бойынша кіріспе сабақтар циклы/ немесе «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ежелгі дәуір мәдениетін меңгеру кезеңінде қолданбалы курстың сабақтар циклы)
Мақсаты: бір тақырып ауқымында оқушылардың дүниетанымдық, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін біртұтас үдеріс арқылы қалыптастыру
1 сабақ. Жазу тарихы
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша оқушыларда пәндік құзыреттіліктер қалыптастыру, берілген тақырып аясында лексикалық дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың жабдықтары: мәтіндер, кестелер, түсіндірме сөздік, лингвистикалық энциклопедиялық сөздік, тақырып бойынша кітаптар көрмесі, ежелгі жазу үлгісінің суреттеі, географиялық карта.
Сабақ барысы
1) МҰҒАЛІМНІҢ КІРІСПЕ СӨЗІ. Жазудың шығу тарихы туралы қызықты деректерді кітапта мен ғалымдардың еңбектерінен білуге болады. Олар көне тарихтың сырын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – жазу тарихына арналған саяхат сабақ. Әлемде түрлі тілдер бар, соған орай түрлі әліпбилер де болуы заңды. Осындай жазулар қайдан шыққан? Қазақтардың төл жазуы болған ба? Осы туралы алдағы уақыттардағы «Түркі жазба тарихынан» тақырыбындағы 3-4 сабақта білетін боламыз.
2) «Түркі жазба тарихынан» атты функционалды семантикалық кесте құрастыру.
11-кесте – «Түркі жазба тарихынан» атты функционалды семантикалық кесте
Жазу дегеніміз не? Ол қандай болады?
|
Әртүрлі халықтар
жазулары туралы
|
Славян жазуы тарихы
нан
|
Түркі жазуы тарихы
нан
|
Кітап құрастыру тарихынан
|
Ежелгі түркі (рун жазуы) жазба ескерткіш
тері туралы
|
Белгілер жүйесі;
Сөзді жазу үшін белгілер жүйесі;
Жазу тарихы;
Пиктографиялық (рун) жазу; түйіншек жазу (кипу);
Хабарды сурет, түйіншек арқылы жіберу; түлі жазулар негізі;
Жартастағы жазулар
|
Шығыс әліпбиі: түркі жазуы;
арамейлер (сирийлік) жазуы;
көне евей жазуы;
араб жазуы.
Батыс әліпбиі:
Грек жазуы;
Византия жазуы (шығыс грек);
славян (кирилл) жазуы (византиялық);
итальян жазуы (батыс грек)
|
Кириллица: византиялық гректік жазу негізінде; византиялық гректік 24 таңба; словян дыбыстарын білдіретін арнайы 19 таңба ойластырылған;
Славяндар мен румындар қолданады.
Шығыс-славяндық:
Орыс,
Белорусь,
Украина.
|
Ежелгі түрік жазуы. Басқа әліпбилерден айырмашылығы; елеулі айырмашылықтар;
Біздің э.д. VIIғ. Ассирия.
Ежелгі жазулы халық.
Әліпби жасау;
Біздің э.д І мыңжылдық ортасындағыАссириялық-Вавилон.
|
Битиг;
Куин битиг; куинигчи («книгочей»);
Ежелгі түрік жазуы;
Бағалы металл қосылған алтын ұнтақ;
ксилография; ксилографиялық тәсіл;
ағашқа гравира жасау;
ағашқа гравюра жасау;
сол гравюраға оттиск;
дәптер-кітап;
потха -кітап;
пальма жаығынан кітап;
шышық қағаз-кітап;
ағаш тақтайша мен таяқшадағы кітап;
жиналмалы кітап
|
«Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» жырлары; Батырлық – жасықтық;
Құлдық-еркіндік;
Соғыс – бейтітшілік;
Тас қабырға - тас монумент – рун жазулары ескерткіштері – тастағы жырлар орхон –енесей ескерткіштері –мемориалдық кешен. Эпитафия – қабірдегі жазулар; тасқа қашау; руникалық – белгісіз\ – ашылмаған – шешілген; сенсация – жаңалық; 1893 жылғы 25 қараша;
Ғалымдар; В.Томсен,
В.Радлов;
Болжам – ұсыныс
|
3) «Түркі жазба тарихынан» атты функционалдық-семантикалық кесте құрастыру.
