Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет24/26
Дата19.04.2018
өлшемі4,49 Mb.
#40225
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Күтілетін нәтижелер:

біледі: құрылыс материалдарынан балабақша ауласындағы құрылыстарды құрастыруды;

игереді: құрылыс материалдарын тиімді пайдалану әдіс-тәсілдерін;

меңгереді: әртүрлі құрылыстарды құрастыра білуді.

30 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оңу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен құрастыру.

Тақырыбы: Үйлер.

Мақсаты: үй құрастыру арқылы үйдің бір және бірнеше қабатты түрлерімен және олардың бөліктерімен таныстыру, қағаздан үйді құрастыра білуге үйрету және балаларды бірізділікпен жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: екі түсті шаршы қағаздар, фломастер немесе маркерлер, үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: қағазды беттестіру, теңестіру, қос бүктеу.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Үйдің үлгі суретін көрсете отырып,

педагог оның жасалу жолдарын

түсіндіреді.

Балалар педагогпен біргеқағаздарды

бүктейді.

Үйымдастырушылық-

ізденістік

- Қағазбен үйді құрастыру үшін бізге

мына заттар қажет болады:

- 2 түрлі түсті шаршы 15x15 см қағаз;

- есік жасауға арналған

тіктөртбұрышты қағаз;

- терезеге 4 шаршы кішкентай

қағаздар;

- қайшы;

- желім;

- терезенің әйнектерін жасау үшін ақ

қағаз немесе ақ маркер қажетболады.

- Екі түсті қағазды алып бір-біріне

беттестіреміз.

- Беттескен қағаз ортасынан бүктеледі.

- Бүктелген қағаз ішке тағы бір рет

бүктеледі.

- Бүктелген қағаз екі жаққа ашылып,

өр бөлікті беттестіріп бүктейміз.

  • Екі бұрышы ішке қарай бүктеледі.

  • Бүктелген бұрыштар ішінен сыртқа ашылады.

  • Үйдің пішіні дайын болған кезде дайындалып қойған терезе мен есікті жапсырамыз.

Балалар

педагогтің

көрсетуімен бірге

қағазды бүктеп

үй жасайды.

Педагогтің

көрсетуімен

балалар қағазды

бірге бүктеп отырады.

Фломастер не­

месе маркерлерді

пайдаланады.

Екі түсті қағазды

пайдаланады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың жұмыстарына бақылау

мен басшылық жасалып, жақсы

құрастырылған үйлерді таңдап, талдау жасалады.

Балалар өз

үйлерін қалай

жасағандары туралы айтыпбереді.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: қағазды бүктеу арқылы үйді құрастыру жолдарын;

игереді: екі түсті қағазды пайдаланып, үйдің құрылысын жасау жолдарын;

меңгереді: қағазды бүктеу, оны белгілі бір бейнелерге келтіре білуді.


Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қалдық материалдармен жұмыс.

Тақырыбы: Қағаз майлықтарға арналған стақандар.

Мақсаты: қалдың материалдармен жұмыс жасауға үйрету, балалардың ой қиялын дамыту, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: йогурт құтысы, еремксаз, әртүрлі дәндер, бояу, қылқалам.

Сөздік жұмыс: йогурт құтысы, стақанның екі немесе торт «бүйірі», қырлары.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балаларға асханадатамаққа және іс-әрекет кезіндекезекшілікте қандай істермен

айналысқандарын естерінетүсіреді. Қол сүртетін сүлгініқайда қоюға болатынын, қағаз

сүлгілерді арнайы стақандарғасалып қоятынын айтып, осын­дай стақандарды біз бүгін дайындаймыз деп үлгіні көрсетіп әңгімелейді, жасалу жолдарын түсіндіреді.

Балалар

кезекшіліктегі

іс-әркеттерін

естеріне түсіреді,

үлгіні талдау

жасайды.










Үйымдастырушылық-

ізденістік

(Балаларға әр түсті йогуртстақандары таратылып беріледі).

- Оны безендіру үшін бізге ермексаз және әртүрлі дәндер қажетболады. Алдымен ермексаздыстақанның түсіне үйлестіріп

таңдап аламыз, оны алақан арасына салып домалақтап, тегістейміз, алақан арасына салып қысып, басамыз, сонда ол домалақ пішін жалпақ болады, оны стақанның «бүйіріне» жапсырамыз. Ол ермексаздың үстіне дәндерді әртүрлі өрнектер жасай отырып бастырамыз.

(Балалардың қалауы бойынша стақанның екі жағына да жасатуға болады).

Педагог балаларға көмектесіп, жеке нұсқаулар береді. Екі жағын, торт жағын безендіруге бағыт беріледі.

Балалар

стақандарды

таңдап алған соң,

оған ермексазды

жабыстырып,

оны дәндермен

әшекейлейді. Дайын болған стақандарға қағаз сүлгілерді (салфетка) түтікше тәрізді етіп орап салып қояды.

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Балалардың жасаған стақандарын алып, жақсы жасалған жұмыстар мадақталады.

Балалар кімнің жұмысы жақсы жасалғанын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет