Ми инсульті (МИ) – кенеттен дамыған клиникалық неврологиялық синдром, мидың ишемиясына және қанқұйылуынаа байланысты дамиды.
Неврологиялық ошақтың немесе мидың жалпылама бұзылысы 24 сағатқа созылады немесе өліммен аяқталады.
Егер 21 тәулікте қалпына келсе кіші инсульт деп аталады.
ТЕРМИНОЛОГИЯ
Мидағы жедел қанайналым бұзылысы (ОНМК) –милық инсуьт деген түсінік ми қан айналым бұзылысымен бірдей.
Ми қанайналымының өтпелі бұзылысы-церебральды циркуляцияның жедел бұзылысы дамитын және 24 сағатта қайта қалпына келетін клиникалық синдром.
Мидағы жедел қанайналым бұзылысы транзиторлы ишемиялық шабуыл,және гипертензивті церебральды криздер. Мидағы жедел қанайналым бұзылысындағы ТИШ-ошақты симптоматикамен қысқа уақытты ми ишемиясымен эмболия нәтежиесінде пайда болады.ГЦК-АҚ көтерілуімен жалпы милық және неврологиялық симптомдармен сипатталады,қантамырларның спазмымен жүреді.
гипертензивті церебральды криздің ауыр формасы ол:майда қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауымен милық қанайналымның ауторегуляциясының бұзылысымен көрінеді. ГЦК ның ең ауыр формасы Жедел гипертензивті энцефалопатия.