4) «Түркі жазба тарихынан» атты функционалдық- семантикалық 7-кесте.
Оқушылардың шартты тілдік жаттығуларды (ШТЖ) орындауы үшін кестеде 3 баған арқылы «Жазу деген не?», «Әртүрлі халықтар жазулары туралы», «Славян халықтары жазу тарихынан» сөздер мен сөз тіркестері берілген.
Оқушыларға тапсырма:
1) ШТЖ: Жазу деніміз не? 1 кестедегі сөзді және сөз тіркесін оқу арқылы қандай ежелгі жазу туралы білуге болады?
2) ШТЖ: Пиктографиялық жазу дегенді қалай елестетесіңдер? (Сурет арқылы жазу). Сурет арқылы хабарлама жазыңдар: Сағат 3-те футбол алаңында кездесеміз.
3) Түйіншек жазу немесе кипу сендерді қызықтырған шығар? Бұл жазу туралы лингвистикалық энциклопедиялық сөздіктен оқуға болады [19].
Кипу – түйіншек жазу, Оңтүстік Африка халықтарында болған. XV-XVI ғ. инкте заманында кеңінен қолданған. Кипу түрлі түсті бірнеше жіптер байланған бау (немесе таяқша). Әр түстің өзіндік мәні бар. Баудың бойында әртүрлі қашықтықта түйіншектер байланады. Кейде түйіншекке басқа зат бекітіледі (ағаш бөлшегі, тас, дақыл, т.б.), (3-4-5 суреттер).
3-сурет
4-сурет 5-сурет
4) Кешенді жаттығулар (ШТЖ + тілдік: орфографиялық, пунктуациялық, синтаксистік):
2– бағандағы сөздерді пайдаланып 1) Шығыстық жазуға қай жазулар жататынын айтыңдар. Мен келесі шығыстық әліпбиді білемін... деп басталатын сөйлеммен жауаптарыңды жазыңдар. Сөйлемде қандай тыныс белгілерін қойдыңдар? Жалпылауыш сөз бен сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің астын сызыңдар. Бұл қандай бірыңғай мүшелер?
5) 4 – жаттығу сияқты:
6) Батыстық жазуға қай жазулар жататынын айтыңдар. ... міне осындай батыстық әліпбилер маған белгілі деп аяқталатын сөйлеммен жауаптарыңды жазыңдар. Сөйлемде қандай тыныс белгілерін қойдыңдар? Жалпылауыш сөз сөйлемнің қай жерінде орналасқан? Осы екі сөйлемге қойылған тыныс белгілері бойынша қандай айырмашылықтар бар?
7) Тілдік жаттығулар (оқыту грек жазуымен жүргізілген, славян жазуы византия жазуы мәтін негізінде пайда болды, итальян жазуы монологиялық шығыс грек жазуы негізінде пайда болды. Сөйлесімді жазу және пунктуациялық дағдыны қалыптастыру Византиялық жазу шығыс-): Осы мәтінді артық сөздерді алып тастап қысқартыңдар,
- түзетілген мәтін тақтада,
- «сызықша» - тыныс белгісінің қойылуын түсіндіріңдер.
8) ШТЖ: 3– бағандағы сөздерді пайдаланып, бір біріңе славян жазуы туралы айтыңдар.
9) ШТЖ: Славян жазу туралы тереңірек білу үшін ресейлік досыңа қандай сұрақ қояр едің?
Үй тапсырмасы: Сынып 3 топқа бөлінеді.
1 – топқа түркі жазуының, рун жазуының тарихы туралы мәтіндер беріледі;
2 – топқа кітап шығару тарихы туралы мәтіндер;
– топқа рун жазуының ең үлкен ескерткіштері туралы мәтіндер беріледі.
10) Тілдік жаттығулар (оқу, айтылымға сәйкес сө бен сөз тіркестері):
а) Мәтінді оқыңдар және кестедегі негізгі бағанды жазыңдар:
1 – топ «Түркі жазуы тарихынан» бағаны;
2 – топ «Кітаптар тарихы»;
3 – топ «Ежелгі түрік жазу ескерткіштері»;
б) Ресейлік досыңа хат жаз. Хатыңда славян жазуына деген қызығушылығыңды білдір, түрік жазуы тарихынан мәліметтер жаз, немесе кітаптар тарихы, немесе ежелгі түрік жазу ескерткіштері туралы хабарла.
2 – сабақ: жалғасы.
Лексикалық – орфографиялық жұмыс:
Тақтаға кестенің 4, 5, 6–бағандары толтырылады.
12) ШТЖ: Оқушылар бағандағы сөздер мен сөз тіркестері арқылы бір біріне қысқаша қызықты мәліметтер жазады. Ал сен білесің бе ...
13) ШТЖ: Түрік жазуы тарихынан мәліметтер жазып, сөйлесушіні таң қалдыр (1 –топқа тапсырма).
Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалан:
... ғылым дәлелдейді
... деректер сөйлейді
... дәлелденген
... дәлелдеуді қажет етеді
... Ассиро-Вавилон заманында - ақ
... біздің э.д. І мыңжылдықта
... Асситияда б.э.дейінгі VII ғ.
... О.Сүлейменов
... мақала жарияланған.
(4 –бағандағы сөздерді қараңдар)
14) ШТЖ: Түркістанда табылған кітаптар тарихы туралы мәліметтермен сөйлесіп отырған адамды қызықтыра біл. (2–топқа тапсырма). (5–бағандағы сөздерді пайдаланыңдар)
15) ШТЖ: Соңғы бағандағы сөздерді пайдаланып, ежелгі жазу ескерткіштерінің ең үлкендері туралы айтыңдар.
16) ШТЖ: Осы үш тақырып бойынша ең есте қалған қызықты мәліметтер бойынша әртүрлі құрылымды сөйлемдер жазыңдар. Сөйлемде ал, бірақ, және, немесе, қашан, өйткені... шылауларын пйдаланыңдар.
17) Шағын топтарда бірін бірі тексеру.
18) «Мен ... мақтанамын» тіркесімен басталатын мәтінмен жұмыс істеу.
19) Қайталана беретін сөздерді синонимдермен алмастыру.
20) Үйге тапсырма: «Жазу тарихынан» – тақырыбы бойынша газеттің жоспарын құрастыру. (Қандай рубрикалар? Әр рубрикада не туралы айтылады? Оқушылар үшін қандай қызықты материал (кроссвордтар, ребустар, чайнвордтар, викториналар) әзірлеуге болады?) Өз жоспарың туралы хабарлама әзірлу.
«Ежелгі түрік жазуы тарихынан» тақырыбына арналған мәтіндер [20]
Ақыры 1893 жылдың 25 қараша күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгелм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі қүпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бүл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мә-лімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.
Н.Келімбетов
Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арадан көп уақыт өтпей-ақ
В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы текстін І толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты.
Н.Келімбетов
Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон-Енисей» жазуы деп атап кетті. Ал, бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.
Н.Келімбетов
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-соңды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.
Н.Келімбетов
Көне түркілердің ежелгі шынайы тарихын оның Орхон текстіндегі бейнелі көрінісімен салыстыра отырып, Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері жылнама шежіре емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері. Күлтегін (684—731 жылдары өмір сүрген) — ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапағая қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегш оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянды (кейінірек Білге қаған атанған) күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындайды. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытады.
Н.Келімбетов
... Ишкуздер Ассирияға жазуы бар кезде келген. Бүкіл әлем янычарлардың жауыздығын есте сақтар отырған заманда, көне түркі әліпбиі латын жазуынан да, классикалық грек әліпбиінен де бұрын Ассирияда б.э.д. VII ғасырда пайда болғанын дәлелдеу мүмкін емес.
Бірақ біздің ата-бабаларымыздың өте ерте замандарда-ақ жазуы болғандығын, б.э.д. І мыңжылдықтың ортасында Ассирия-Вавилонда иерогликалық дәстүр негізінде өз әліпбиі болғандығын дәлелдейтін деректер бар.
(О. Сүлейменов) [21].
«Кітап басып шығару тарихынан»
тақырыбы бойынша мәтіндер [22].
Лингвист-ғалымдар (тілшілер) «книга» сөзі славян тіліне көне түркі тілінен енген деген таңқаларлық қорытынды жасады.
... Ең қызығы, көне түркі мәтіндерінен күрделі сөз табылды, ол «книга» деген мағына беретін көне түркі сөзі битиг және сол мағынадағы көне түрік сөзі куин. Бұл куинбитиг деген күрделі сөз. Сонымен қатар көне түркі мәтіндерінде битиг сөзі жеке де, оған түбірлес болып келетін ондаған сөздер де және куин сөзі де кездеседі.
... «книга» сөзі түркі сөз екендігін «книгочей» сөзі де дәлелдейді. Көне түрік тілінде ол куингчи сөзімен ұқсас және книгочей, яғни «книжник» деген мағынада қолданылады. Түркі тіліндегі жұрнақтың орыс тіліндегі жұрнақтармен ұқсастығы бұл бір емес. Мысалы, «казначей» сөзі де бар.
(М. Барманқұлов)
Қабат-кітап
Жалпақтығы 25 см жеке парақтарды бір біріне желімдеу арқылы қабаттап жасалады. Олардың ұзындықтары әртүрлі. Кейбіреулері 7 метрге жетеді. Ағаш тақтайшалар мен бамбук таяқшалар. Түркістаннан ағаш тақтайшалар мен таяқшалардан жасалған құжаттар табылған. Таяқшалар Түркістандағы жергілікті ағаш – теректен дайындалған. Тақтайшалар қос-қостан бр біріне жазулары қаратыла жинақталған.
Бүктелген кітаптар
Парақтар иректеле бүктетіліп жасалған. Парақтар қағаздан немесе қабықтан болып келеді.Ерекше жағдайда қағазға қара немесе көк бояу жағылған.Сия алтын ұнтақтан немесе басқа да бағалы материалдан әзірленген.
Дәптер-кітап
Дәптер-кітап бүктелген жерінен тігілген. Бұл кітаптың бірінші беті оң жағына орналасқан, жолдар бүктелген тұстарына тігінен орындалған. Бұлардан ерте жасалған кітаптар да кездеседі. Оларда мәтін бүктеуге көлбеу орналасқан, парақтар сол жақтан бастап саналады.
«Пальма жапырақтары» (потхи) кітабы
Потха-кітап ұзын немесе қысқа пальма жапырақтарын бір біріне жинау арқылы жіп не баумен тігіліп жасалған.
3-сабақ «Тастар да сөйлейді» (Күлтегіннің құрметіне тасқа жазылған үлкен жазулар туралы )
Сабақ типі – орфографиялық және пунктуациялық және айтылымның стилистикалық дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіру сабағы.
Сабақ мақсаты – орфографиялық дағдыларын, мәнерлеп оқу дағдыларын же,тілдіру.
Сабақ барысы
Оқушылардың «Күлтегін» жырынан алдын ала дайындалған үзінділерді оқуы.
