3 - тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
18. Сенсорлық үдерістерді дамыту (10 сағат).
19. Көру қабылдау және зейін:
1) заттардың түсін, пішінін, көлемін қабылдау;
2) заттық және жағдаяттық суреттердегі ерекше және жалпы қасиеттерді анықтау;
3) аяқталмаған бейнелердің суреттерін салып бітіру;
4) суреттердегі, фотосуреттердегі бейтаныс адамдарды салыстыру (жынысы, жасы);
5) заттарды еске түсіру бойынша сурет салу;
6) теріс және төңкеріліп көрсетілген әріптер мен цифрларды жаз;
7) әр түрлі ракурста орналасқан затардың пішіндерін анықтау;
8) заттармен, жазық пішіндермен, суреттермен ойындар мен жаттығулардағы заттардың көлемінің параметрлерін ажырату;
9) 2-3 бөлікке кесілген суреттерді құрастыру;
10) анық байқалатын белгілерімен (түсімен, пішінімен, көлемімен, бөліктердің санымен, жеке бөліктердің орналасуымен) ерекшеленетін заттар мен нысандардың бейнелерін (2-4-тен таңдағанда) салыстыру;
11) анық байқалатын белгілерімен (түсімен, пішінімен, көлемімен, бөліктердің санымен, жеке бөліктердің орналасуымен) ерекшеленетін заттар мен нысандарды (2-4-тен таңдағанда) салыстыру;
12) заттарды көлемі бойынша (жуан-жұқа) салыстыру;
Достарыңызбен бөлісу: |