Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
|
Шаттық шеңбері
Мақсат-міндеттері. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетені мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
(сөйлеуді дамыту)
|
Зейінді дамытуға арналған жаттығу. "Зат іздеу".
Мақсат-міндеттер. Ойынға қатысатын балалар бөлмеден шығады. Осы уақытта кішкентай бір затты (сақина, өшіргіш) көрінетін жерге қойыңыз. Балалар бөлмеге кезектесіп кіреді; оларға бөлмені айналып шығып, қандай жаңа зат пайда болғанын атауға мүмкіндік беріледі. Тапсырманы орындай алмаған бала айып ұпаймен келесі айналымға өтеді.
(танымдық дағдылар)
|
«Әдепті сөздер шеңбері»
Ойынның мақсат-міндеттері: сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету, зейінділікке, мейірімділікке баулу.
Балалар шеңберге тұрады, бір-біріне ойыншықты бере отырып, әдепті сөздер айтады.
(сөйлеуді дамыту, әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)
|
«Менің көңіл-күйім»
Ойынның мақсат-міндеттері: мейрімділікке, жақын адамның көңіл-күйін көре білуге тәрбиелеу .
Балалар кезек-кезек жылдың қай мезгілі, табиғат құбылысы, ауа-райы олардың бүгінгі көңіл-күйіне ұқсас екенін айтады.
Салыстыруды тәрбиеші бастауы тиіс: «Менің көңіл-күйім көгілдір аспандағы ақ ұлпа бұлттарға ұқсайды, сенің көңіл-күйің қандай?» деп, балаларды ойынға тартады. Ойынның соңында тәрбиеші қорытындылайды – бүгін топтың көңіл-күйі қандай: көңілсіз, көңілді, күлкілі, ызалы екенін айтады.
Қолайсыз ауа-райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты агрессивті элементтер эмоционалды күйзелісті көрсететінін түсіндіру керек.
|