Өрттің таралуының себептері



бет3/3
Дата20.10.2022
өлшемі22,97 Kb.
#153970
1   2   3
Байланысты:
Документ 4
ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ. 2020-2021 уч. год, ЖО 9, ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж., îðìàí ïèðîëîãèÿñû, Тотыгу-тотыксыздану тест, 67, 5f48db6acc320 1598610282 (1)
Жер бедері (рельеф), әсіресе таулы жердің бедері, өрттің таралуына өзінше эсер етеді.
Тәулік ішінде күннің жер бетін қыздыруынан жерге жақын ауа да қызып, жоғары көтеріледі. Сол себепті, тәулік ішінде ауа лектері, әдетте, жылғалар мен беткейлердің бойымен жоғары «ағады». Кешкісін және түнде жердің беті салқындайды, ауа лектері өздерінің бағыттарын өзгертіп, жылғалар мен беткейлердің бойымен төменге ығысады. Жел ағындарын айтатын болсақ, олар да осындай заңдылыққа бағынады: күндіз жел беткеймен жоғары өрлей соқса, ал түнде - беткей бойымен темен қарай соғады. Өрт сөндірудің жоспарын әзірлегенде, бұны есте ұстау керек.
Тау жағдайларында өрттің жылдамдығы және жайылуы -беткейлердің орналасуы мен құламалылығына байланысты. Беткей тік жар болса, өрт оның бойымен оңай тарайды, егер желдің бұл жағдайды өзгертуге күші жетпесе, онда өрттің жайылу жылдамдығы артады. Тау беткейінің құламалылығы 5° болғанда, өрттің таралу жылдамдығы 1.2 есе, 10° болғанда - 1.6 есе, 15° болғанда - 2.1, 20° болғанда - 2.9 есе артса, тау беткейінің тік жары 25° кезінде өрт 4.1 есе жылдамдықпен тарайды.
Беткеймен жоғары көтерілгенде, өрт оты ағаш діндерінің төменгі жағына жақын аралықта өтеді. Бұл олардың қызуына, құрғап кебуіне және жылдам тұтануына себеп болады. Жылы ауа беткеймен жоғары көтеріле отырып, отты «тартады», нәтижесінде оттың таралу жылдамдығы артады.
Осы уақытта тік беткейден жанғыш материалдар темен қарай домалап, оттың жаңа ошақтарын туғызуы мүмкін.
Жыл мезгілі. Жыл мезгілі орманда өрт шығуына және оның қарқынды өрбуіне үлкен эсер етеді. Сонымен, ерте көктемдегі өрттер -негізінен, төмендегі үстірт (ала-құла) өрттер - құрғақ шөп өсімдіктерін жайлай, жел күші берген жылдамдықпен өрбиді; көктемгі-жаздық өрттер - бұл төмендегі өрттер, олар орын алғанкезде топырақтың үстіңгі беті және ішінара ағаш төсемелерінен пайда болған қарашірік (ол тығыздау) жанады. Белгілі бір жағдайларда (желдің, қылқанды ағаштардың темен орналасқан бұтақтарының, жас шыбықтардың және басқаларының болуы), от жоғары (ағаштардың басына) қарай өршіп, жас желеңдерді түгелдей жойып жіберуі мүмкін. Жазғы және жазғы-күзгі төмендегі өрттер айтарлықтай тұрақты; олар топырақтың үстіңгі қабатын, бұталарды, қарашіріктің барлық қабаттарын және ағаш түрлерінің жердің үстіне жақын жатқан тамырларын жояды. Шымтезекті топырақта от жер асты өртіне немесе жоғарыдағы өртке ұласуы мүмкін. Күзде, негізінен, төмендегі орман өрттері орын алады, олар тек күндізгі уақытта өрбиді, түнде ауаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты оттың жануы саябырсиды және ішінара тоқтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер


Вопросы лесной пирологии : [сб. ст.] / [отв. ред. Н. П. Курбатский, Э. В. Конев]. – Красноярск : [б. и.], 1972. – 239 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет