Білім беру ұйымының кестесі
бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Дене шынықтыру
"Наурыз келді, алақай!"
Мақсат-міндеттер. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін жетілдіру; шеңбер бойымен бір-бірінің қолынан ұстап жүгіруге үйрету; 4-6 м қашықтыққа тура бағытта еңбектеуге үйрету.
|
Дене шынықтыру
"Наурыз құтты болсын!"
Мақсат-міндеттер. Балаларда тізені биікке көтере отырып жүру дағдыларын дамыту; арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру; гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын жетілдіру
|
Қазақ тілі
Наурызым, армысың!
«Наурыз мейрамы» тақырыбына байланысты қазақ тіліндегі мәтінді тыңдауды және түсінуді, Наурыз тойының нышандарын білдіретін барлық сөздерді қолдануды, зат есім мен етістіктен тұратын сөз тіркестерін таңдауды үйретуді аяқтау.
|
Музыка
"Көктем келді, алақай!"
Мақсат-міндеттер. Балалардың әнді орындау кезінде оның сипатын ажырата білу қабілетін қалыптастыру; әнді топпен орындау дағдыларына жаттықтыру; музыка әуенімен бірге би қимылдарын және адым жаттығуларын үйлесімді орындауға үйрету; музыкалық аспапта (қасықпен) ойнау қабілеті мен дыбысты есту қабілетін дамыту.
|
Дене шынықтыру
"Наурыз мерекесі келді".
Мақсат-міндеттер. Балаларда көлбеу қойылған тақтай үстінде жүруге үйрету; бір орыннан ұзындыққа секіру дағдыларын дамыту; негізгі қасиеттерді-шапшаңдық, ептілікті дамыту; құм салынған қапшықшаны оң және сол қолымен алысқа лақтыру дағдыларын дамыту.
|