Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері


Гормондардың жіктелуі, қасиеттері, түрлері, әсер ету механизмі және физиологиялық ролі



бет11/18
Дата14.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#162712
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Физио рк №3
алеуметтану, techspec 8576771 22656151, techspec 8574640 22652487, Физио сессия шпор 132новый (копия)
15. Гормондардың жіктелуі, қасиеттері, түрлері, әсер ету механизмі және физиологиялық ролі.
Химиялық табиғатына қарай гормондар келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Туынды амин қышқылдары өндіретін – тироксин, трийодтиронин, адреналин және норадреналин, меланоформдық гормон.

  2. Пептидтер – либериндер, статиндер, окситоцин, вазопрессин, кортикотропин, глюкагон, меланотропин, тирекальцитонин, липотропиндер.

  3. Қарапайым нәруыздар – инсулин, паратгормон, соматотропин, лактотропин.

  4. Күрделі нәруыздар – фоллитропин, лютропин.

  5. Стероидтер – жыныстық гормондар және бүйрекүстібез қыртысының гормондары.

Функциялық принципі бойынша гормондар келесілерге бөлінеді:
а) эффекторлық – тікелей нысана-ағзаға әсер ететін гормондар;
б) тропты – басты функциясы бездер өндіретін эффекторлық гормондарды реттеу;
в) релизинг – гормондар – гипоталамустағы нерв жасушалары өндіреді және гормондардың өндірілуін, әчсіресе аденогипофиздің тропты гормондарының өндірілуін реттейді.
Гормондардың жалпы биологиялық қасиеттері:

  1. Арнайы эндокриндік жасушалар түзіледі;

  2. Арақашықта әсер ете алады, яғни без секреттейтін ағзаларға қан арқылы әсер етеді;

  3. Жоғары биологиялық белсенділігі бар, өте аз мқлшері биологиялық белсенді бола алады, 1 г адреналин 100 миллион бақаның жүрегін белсендіреді;

  4. Физиологиялық әсерінің қатаң тәртібі бар, гормон оның нысана ағзаларында, нысана жасушаларында қатаң түрде арнайы жауапты реакциясын қоздырады;

  5. Пептидтік гормондардың түрлік ерекшелігі бар, стероид гормондар мен туынды аминқышқылдарда түрлік ерекшеліктер жоқ;

  6. Гормондарда жартылай ыдырау кезеңі салыстырмалы қысқа, яғни көптеген гормондардың өмір сүру ұзақтығы бірнеше минуттан бір сағатқа дейін ғана жетеді.

Гормондардың физиологиялық әсерінің негізгі типтері:

  1. Белгілі орындаушы ағзалардың әрекетін қоздыратын, кинетикалық немесе қоздырушы.

  2. Метаболизмдік

  3. Морфогенетикалық

  4. Түзетуші

Сонымен қатар гормондық әсер келесі негізгі кезеңдермен жанама әсер етеді: гормонның қанға түсуімен және синтезделуімен, гормонның тасымалдану түрлерімен.
Гормондардың әсер ету механизмдері:
1.Гормондар әсер етуінің мембраналық типі. Гормон нысана-жасушаның плазмалық мембранасының сыртқы бетінде орналасқан рецепторлармен өзара әрекет етеді. Гормон-рецептор кешенінің түзілуі бұл белгілі метаболиттер үшін мембрананың өткізгіштігін өзгертеді, ол нысана-жасушада метаболизмнің ерекше өзгерісін туындатады, мысалы, инсулин нысана-жасушаның плазмалық мембранасынан глюкозаның өтуін арттырады.
2. Мембрана-жасушаішілік. Химиялық табиғатына байланысты нысана-жасушалардың ішіне ене алмайтын гормондарға тән. Бұл гормондар нысана-жасушаның плазмалық мембранасының сыртқы беткейінде орналасқан рецепторлармен өзара әрекет етеді.
3. Гормондар әсерінің цитозольдық механизмі. Рецептор цитозолинде орналасқан. Түзілген гормон рецептор кешені ядроға түседі, ол жерде хроматиннің реттеуші нәруыздарымен өзара әрекеттеседі. Бұл өз кезегінде транскрипцияны реттейді және ары қарай тиісті нәруыздардың синтезін өзгертеді. Осыдан кейін нысана-жасушаларда заттектер алмасудың спецификалы өзгерістері байқалады. Қалқаншабездің стероидты, құрамында йоды бар гормондарында цитозольдік әсер ету механизмі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет