Орталық азия елдерінің Қауіпсіздік мәселелерінің негізгі аспектілері



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі186 Kb.
#46022
  1   2   3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..........................................................................................................


  1. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздері............……………..……………………...........................................

1.2 Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары............................





  1. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ....................................................

2.1 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесінің ерекшелігі мен қайнар көздері………………………………………………........................

2.2 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары...........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі XXғ. аяғы – XXIғ. басында ғаламдық және аймақтық деңгейде саяси-экономикалық салада мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділік және әлемде пайда болған жаңа қауіптерге төтеп беру үшін бірігіп қызмет ету іс-шаралары күшейе түседі. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы ынтымақтастық жаңа көрініс алды. Оңтүстіктен төніп тұрған қауіптер – аймақтық қақтығыстар, халықаралық лаңкестік, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, демографиялық теңсіздік бүгінде Солтүстік елдерінің басты назарын аудартып отыр.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азияда бес тәуелсіз мемлекет пайда болды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан. Орталық Азия посткеңестік аймақтағы маңызды стратегиялық аймаққа айналды. Табиғи қазба байлықтарға бай Орталық Азия аймағы әлемдегі ірі державалардың мүдделері тоғысқан аймақ болып табылады. Кеңестер Одағынан бөлініп шыққан мемлекеттер ендігі жерде өз қауіпсіздіктерін қалыптастыруға кірісті. Қауіпсіздікті берік қамтамасыз ету мақсатында тынтымақтастық шаралары жүзеге асырыла бастады. Ең алдымен Орта Азия мемлекеттері арасында дипломатиялық қарым‑қатынастар орнатылып, екі жақты қатынастарда қауіпсіздік саласындағы келісімдер жасала бастады. Осы қатынастардың негізінде тынтымақтастық ұйымдары құрыла бастады. Мұндай ұйымдардың жарқын мысалы Шанхай Тынтымақтастық Ұйымы, Ұйымдық Қауіпсіздік Шарты туралы Ұйым. Қазіргі таңда осы ұйымдардың аясында қауіпсіздікке әсер ететін мәселелермен түрлі бағытта күрес шаралары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдамасында айтқандай, «ұлттық мүддені қорғауды және болашақта аймақтағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудің жолы – интеграция саясатында жатыр. Сондықтан да бірінші кезекте Қазақстан өз сыртқы саясатында басты назарды Ортаазиялық интеграциялық үрдіске бөлуі тиіс», – дейді.

Жұмыстың негізгі мақсаты - Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттарын, Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы мәселелердің ерекшеліктері мен қайнар көздерін, осы мәселелерді шешуге бағытталған тынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашып көрсету. Осы мақсаттарға жету үшін біз төмендегідей міндеттерді алға қойдық:



  • Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау.

  • КСРО құлдырағаннан кейінгі тәуелсіздік алған мемлекеттердің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайын, сыртқы және қауіпсіздік саясатын қарастыру.

  • Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары зерттеу

  • Орталық Азия елдерінің ішкі қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастығын талқылау.

  • Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастықтың жаңа бағыттары

Қазақстандық зерттеушілер қазақстанның сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі тарихшы-ғалымдардың еңбектері бар.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық, саяси, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орта Азиядағы ішкі қауіпсіздік жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты мәселелер белгілі ғалым М. С. Әшімбаев еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау жасалынған [3].

Тарих ғылымдарының докторы М. Т. Лаумуллин өзінің «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы қауіпсіздік, сыртқы саясат және халықаралық қатынастыр: 1991 – 2001» [14] еңбегінде Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тарихын қарастырады. Зерттеу барысында Қазақстанның ядролық қауіпсіздік мәселесіне және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа аспектісіне үлкен көңіл бөлінеді.

Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары К. Н. Макашева, Қ.Е.Байзақованың, және т.б. еңбектері бар.


Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үлкен екі тарауға бөлінген, бірінші тарау Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік мәселелерінің негізгі аспектілері. Ал екінші тарау Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы баяндалады. Жұмыстың құрылымы қорытынды және пайдаланылған әдебиетпен бітеді.
1. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ


    1. Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздері

КСРО тыдырағаннан кейін Орта Азия мемлекеттері тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. Осы кезеңнен бастап аймақ халықаралық қатынастардың дербес субъектісіне айналғандықтан, аймақтық аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі туындады. Қазақстан Орта Азия мемлекеттерімен дипломатиялық қарым‑қатынастар орнатып, қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастықты дамытуға белсене кірісті.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды. 2007 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасында Төтенше және өкілетті Елшісі Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков болып табылады. 2008 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасында Төтенше және өкілетті елшісі Фарух Исламжанұлы Тұрсынов болып табылады.

Қазақстан-өзбек арасындағы қатынастар жеткілікті түрде тұрақты дамуда. Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерінде ықпалдасады олар халықаралық ұйымдар мен форумдар мысалы ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨЫСШЖК мүшелері болып табылады. Қазақстан-өзбек қатынастары шарт-құқықтық базасын ынтымақтастықтың барлық саласын қамтитын 100-ден астам құжат құрап отыр. ҚР Президентінің 1998 жылғы 30 қазандағы Өзбекстанға ресми сапары кезінде екі жақты қатынастардың негізін салушы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойылды. 2006 ж. 11 қаңтарда Өзбекстан Президенті И. Кәрімов Астана қаласында өткен Қазақстан Президентін ресми ұлықтау салтанатты рәсіміне қатысты. 2006 жылғы 19-20 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында екі ел Президенттерінің жетекшілік етуімен Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесін (МҮК) құру туралы шешім қабылданды. Ол екі жақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін тиімді шешуге қызмет етеді. Ол сондай-ақ Алматыда өткен АӨСШК Екінші Саммитіне (2006 жылғы 17 маусым) және Астанадағы Орталық Азия елдері президенттерінің ресми емес кездесуіне (2006 жылғы 1-2 қыркүйек) қатысты. 2006 жылдың 4 қыркүйегінде ӨР Президенті И.Кәрімовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары болды, оның барысында Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесінің ережесі бекітілді. Сонымен бірге 2006-2010 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық және 2006-2008 жылдараға арналған мәдениеттілі-гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламаларына қол қойылды.

2006 жылғы 3 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары болып, оның барысында МҮК-тің 1-ші отырысы өтті. 2007 жылғы 26-27 шілде аралығында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Өзбекстанға сапары болып, оның кезінде МҮК-тің 2-ші отырысы өтті. К.Мәсімов Ташкентте болған уақытында оны ӨР Президенті И.Кәрімов қабылдады және ол ӨР Премьер-Министрі Ш.Мирзиёевпен келіссөздер өткізді.

МҮК отырысы кезінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 2007-2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың стратегиясына қол қойылды және оны іске асыру үшін жұмыс тобы құрылды. 2008 жылдың 22-23 сәуір күндері Президент И.Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары орын алды, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды қарастырды. Қазақстан мен Өзбекстан арасында еркін сауда аймағын құру, бизнес-орталықтар және Сауда өкілеттіктерін ашу, мұнай саласында әріптестікті нығайту және т.б. туралы келісімдерді дайындауға екі жақ уағдаластыққа келді.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Түрікменстанда ресми сапармен 1993 жылғы 19 мамырда, 1999 жылғы 8-9 сәуірде болды, сондай-ақ 2002 жылғы 23-24 сәуірде Ашхабат қаласында өткен Каспий жағалауы мемлекеттері Басшыларының Бірінші саммитінің жұмысына қатысты. Түрікменстанның Президенті С.Ниязов Қазақстанда ресми сапармен 1997 жылғы 27 ақпанда, 2001 жылғы 5-6 шілдеде болды, сондай-ақ 2002 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. 2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында мемлекет басшылары Қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялау процесі туралы шартқа қол қойды. 2005 жылдың қараша айында іргелес мемлекеттердің мемлекеттік шекарасында алғашқы шекара бағаналарының орнатылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін ағымдағы жылы аяқтау көзделген. Қазіргі таңда біздің елдеріміз Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтауға қатысты келіссөз процесіне қатысуда. Бұл мәселеде Қазақстан мен Түрікменстан ұқсас ұстанымдар білдіріп,келісушілік танытп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің табанын межелеу туралы келісімнің жобасын даярлауға байланысты келіссөз процесі жалғасу үстінде. Сондай-ақ Арал теңізі бассейнінің су қорларын басқару және трансшекаралық өзендердің су қорларын пайдалану мәселелері қарастырылатын Аралды сақтап қалу халықаралық қоры шеңберінде Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастық танытуда.Географиялық тұрғыдан жақындығы, тарихи тарихи тұрғыдан терең тамырластығы, тілдің, мәдениеттің, салт – дәстүрдің ортақтығы Қазақстанның Қырғыстан Республикасымен жаңа тиімді ынтымақтастығының сенімді негізі болып табылады. Екі жақты қарым-қатынас 1993 жылы жасалған, Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелеріне сәйкес құрылады. Шартта тараптардың әрқайсысы өз аумағында тұрып жатқан екінші тараптың азаматтарына жалпыға бірдей танылған азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен еркіндіктерге кепілдік береді. Құжатта сауда-экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және басқс да байланыстарды кеңейтуге, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша маңыз беріледі. Тараптық қоршаған ортаның ластануын болдырмау, табиғатты пайдаланудың, әсіресе экологиялық тұрғыдан қолайсызаудандарда ұтымдылықты және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз етуге айрықша маңыз беріледі. Тараптар қоршаған ортаның ластануын болдырмау, табиғатты пайдаланудың, әсіресе экологиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда ұтымдылықты және русурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау туралы өздеріне міндеттеме алды. Мемлекеттер сейсиология саласында ынтымақтасуға, өз аумақтарындағы ірі эколгиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда ұтымдылықты және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау туралы өздеріне мндеттеме алды. Мемлекеттер сейсмология апаттардың салдарын жоюда жәрдем көрсетуге, сондай-ақ халықтың тыныс тіршілігі үшін қауіп туғызатын, табиғи және техногендік факторларға байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара көмек көрсетуге уағдаласты.

Екі жақты қатынастардың шеңберінде 90-ға жуық құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптері туралы, Еркін сауда-саттық туралы, Қазақстан мен Қырғыстанның үкіметтері мен ұлттық банктері арасында есеп айырысуларды ұйымдастыру туралы келісімдер маңызды болып табылады. Жерді республикааралық пайдалану туралы, өнеркәсіп, құрамында ураны бар шикізатты өндіру және ұқсату саласындағы бұдан былайғы интеграция туралы және басқа да келісімдердің маңызы үлкен. Тараптардың өзара қарым-қатысындағы негізгі арқау – сауда-экономикалық ынтымақтастықты жан-жақты тереңдету.

Қырғыстанның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Біртұтас экономикалық кеңестік құру туралы шартқа қосылуы, осы шартқа қосылуы, осы шартқа үш тарапты құжаттың сипатын беру шын мәнінде Орталық Азия республикаларының арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғандығын куәландырады, олар өзара тиімді байланыстарды нығайту мақсатында күш-жігерді біріктіруге деген ұмтылыстарын анық білдірді. Екі жақты қатынастарды кеңейту үшін Президент А. Ақаевтың 1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстанға ресми сапарының зор маңызы болды. Екі мемлекет басшылары мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды. Бұл құжат Қазақстан мен Қырғыстанның әртарапты ынтымақтастығының тұрлаулы болашағын белгілеп берді. Екі елдің Президенттері екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараны құқықтық тұрғыда ресімдеудің орындылығы туралы пікір білдірді. Осы уағдаласты орындау үшін тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекараны делимитациялауға кірісті. Н. Назарбаевтың 2001 жылғы маусымда Бишкек сапары барысында екі мемлекет басшылары осы жұмысты тиісті шартқа қол қою үшін жылдың аяғына дейін аяқтау ниеті туралы мәлімдеді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы «Шанхай бестігінен» (Қазақстан, Ресей, Кытай, Қырғызстан және Тәжікістан) құрылған. ШЫҰ-ның негізі – Шекара аумағында әскери саласында сенімді нығайту туралы Шанхай келісімі (1996 жылы) және Шекара аумағында қарулы күштердің өзара қысқартылуы туралы Мәскеу келісімі (1997 жылы) болып табылады. Аталған екі тарихи келісімнің біріншісіне қол қою үшін 1996 жылы Шанхай қаласында бес мемлекет басшысы кездесіп, ол «Шанхай бестігі» деген атауға негіз болды. Шанхайдағы, оған ілесе бір жылдан кейін Мәскеуде өткен саммиттер алты жылдан соң көп жақты ынтымақтастық ұйымына айналған құрылымның негізін қалады.  Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға ерекше мән береді. ШЫҰ осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және сенім шараларын нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының нәтижесінде пайда болды. Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және мәдени–гуманитарлық салаларға таралды.



Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы мемлекеттерді  ШЫҰ-ның құрамында бірігуге итермелейді. ШЫҰ – белгілі бір күштерге қарсы қимылдайтын әскери одақ немесе тұйық қоғамдастық емес. Ол – халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі жағдайдағы мән беретін мәселелері – аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сауда–экономикалық ынтымақтастықтың дамуы. «Шанхай үдерісінің» ең жоғары жетістігі – Қытай шекарасындағы шиеленісушіліктің әлсіреуі. Дипломатиялық және әскери сарапшылардан тұратын Бірлескен Бақылау Тобы шекара бойындағы 100  шақырымдық қауіпсіздік аймақтарда өзара тексерістерді жүргізеді. 2001 жылғы Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы келісімшарт негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТҚҚ-ның Атқарушы Комитеті 2004 жылдан бері Ташкентте жұмыс істейді. 2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды: ШЫҰ-ның Хартиясы, ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының мәлімдемесі. 2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру және орындалуының тәртібі туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде сауда–экономикалық, көлік, энергетика салаларындағы қарым–қатынасты одан әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды. Көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастықтың Бағдарламасы, ШЫҰ-ның 2004 жылғы бюджеті және тағы басқа қаржы құжаттары қабылданды. 2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс істейді. 2004 жылы 17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға  мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп, Ташкент мәлімдемесін  жасады және көптеген құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады. 2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық сипаттағы маңызды құжаттар –(терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесінің баяндамасы бекітілді. Сонымен қатар Пәкістан, Иран және Үндістан мемлекеттеріне ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. 2005 жылы 26 қазанда Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер қабылданды. 2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы мерейтойлық саммитінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу саласындағы ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға арналған ШЫҰ-ның мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрестің бағдарламасы қабылданды.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет жүйелі түрде кездеседі. Ү.ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар төрағаларының кездесуі ү.ж. қыркүйек айына жоспарланған. 2006 жылы ШЫҰ-да жаңа іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік және Іскерлік Кеңес құрылды. 2006 жылдың мамыр айынан ғылыми – саяси топтардың Форумы өз жұмысын бастады. Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр.  2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды. ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның Бас хатшысы –  Қазақстанның өкілі Б.Қ. Нұрғалиев, ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры –  Қырғыз Республикасының  өкілі М.У. Субанов.



Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қазіргі кезеңде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тек Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастығы үшін де ең өзекті  мәселелердің бірі болып табылады.Қазақстан Республикасы елдегі және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жаңа қауіп–қатерлермен халықаралық құқық арқылы күресуге, төнер қауіпті болдырмау және алдын ала сақтандыру мәселелерін шешуге, олардың негізінде жатқан іргелі себептерді жоюға қолайлы жағдайларды туғызу үшін дәйекті түрде қолдау жасайды. Бүгінгі күні Ұжымдық қауіпсіздік тұралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл мен үйлестіру жұмыстарының құралдарының бірі болып табылады. ҰҚШҰ – халықаралық аймақтық бірлестік, оның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.
1.2Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары
Азиядағы өзара іс – қимыл және сенім шаралары кеңесі. Ресми атауы: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК).Құрылу күні: АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Мәртебесі: Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша пікірлесу, келіссөздер жүргізу және келісімге келу негізінде шешім қабылдау мен шаралар қолдану жөніндегі мемлекетаралық форум. Қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты: Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты көзқарасты пысықтау жолымен ынтымақтастықты нығайту.Мүше мемлекеттері: Ауғанстан, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Израил, Иордания, Иран, Корей Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Мысыр, Өзбекстан, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Үндістан. Бақылаушылары: АҚШ, Вьетнам, Жапония, Индонезия, Қатар, Малайзия, Украина (мемлекеттері); БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ (ұйымдар). Төраға мемлекеті: Қазақстан Республикасы (2002-2006 жж., бірінші мерзім; 2006-2010 жж. екінші мерзімге қайта сайланды). Саяси органдары: Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым). Көмекші органдары: АӨСШК Атқарушы директоры модераторлық ететін түрлі тақырыптағы Арнаулы жұмыс топтары (АЖТ) және Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК). Әкімшілік органы: Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Д.Бәкішев (Қазақстан), Атқарушы директордың орынбасары Корхан Каракоч (Түркия), кәсіби персонал (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран және Пәкістан). Хатшылықты 2010 ж. Астанаға көшіру мәселесі қарастырылуда. Басты кездесулері: I-ші СІМК (1999), Бірінші Басқосу (2002), IІ-ші СІМК (2004), Екінші Басқосу (2006), IІІ-ші СІМК (2008). Құрылу құжаттары: АӨСШҚ-ға мүше-мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер декларациясы (1999-жылы АӨСШҚ-нің сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002-жылы АӨСШҚ-нің мемлекет және үкімет басшылары қол қойған). Негізгі құжаттары: Сенім шаралары тізімдемесі, Рәсімдер ережесі (2004-жылы қабылданған). АӨСШҚ Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (2006-жылы қол қойылып, 2007-жылы ақпан айында бекітілген). АӨСШҚ рәміздері туралы ереже, Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен тәсіл, АӨСШҚ-ның сыртқы байланыстары туралы ереже (2007-жылы қабылданған), Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісім (2007-жылы қол қойылып, 2008-жылдың наурыз айында Қазақстан бекіткен). Саяси декларациялары: АӨСШК-нің Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы сұхбатты дамыту декларациясы (2002-жылы), Сыртқы істер министрлер Екінші Кездесуінің декларациясы (2004-жылы), Мемлекет және үкімет басшыларының Екінші Басқосуының декларациясы (2006-жылы), Сыртқы істер министрлер Үшінші Кездесуінің декларациясы (2008-жылы).

АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды.

Бастаманың негізгі мақсаты - Азия құрылығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ертеректе табысты бола алмай қалған тиімді де әмбебап құрылымын жасау жолындағы талпыныстарды қайта жаңғыртуға ұмтылу, өйткені, қазіргі таңға дейін, әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда, осындай құрылым әлі күнге дейін қалыптасқан жоқ.

Бүгінгі таңда АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің алатын аумағы едәуір кең. Аталған мемлекеттердің жалпы аумағы бүкіл Азия аумағының шамамен 90% құрайды. Бұл мемлекеттерде бүкіл жер шары халқының 45% астамы тұрады.

Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы. 2002 жылы 4 маусымда Алматыда Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы болып өтті.  Осы Басқосуға Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан Президенттері, Әзірбайжан және Үндістан Премьер-Министрлері, Иран, Мысыр, Палестина және Израильдің өкілетті ресми тұлғалары, бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина және Корей Республикасының өкілдері, бақылаушы ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ басшылары қатысты.

Басқосу барысында Алматы Актісіне, Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа (диалогіне) қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды.

Үндістан және Пәкістан, Палестина мен Израиль сияқты өзара жанжалды жағдайда болған елдер басшыларының қатысуын Алматыдағы  кеңестің  үлкен бір ерекшелігі деп айта аламыз. Атап айтқанда, Азия кеңесі сол кездің өзінде мәселелер мен жанжалдарды реттеудің жолын іздеу мақсатындағы сұхбатқа бағытталған ашық форум болуға деген өзінің қажеттілігін, яғни өзінің нақты бағытын айқындап үлгерді.

Азия кеңесінің Екінші СІМК-і. 2004 жылы 22 қазанда Алматыда Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің II-ші Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Бұл кездесу қарсаңында Таиланд Корольдігінің Азия кеңесіне он жетінші мүше-мемлекеті болып қабылдануы айтарлықтай оқиға болды. Азия кеңесінің жұмыс істейтін сұхбаттық құрылымы Азия құрлығында күннен күнге көптеген өз жақтастарын тауып келеді.

Сенім шаралары тізімдемесінің, Рәсімдер ережесінің және Азия кеңесі Министрлік кездесуінің декларациясының қабылдануы Министрлер кездесуінің басты нәтижесі болды. Осы аталған құжаттар АЖТ-ның екіжылдық еңбектерінің әзірлеген қорытындысы болды.

Декларацияда аймақ пен әлемдегі қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің ұстанымдары мен бір ымыралы көзқарастары көрініс тапты. Делегация басшылары шешілмеген мәселелерді және сенім шараларын іске асыру жөніндегі бағыттарды айқындау туралы тізімдемеде бекітілген ортақ әдістерді пайдаланудың маңыздылығын арнайы атап өтті.

Қатысушылардың пікірінше, қабылданған Азия кеңесі Сенім шаралары тізімдемесінің маңыздылығына баға беру оңай емес. Қауіпсіздік пен бірқалыптылық мәселелері бойынша көпжақты қарым-қатынасты көздейтін құжаттың қабылдануы Азия құрлығының тарихында бірінші рет болып отыр ]. Азия кеңесінің Екінші Басқосуы 2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында өтті. 4 жыл бұрын Бірінші Басқосуды өткізу мен Азия кеңесін қалыптастырған құжатқа (Алматы актісі) қол қоюдан бастап, Кеңестің істері мен мақсаттары әлем қауымдастығында кең көлемді қолдау мен түсінушілік тапты. Таиланд Корольдігі (2004 жылы) және Корей Республикасы (2006 жылы) сынды аймақтағы беделді елдердің Кеңеске толық құқықты мүше болып қосылуы бұған дәлел болды. Сөйтіп, Азия кеңесі диалогқа бағытталған форум ретінде Азия құрлығында үлкен сұранысқа ие болып отыр.  Басқосу барысында көп ауқымды саяси құжат – Азия кеңесі Екінші Басқосуының декларациясы қабылданып, форумның институттану жолындағы негізгі құжаты – Азия кеңесі Хатшылығы туралы келісімге  қол қойылды.

Декларацияда Кеңеске мүше мемлекеттердің:

- азиялық өңір және әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық көкейкесті мәселелеріне ортақ көзқарасы;

- күн тәртібіндегі мәселелерді шешу барысында әмбебап ұстанымды қолдану және оны дамыту, 2004 жылғы Азия кеңесі сенім шаралары тізімдемесіне кірген шараларды іске асыру және үдерістің одан әрі дамуы принциптері;

- I-Басқосудан бастап II-Басқосуға дейін Азия кеңесі жұмысының қорытындылары;

- БҰҰ реформасы жөніндегі ұстанымдары көрініс тауып, жаппай қырып–жою қаруын таратпау, аймақтық таластарды шешу, жаңа қауіп-қатерлерге төтеп беру, өркениеттер арасында диалогті дамыту, мемлекеттердің ядролық технология, материал және жабдықтарды иемдену құқығы және оны Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қауіпсіздік кепілі жөніндегі келісім негізінде бейбіт мақсаттарда қолдану, Орталық Азия мемлекеттерінің ядролық қарудан азат аймақты құру туралы  ұсыныстары айтылып, халықтар арасындағы бірлік пен қарым-қатынастарды нығайтатын Жібек жолының дәстүрлерін қайта жаңғырту мақсатында туризмді дамытуға көңіл бөлінді [16]. 

2010 жылы болатын Үшінші АӨСШК-нің Басқосуына дайындық аясында маңызды іс-шаралардың бірі - 2008 жылы 25 тамызда Алматы қаласында өткен ІІІ сыртқы істер министрлерінің отырысы болып табылады. Осы іс-шараға 19 мүше-мемлекетер, 7 бақылаушы-мемлекеттер, 6 халықаралық және өңірлік ұйымдардың делигациялары қатысты. Кездесу барысында Бірлескен тәсілді іс-жүзінде іске асыру мәселесіне ерекше көніл бөлінді.

Жалпы алғанда, форумның сенім шараларды дамыту және іске асыру сондай-ақ ынтымақтастықтың әр түрлі формалары шенберінде ары қарай дамуы мен алға басуын болжай беруге болады. Қолда бар алғышарттар болашақта Кеңесті ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейі – превентивті дипломатия және қақтығыстарды болдырмау жағдайына жеткізуге мүмкіндігін береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет