Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу
"Дастарханды жаямыз"
Мақсат-міндеттер. Балаларды Наурыз мейрамына қатысты қонақты күту рәсімімен таныстыру, ыдыстардың атауларын қайталау; «сиқырлы» сөздер мен әдептіліктің қарапайым ережелері жөнінде мағлұмат беру.
|
Құрастырудан ойын-жаттығу
"Үй салайық".
Мақсат-міндеттер. Балаларға кірпіштерді еден қалпында жатқан екі қос білеудің үш жағы бойына тігінен қойып, қабырғаларды қалап, үстінен екі призмамен, шатырмен жауып, үй құрастыруға үйрету; құрастыру барысын, құрылыс материалдарының қалпын үнемі түзеп отыруға бейімдеу.
|
"Дастарқанды жаямыз" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларға үстелге қойылатын ыдыстар мен азық-түліктерді атап айтқызу, қонақ күту дәстүрімен таныстыру.
Барысы: балалардың алдында дастарқанды жаю тәртібі көрсетіледі. Бір бала шақырылып педагогтің тапсырмасын орындайды. Кезекпен дастарқанға қойылған ыдыстар аталып, қажеті анықталады.
(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
|
"Қонақ күтеміз" сөздік жаттығуы.
- Мінекей, қонақтар келіп қалыпты. Олар сендерге шашу сыйлайды.
Кәмпиттен шашу жасау.
Балалар кәмпиттерді теріп алғаннан кейін, орындарына отырады.
- Ал, қонақтар, мерекелі дастарханнан дәм татып, шай ішіңдер! (шай құюды көрсету)
- Балалар, мен Данаға: "Дана, бауырсақ же" - деп ұсынамын.
- Салтанат, сен қонжыққа не дейсің? "Қонжық, шелпек же! Ас болсын!"
- Іңкәр (Батыр, Жомарт), Данаға (қонаққа) сен не дейсің? Дұрыс, шай іш (бауырсақ же).
(сөйлеуді дамыту)
|