№1 «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан бір-бір хикая болып келеді. Оның бірінші циклі – қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі, екінші циклі Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді; үшінші цикл түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді; төртінші цикл - көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесінші цикл - табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайында хикая; алтыншы цикл түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған; жетінші цикл - түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге каған екендігі жөнінде айтылған жыр; сегізінші цикл осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған.
№2 Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір цикл-дың өзі міндетті түрде мынадай үш элементтен түратын болған:
1. Оқиғаның басталуы;
2. Сол оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі;
3. Осы циклда айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні.
6-сурет – Қызыл (Тыва) қаласындағы тасжазба
Мәселен, «Күлтегін» (кіші жазу) жырының екінші циклі - Түрік қағанаты жерінің ұлан-ғайыр кең екендігін суреттеуге арналған.
Міне, осы екінші топтаманың алғашқы үш жолы оқиғаның басталуы- Білге қағанның қол астындағы халыққа қарата айтқан үндеу сөзі болып келеді:
Тоғыз оғыз бектері, халқы,
Бұл сөзімді мұқият тыңда, Терең ұқ.
№3 Түркі халқын сыртқы жаудан қорғау үшін «түн ұйықтамай, күндіз отырмай», тыным таппай жүрген Күлтегіннің қанды шайқастардағы ең жақын көмекшісі, оның мінген тұлпары болып көрінеді. «Ерқанаты - ат» екені «Күлтегін» жырында да айтылады. Қанды шайқастарда Күлтегін батыр өзінің жеңіске жетуінің бір себебі - астындағы тұлпары деп біледі.
№4 Күлтегін сан түрлі шайқастарда әртүрлі сәйгүлік аттарға мініп, қан майданға шығады. Небір тұлпарлар Күлтегіннің мінісіне шыдамай, бірінен соң бірі құлап жатады. Мұның өзі батырдың қыруар күш-қуат иесі екенін аңғартып тұрған сияқты. Күлтегіннің жекпе-жекке түсетін қарсыласы неғұрлым күшті, айбарлы болса, батырдың майданға мінетін сәйгүлігі де соғұрлым жүйрік, даңқты болып келеді.
№5 Күлтегін өзінен бұрын талай рет ерлік көрсеткен алып батырлардың арғымақ аттарына мініп шығады. Мәселен, Күлтегін жиырма бір жасында жаудың ең мықды батырының бірі Чача Сеңүнмен шайқасады Сонда ол Тадықын чурдың Боз атына мініп келеді. Бұл көрініс «Күлтегін» жырында айшықталып берілген:
Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық.
Сұрақтар: Бұл поэма не туралы? Автор түркілерді неге шақырады?
«Рун жазуымен жазылған ең үлкен ескерткіштер» мәтінін оқу.
Бұл ғылыми-көпшілік стиль. Ол сөйлем құрылысы мен құрмалас сөйлемдерден көрінеді. Осы сөйлемдерді тауып, тыныс белгілерінің қойылу себептерін айтыңдар.
Бұл жұмыс тақтада орындалып, талданады. Қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар. Сын есімдер мен есім сөздерді көрсетіңдер. Құрамына қарай талдаңдар. Жұрнақтарды табыңдар. Сөз тіркестеріне синонимдер табыңдар.
Жаттығу жұмысы. Мәтін бойынша тапсырма:
а) Сөйлемге синтаксистік талдау жасау. Қазақ және орыс тілдерінде сөйлем құраудың айырмашылығы.
ә) Мәтіндегі қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу. Сын есімдер бойынша талдау жұмысы.
б) Жұрнақтарды табу.
в) Мәтіндегі сын есімдерге синонимдер табу.
6) Үй тапсырмасы. Тарих пәнінен оқығандары және қосымша ізденістері бойынша Х-ХІІ ғғ.Орта Азия мен Қазақстандағы қалалар, мәдениет пен өнердің дамуы жайлы мәтіндер әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |