Орташа 1-сұрақ. Ахмет Иүгінекидің өмірі және «Ақиқат сыйы» дастанының зерттелуі


КҮРДЕЛІ 1-сұрақ. Толғау дегеніміз не? Анықтамасын келтіріңіз



бет3/6
Дата17.12.2023
өлшемі29,63 Kb.
#197433
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
фольклор 1-6 сұрақ

КҮРДЕЛІ
1-сұрақ. Толғау дегеніміз не? Анықтамасын келтіріңіз
Толғау дегеніміз қазақ ауыз әдебиетінің бір жанры. Ол ауызша поэзияда өте көп тараған. Толғау сияқты өлеңдерді қырғыздар "санатна-сыятырлар", башқұрт халқы "қобайыр", т.б. халықтар әр түрлі атаған. Жалпы толғау түркі халықтары жеке ұлт болып бөлінбей тұрған кезеңдерден-ақ жанр ретінде қалыптасқан, ол шамамен XIII - XIV ғасырларға сай келеді. Сол кезеңде қалыптасып, ал XV - XIX ғасырлар аралығында бұл жанр дамып, одан ары өркендей түседі. Толғау көбінесе жыраулар поэзиясында кездеседі. Атап айтқанда, Үмбетей, Ақтамберді, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған т.б. ақын-жыраулар. Толғау жанры хан билеген кезеңдерде үлкен көрініс тапқан. Жыраулар ханның әлсіз тұстарын немесе халыққа көрсеткен озбырлығын толғауға қосып отырған. Сәйкесінше толғау осы хандық дәуірге идеологиялық үлкен мәнге ие болады. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайы, саяси, философиялық тақырыптарда толғау мазмұнына тиек болған. Толғаудың өлең құрылысына келсек, көбіне буын саны аралас, тармақтары көп болған, кейінірек өзгеріске ұшырап біртіндеп тұрақтала бастаған. Толғау жоғарыда айтқанымыздай ауыз әдебиетінің жанры, яғни ауызша дамып, ел арасында ауызша тарап отырған. Толғау сол кездегі жыраулардың музыкалық аспаптарына сүйемелденіп орындалған. Көп жағдайда домбыра аспабымен айтылған.
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің "Әдебиет танытқыш" еңбегінде толғауға (лирикаға) мынадай шарттар қояды: «айтатын нәрсесін толғаушы ішкергі ғаламнан алады; ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіру мақсатпен толғайды. Толғау – іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі» дейді де толғауды бес(5) түрге жіктейді. Олар: сап толғау, марқайыс, налыс (мұңайыс), намыстаныс, сұқтаныс, ойламалдау. Зерттеушілердің айтуынша толғаудың жіктелген түрлеріне әлі де толық зерттеу жұмыстары қажет.
XIX ғасырға дейінгі аралықтағы ақындар шығармашылығын толғау деп атасақ болады. Толғау өлең түрінде ғана емес, көлемі жағынан толысып поэма түрінде де кездескен. Кейбір толғаулар ауызша таралып, қағаз бетіне түсірілмегендіктен, оның нұсқалары көбіне батырлар туралы әңгімелерде кездесіп отырған. Мысалы, Дулат Бабатайұлының "Ақындық туралы" атты толғауынан үзінді келтірейін:
Қайырсыз, сараң байыңды, 
Еріншек, есек жарыңды, 
Халыққа емес сыйымды
Парақор баспақ биіңді, 
Ел бүлдіргіш бегіңді 
Улы тілмен улаттым.
Сана беріп ойына, 
Қуат беріп бойына
Аққан жасы сел болған, 
Етегі толып көл болған, 
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, кайғы алған
Қайғылыны уаттым... – деп қайырсыз хандардың әділетсіздігін, жемқорлығын тура айтып жеткізген, халықтың наласын бірге көріп, қайғыда отырған елді жұбатқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет