Балалармен жеке жұмыс
|
"Сүттен жасалатын тағамдарды ата" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балалардың сүттен жасалатын тағамдарды ажырату іскерліктерін дамыту.
– Балалар, қазір біз "Сүттен жасалатын тағамдарды ата" ойынын ойнаймыз. Ол үшін екі топқа бөлінесіңдер. Орындықтарға жайғасып алыңдар. Енді, мен музыканы қосамын, сол музыка аяқталғанша, сендер топпен ақылдасып, қандай сүттен жасалатын тағамдар бар, соларды атайсыңдар. Қай топ тағамдар санын көп айтады, сол топ жеңеді. Жақсы ойнаған топтың балаларына қазақтың ұлттық киімдері бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі. Педагог:
– Балалар, маған портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші! Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)
|
"Әдептілік" тақпағын айтқызу.
Мақсат-міндеттер. Бала тілін дамыту.
"Әдептілік" (Өмірбай Өмірзақов).
Рұқсатсыз бақшаға,
Бақыт тіпті бармайды.
Көрнеу қойған ақшаға,
Суық қолын салмайды.
Айтқан ақыл өзінің
Есінен бір кетпейді.
Жолда үлкен кісінің
Алдын орап өтпейді.
(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)
|
"Биші" тақпағын айтқызу.
Мақсат-міндеттер. Бала тілін дамыту.
"Биші" (Тоқбай Исабеков).
Биле, Алмашжан, билеші,
Әжең көріп, жасарсын.
Билей берсең күнде осы,
Шара апаңнан асарсың.
|