Өрттің таралуының себептері



бет2/3
Дата20.10.2022
өлшемі22,97 Kb.
#153970
1   2   3
Байланысты:
Документ 4
ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ. 2020-2021 уч. год, ЖО 9, ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж., îðìàí ïèðîëîãèÿñû, Тотыгу-тотыксыздану тест, 67, 5f48db6acc320 1598610282 (1)
Ауаның ылғалдылыгы. Ауада қашанда су буы түріндегі ылғалдылық болады. Ауадағы ылғалдылық мөлшері жанғыш материалдардың құрамындағы ылғалдылықтан байқалады. Жан-ғыш материалдардағы ылғалдылық өрт сөндіру барысына эсер ететін маңызды фактор, өйткені дымқыл жанғыш материал,- «көк» жанғыш материалдардың көпшілігі сияқты, - жанбайды. Әдетте, ауа түнге қарағанда, күндіз құрғақ болады. Сондықтан да, түн мерзімінде өрт (қалыпты жағдайларда) ақырын жанады (тарайды), себебі, жанғыш материалдар түнгі дымқыл ауадан ылғал сіңіреді. Атап айтқанда, бұл құрғақ шөпке, қылқандарға, ұсақ бұтақтар мен басқа да жеңіл жанғыш материалдарға қатысты.
Жанғыш материалдардың ылғалды сіңіруі, беткейді бойлай төмен қарай соққан жел, түнгі салқын температура, сонымен қатар, түнгі ауа райының өзге элементтері, әдетте, өрт сөндіру-шілердің жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан, күндізгі уақытта бақылаудан шығып кеткен өртті түнде сөндіру (жайылуын шектеу) мүмкін болады. Ормандағы өртті толық оқшаулауға бар күшті жұмылдыру қажет, өйткені келесі күні өрттің жайылуына жағдай туғанда, оның оқшауланған алаң шектерінен асып кетпеуі керек.
Бұл өртті күндіз сөндіруден бас тарту керек деген сөз емес (өрттің көпшілігі күндіз сөндіріледі). Әйтсе де, егер өртті күндізгі уақытта сөндіру мүмкін болмаса, онымен күресу жөніндегі негізгі әрекеттер қараңғы түспей жасалуға тиіс.
Ормандағы өрттің өрбуінің тәуліктік сатысы шамамен алғанда төмендегідей:
оттың аса қарқынды жануы сағат 9-дан 21-ге дейін -сөндіру өте қиын;
оттың жану қарқынының төмендеуі сағат 21-ден 4-ке дейін - сөндіру тиімділігі артады;
оттың жану қарқынының саябырсуы сағат 4-тен 6-ға дейін (негізінен, от жалынсыз жанады) - өрт сөндіруге ең колайлы уақыт;
оттың жану қарқынының артуы сағат 6-дан 9-ға дейін -сөндіруге қолайлы уақыт.
Ауа температурасы өрт сөндіру кезіндегі негізгі факторлар-дың бірі болып табылады. Күнге қызған жанғыш материалдың ылғалдылығын жоғалтып, қызбаған материалға қарағанда жылдамырақ жанатыны белгілі. Топырақ бетінің температурасы ауа легінің қозғалысына да эсер етеді. Ол өрт сөндірушілерге де тікелей әсерін тигізіп, олардың жұмысын қиындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет