Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қуыршақ, бізге қонаққа келді» (ойыншықты суреттеу жайлы әңгіме құрау)
Мақсаты: а) Тәрбиешінің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білу білігін жетілдіру, ә) Өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу
б) Эстетикалық талғамын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, ұлттық көйлек киген қуыршақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Топқа ұлттық киім киген қуыршақ келеді.
Балалармен амандасады.
|
Қуыршақты қызыға
Қарсы алады.
Сәлемдеседі.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
- Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдер ме?
- Олай болса, қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші.
Балалар, қуыршақ есімін айтқысы келмесе, онда бәріміз бірге оның есімін қояйық.
- Кәне, кімнің қандай есім қойғысы келеді?
- Қуыршақтың есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек.
Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш».
(Халық әні «Үкілі Кәмшат» әнін қолдануға болады.)
- Қуыршақтың есімін қойдық. Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шығарайық.
- Кәне, бәріміз бірге:
- Енді Сұлушаш қуыршағымызға тоқталайық.
- Сұлушаш сендерге ұнады ма? Несі ұнады?
(Шашы, көйлегі, сырғасы, бөркі, қамзолы, үкісі).
- Сұлушаштың шашы қандай? (Қою қара шашты)
- «Қою қара шашты» деген «шашы қалың» дегенді білдіреді.
- Ол шашын қалай жинап алыпты?
(Қос бұрымды).
- Көздері қандай? (Қарақат көзді) (қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді.)
- Ал Сұлушашымыздың көйлегі қандай?
(Бүрмелі, қазақтың ұлттық көйлегі)
Сұлушаштың бөркіне тоқталу.
- Бөрік киімнің қай түріне жатады?
- Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі?
- Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?
Дидактикалық ойын: «Өз орнына орналастыр».
Мақсаты: Балаларды суретке қарап әңгімелей білуге үйрету. Ойын шарты:
Тіл дамыту дәптерімен орындалады.
Дәптердегі №2 тапсырмасы бойынша үкі туралы әңгімелейді және үкінін қауырсынын керекті затқа орналастырады. Үкі - орман құсы. Үкінің - жүні үлпілдек.
- Енді бәріміз үкінің дыбысын салайықшы.
Сергіту жаттығуы: «Қуыршақ» өлеңін оқып беру.
Сөйлемейсің сен неге,
Тілің жоқ па, қуыршақ?
Жуынбайсың сен неге,
Кірін жоқ па, қуыршақ?
Аяғың бар ма, сен неге,
Жүре алмайсың, қуыршақ?.
Жұмсағанда сен неге,
Тіл алмайсың, қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің,
Аңқаусың ба, қуыршақ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба, қуыршақ?
(Р. Тышқанбаев)
«Айнытпай сал» ойыны.
Шарты: қуыршақтың жылаған дауысын салу.
Құлыншақтан қуыршақ,
Шауып жүріп құлады.
Салшы даусын, қуыршақ,
Сонда қалай жылады?
Ж.Қалжанова
|
- Білмейміз.
2-3 бала шығып есімін сұрайды.
Өз ойларындағы есімдерді айтады.
- Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!
Өз ойларын жеткізеді.
Оның шашы ұзын, әдемі.
- Шашын ол өріп қойыпты.
- Көздері дөңгелек, күлімдеген.
- Оның көйлегі ұзын, әдемі, ақ түсті.
- Бөрік бас киімге жатады.
- Бөріктің төбесінде үкісі бар.
Үкі суретіне қарап әңгімелейді.
Тапсырманы орындауға атсалысады.
Үкінің дыбысын салады.
Қайталайды, әрі қимыл-қозғалысын келтіреді.
Қуыршақтың жылаған дауысын салады.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
- Балалар, Сұлушаш қуыршағымыз бізден біраз нәрсе үйренген сияқты. Өйткені ол күлімсіреді. Енді ол үйренген жана, ізгі сөздерді достарына айтсын!
Қонағымызды шығарып салайық.
Қонаққа қоштасарда қандай ізгі сөз айтамыз?
Қонақты шығарып салу.
Жол көрсету.
Қорытындылап, мадақтау.
|
- Сұлушаш, сау бол!
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: ұлттық киім атауларын;
игереді: жаңа сөздер мен ізгі сөздерді;
меңгереді: қонақжайлылықты.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ит және оның кішкентай күшіктері
Мақсаты: а) Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру. (Педагог үлгісі бойынша).
ә) Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.
б) Үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері, қалташа да ит суретінің қиындылары болу керек.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Жұмбақ жасырылады:
Адамға серік,
Күзетке берік.
Дұрыс айтасыңдар, расында адамға серік, үйді күзететін ол ит екен.
|
Жұмбақтың жауабы: ит.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
- Ал ендеше бәріміз мұндағы суретке қарайық.
Демонстрациялық құрал: Ит және оның кішкентай күшік суреттері.
- Балалар, мұндағы суреттен біз нені көріп тұрмыз?
- Иттің баласын не деп атайды?
- Ал иттің дауысын немесе дыбысын еске түсірейікші? Ит не істейді? («Үреді» сөзіндегі «Ү» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау).
- Ал олар қалай үреді? («аф-аф» дыбысындағы «ф» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау)
- Ит үй жануары ма? Әлде жабайы жануар ма?
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: иттің дене мүшесімен таныс болу және оны сипаттай білуге үйрету.
Шарты: хатқалтадағы (конверт) қиындыларды жылдам біріктіру арқылы ит бейнесін шығару және оған сипаттама беру.
- Құрған бейнеге сипаттама берейікші?
- Олар қалай жүгіреді?
- Олардың жүні жұмсақ, үлпілдек болды.
(«Үлпілдек» сөзін қайталату)
Сурет бойынша әңгіме құрау:
Демонстрациялық құралдағы «Ит және оның кішкентай күшіктері».
(Балалар, әңгіме құрағанда бірінің сөзі бірі тыңдауға ұсыныс беру, соңында әңгіме құраған баланы мақтау).
- Ал, «Ит - адамның досы» дегенді қалай түсінеміз?
Сергіту жаттығу
«Терезені ашайық,
Таза ауа кірсін деп.
Жаттығуды жасайық,
Денем мықты болсын деп.»
(Тәрбиеші жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындатады және екі рет қайталатады).
Мақал-мәтел жаттайық:
Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттан,
Қой бермейді қорадан.
(Жаттауды жалпылама қайталау әдісі бойынша жаттаттыру.) Дәптермен жұмыс.
Күшіктің көлеңкесін тапқызу.
|
- Біз итті көріп тұрмыз.
- Иттің баласын күшік деп атайды.
- Иттер үреді.
- Ит үй жануарына жатады.
Ойынның шартын мұқият тыңдап, оны орындайды.
- Тікірейген екі құлағы, екі көзі, тұмсығы, арыстандай айбатты.
- Олар тез, жылдам жүгіреді.
- Үл-піл-дек.
- Мен мына суреттен итті және күшіктерді көріп тұрмын. Ит үлкен, ал күшіктер кішкентай. Ит біреу, күшіктері көп. Себебі: ит адамның үйін ұрылардан, бөтен кісілерден күзетеді. Сергіту
жаттығуын орындайды.
Тәрбиеші сөзін қайталау арқылы, мақал-мәтелді жаттап алу.
Дәптермен жұмыс жасайды.
|
Рефлексиялық - ттзетушілік
|
Сөйлемді толық құруға ұсыныс білдіру.
|
Ұсынысты мұқият тыңдап, орындауға тырысу.
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: мақал-мәтелдерді көбірек білу;
игереді: дыбыстарды дұрыс айтуға;
меңгереді: иттің дене мүшелерін біледі.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Масақ» украин халық ертегісі
Мақсаты: а) Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын айтып бере білуге үйрету, өз ойларымен бөлісе білуге талпындыру.
ә)Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, дыбысын салдырып, кейіпкерлер бейнесін сомдау қабілеттерін дамыту. б) Еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жалқаулыққа бой алдырмауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық
–қозғаушылық
|
Қуыршақ театры: «Масақ» ертегісінің кейіпкерлері қонаққа келеді.
Балалардын қандай ертегінің кейіпкерлері екенін сұрау.
|
Қуаныштарын білдіреді.
«Масақ» ертегісінен.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Жана сөздермен түсінік жүргізу:
Демонстрациялық суреттердегі бидайдың масағын, диірмен суреті, қапта тұрған ұн суреті, пештің суреті, бәліш суретін балаларға көрсетіп, оларға түсінік беру. Жаңа сөздермен жұмыс: масақ, диірмен.
Жаңа сөздерді «Телефон» ойыны арқылы қайталату. Ойынның ойналу шаршы: педагог жаңа сөзді айтады, балалар бір-бірінің құлағына сыбырлап айтып шығады. Ең соңғы бала қандай сөз естігендігін айтып береді.
Қуыршақ театрының қойылымы:
Ерте де екі Тышқан және дауысы әдемі бір Әтеш өмір сүріпті. Екі Тышқанның біреуінің аты Круть, екіншісінікі Верть екен. Тышқандар күніге тек ойнауды, өлең айтып, билеуді ғана біліпті. Ал Әтеш таң атысымен барлығын өзінің әсем дауысымен оятып, бірден жұмысқа кірісе екен. Сөйтіп, бір күні ауланы сыпырып жүргенде жерден бидайдың масағын тауып алады. Әтеш Круть Вертьті шақырып, былай де Қарандаршы, мен нені таптым?
Тышқандар тезірек жүгіріп келіп, былай деді: О, оны үгіту керек.
Әтеш: Ал оны кім үгітеді?
Круть: Мен емес, - деді.
Верть: Мен де емес, - деп айқайлады.
Әтеш: Жарайды, ендеше онда мен үгітейін.
Сөйтіп, Әтеш жұмысқа кірісті. Ал тышқандар болса, ойнап, би билеп жүрді. Біраздан соң әтеш жұмысын бітіріп, екі тышқанды шақырды.
Әтеш: Круть, Верть қараңдаршы мен қаншама дән үгіттім.
Тышқандар жүгіріп келіп, екеуі бірдей шиқылдады. Круть, Верть: Енді дәнді диірменге салып, ұн етіп үгіту керек.
Әтеш: Ал кім көтереді'. Круть: Мен емес. Верть
Мен де емес.
Әтеш: Жарайды, ендеше мен дәнді диірменге салайын.
Сөйтіп, иығына қапты салып алып Әтеш кетті. Ал Тышқандар сол уақытта бір-біріне секіріп ойнады.
Әтеш қайтадан диірменімен оралып, Тышқандарды шақырып:
- Мен ұн әкелдім, - деді. Ал Тышқандар:
- Ай, жарайсың, Әтеш. Енді осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек.
Сонда әтеш: Кім енді илейді? - дейді. Ал Тышқандар болса баяғынша жауап берді.
Тышқандар: Мен емес, мен де емес, - деді. Әтеш: Қайтадан өзім жасайтын секілдімін. Сөйтіп, әтеш ұнды илейді, отынды әкелді, пешті жақты. Пеш қызып, оған бәлішті салды. Ал тышқандар сол уақытта уақыттарын жоғалтқан жоқ. Өлеңдерін айтты, билеп жүрді. Міне, бәліште пісті, Әтеш бәлішті үстел үстіне қойды, ал тышқандар болса бірден үстел басына жетіп келді. Круть: Ой, менің қарным ашты.
Верть: Ох, менің жегім келіп тұр.
Сөйтіп, үстелге отырып алды.
Сонда Әтеш: Тоқтай тұрыңдар, тоқтай тұрыңдар. Алдымен сендер маған масақты кім тапты соны айтыңдаршы?
Тышқандар: Сен таптың, -деп айғайлады.
Әтеш: Ал оны кім үгітті?
Тышқандар: Сен үгіттің.
Әтеш: Ал кім дәнді диірменге тартты?
Тышқандар: Тағы да сен, -ақырың айтты.
Әтеш: Ал кім иледі? Отынды кім әкелді? Пешті кім жақты? Бәлішті кім пісірді?
Тышқандар: Бәрін де сен, бәрін де сен! - деп ақырын айтты.
Әтеш: Ал сендер не істедіңдер, сонда?
Не деп айтатындарын білмей, айтатын жауаптары болмады. Сонымен Круть пен Верть үстелден тұрып кете берді. Ал әтеш болса оларды ұстамады. Себебі: мұндай еріншек пен жалқауларға бәліш берудің де қажеті жоқ деп түсінді.
Сұрақ-жауап:
- Балалар сендерге кейіпкер соңынан сөздерін қайталап отырған ұнады ма?
- Ал сендер не түсіндіңдер?
Ендеше мақал-мәтелді қайталайық:
Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектің наны тәтті.
- Әрине, балалар, енбекпен табылған нан тәтті.
- Жақсы, балалар өз орынымыздан тұрып, сергіту жаттығуын орындайық.
Сергіту жаттығуы.
Қанат жаям жалма-жан
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп, қол созам,
Аяғымның ұшына.
(Тәрбиеші жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындату және екі рет қайталату.)
Дидактикалық ойын:
Қайсысы ірімшікті жақсы көреді?
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: жұмыс дәптерімен орындалады.
|
Ойынды қызыға ойнайды.
Қуанып, әр кейіпкердің сөзін қайталап отырады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Қуанып, әр кейіпкердің сөзін қайталап отырады.
- Ал оны кім үгітеді?
- Мен емес, - деді.
- Мен де емес, - деп айқайлады.
- Жарайды, ендеше онда мен үгітейін.
- Енді дәнді диірменге салып, ұн етіп үгіту керек.
- Ал кім көтереді?
- Мен емес.
- Мен де емес.
- Жарайды, ендеше мен дәнді диірменге салайын.
- Ай, жарайсың, Әтеш. Енді осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек.
- Кім енді илейді?
- Мен емес, мен де емес
- Менімше, қайтадан өзім жасайтын секілдімін.
- Ой, менің қарным ашты.
- Ох, менің жегім келіп тұр.
- Токтай тұрыңдар, тоқтай тұрыңдар. Алдымен сендер маған масақты кім тапты соны айтыңдаршы?
- Сен таптың.
- Ал оны кім үгітті.
- Сен үгіттің.
- Ал кім дәнді диірменге тартты.
- Тағы да сен
- Бәрін де сен, бәрін де сен!
- Ал сендер не істедіңдер, сонда?
Әрине, ұнады. Ертегінің қысқаша мазмұнын айтып шығады.
«Жалқаудың жаны тәтті, Енбектің наны тәтті.»
Сергіту жаттығуын орындайды.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Жаңа сөздерді дұрыс айтуға ұсыныс білдіру.
Қонаққа келген кейіпкерлермен қоштасу.
|
Ұсынысты қабылдайды.
Сау болыңыз!
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: еңбекқор сөзімен жалқау сөздер айырмашылығын;
игереді: кейіпкерлер дауысын айнытпай салуды;
меңгереді: бәліштің қалай жасай алатындығын біледі.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «З» және «С» дыбыстары
Мақсаты: а) Балаларға «3» және «с» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру.
ә) Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың анық, таза, әрі түсінікті дыбыстап айта білу біліктерін дамыту.
б) Ізгі сөздерді күнделікті айта білуге дағдыландыру, үнемділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: күз, су.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Демонстрациялық құралмен жұмыс:
Балалардың назарын жыл мезгілдерінің суреттеріне аудару. Оларды ерекшелігіне сай атау. (қыс, көктем, жаз, күз) Қазіргі жыл мезгілін және ай атауларын сұрау.
|
Назарларын суретке аударып, оларды атауға әрекеттенеді.
Күз мезгілі екенін, ай атауларын атауға атсалысады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Жыл мезгілдерін рет-ретімен атау.
Қай сөзде «с», қай сөзде «з» дыбысы бар екенін айта отырып, сол дыбыстарды дұрыс әрі таза айтылуын қадағалау, сөйлем құрауын ұсыну.
- «Ыз-ыз-ыз» деп ызылдап дыбыс шығарайық.
- Ненің дыбысына ұқсайды?
- «С», «з» дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей керіліп, тістер көрінеді. Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді, тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шығады.
«3» дыбысына дыбыстық жаттығу жасату.
За-за-за - таза
Зу-зу-зу - жазу
Зы-зы-зы - қозы
Зе-зе-зе - зерек
Аз-аз-аз - жаз
Ыз-ыз-ыз - қыз
Үз-үз-үз - күз
Із-із-із - сәбіз
Буын ішінде келген «с» дыбысын ажыратқызып үйрету.
Са-са-са - сана
Су-су-су - суық
Се-се-се - кесе
Ас-ас-ас - тас
«С» және «з» дыбысының ауада жазылуын көрсету.
«з» дыбысының 3 санына ұқсайтыны айтылады.
Топтағы немесе басқа да «з» және «С» дыбысы бар заттарды атау.
Тыныштық сақтап сағаттың дыбысын тыңдату. Оның кажеттілігі мен пішіндері туралы әңгіме өрбіту.
- Бәріміз сағат болайық: сырт-сырт, сырт-сырт.
Сергіту жаттығуы.
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау.
(Қ.Ыдырысов)
Дидактикалық ойын: «3 және с дыбыстары»
Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту және «3» мен «с» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.
Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі № 1 тапсырма әр жыл мезгілдеріне сәйкес суреттерді қос, ал № 2 тапсырма суреттегі заттың атын ата, оны дұрыс айтып үйрен.
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Судың да сұрауы бар.
Жаңылтпаш жаттату.
Арықтан су сылдырлап ағады,
Сылдырап ағады,
Сылдырап ағады,
Сылдырап ағып,
Сырдарияға барады.
|
- Күз(з).
- Қыс(с).
- Жаз(з). Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрайды.
- Ыз-ыз-ыз.
- Араның, масаның дыбысына ұқсайды.
Буындар мен сөздерді педагогпен бірге қайталап, дұрыс дыбыстап сөйлеуге тырысады.
Педагогпен бірге ауада жазуға талпынады.
«з» дыбысының 3 санына ұқсайтынын біледі.
Өздері білетін сөздерді атауға атсалысады. Терезе, есік, сандық, сиыр, сағат, сағыз, сан
Сағаттың дыбысын салып сыртылдайды, сағат туралы әңгімелейді.
- Сырт-сырт, сырт-сырт.
Қимылын келтіріп жасайды.
Дәптермен жұмысты орындайды.
Дұрыс сөйлеп, дыбыстауға
әрекеттенеді.
Педагогпен бірге қайталайды.
Мақалдың мағынасын түсініп, суды үнемдеу керектігін түсінеді.
Жаңылтпашты жаңылмай қайталап жаттауға талпынады.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде үйренгендерін сұрай отырып, таңертең және кешкілік айтылатын ізгі сөздерді қайталату:
- Сәлеметсіз бе!
- Сау болыңыз!
|
Ізгі сөздерді қайталайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |