22. Кеңістікте бағдарлау дағдыларын дамыту (7 сағат):
1) Сеген тақтасы, Коос текшелерінің түріндегі, Пьерон-Рузер әдістемесі бойынша тапсырмаларды орындау;
2) тапсырманы көзді жұмып орындау;
3) кеңістіктік диктанттарды орындау;
4) берілген бағытта қозғалу (алға, артқа, оң жаққа, сол жаққа);
5) қағаз бетінде, үстел бетінде орналасу орнын анықтау
(жоғарыда – төменде, ортада, оң жақта – сол жақта);
6) заттардың орналасу орынын анықтау: үстелде, үстелдің астында, шкафта, терезенің қасында, есіктің артында;
7) өзінің және қарама-қарсы отырған адамның денесінің мүшелерінің оң-сол жағында бағдарлау;
8) жазық және көлемді заттардың тік және көлденең бағытта (солдан оңға қарай, жоғарыдан төменге қарай) орналасуы;
9) өзінің тұратын ауданында бағдарлай білу, инфрақұрылымдық маңызды нысандарды тану.
Достарыңызбен бөлісу: |