Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Ұйымдастыру кезеңі:
оқушылардың көңіл күйін көтеріп, ынтымақтастық атмосферасын орнату. Тренинг «Айнаға қарап тілек айту» /3 мин/.
Санмен белгіленген әр түрлі түсті гүл дестесі арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларға қызыл, жасыл, сары, көк түсті гүл дестесін таратып беремін. Қызыл түс 1-топқа, жасыл түс 2-топқа, сары түс 3- топқа, көк түс 4-топқа жиналады, топ басшысы бір номері бар оқушы болады /2 мин/.
Үй жұмысын тексеру: Бағалау парағын және «Білемін, білдім, білгім келеді» парағын үлестіремін
Әр топқа қасиеттер жазылған парақтарды таратамын. «Жалғасын тап» әдісі бойынша қолдарындағы қасиеттерді жалғастырады (5 мин)
І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ.
Миға шабуыл
Әр топ негізгі қасиеттерге бір бір есеп құрастырады да гүл дестесіне жазады. Сосын әр топтағы №1, №2, №3 және №4 сандармен оқушылар топтасып өз дестесіндегі есебін ортаға салып түсіндіреді және басқа да түсіндірілген есептерді жазып алады. Содан орындарына келіп барлық дестелерден гүл құрастырып тақтаға топ атынан өз түстерінің гүлін жапсырады.
ІІ. Мағынаны тану
І топ «Шеңбер толтыру» тапсырмасын құрау
ІІ топ слайд жасау «Дәреженің негізгі қасиеттері»
ІІІ топ «Математикалық лото» құрастыру
ІҮ топ постер жасау «Дәреженің негізгі қасиеттері» топтар өздерінің жасаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды, талдайды.
ІІІ. Ой толғаныс: Деңгейлік тапсырма, Постерге қандай қасиеттерді қолданғанын түсіру.
«Дәреженің негізгі қасиеттері» есептер шығару.
А) Егер 4п=64, 3m=81 белгілі болса, (-n)3+m3 неге тең?
|