Температура сезімін зерттеу үшін бір пробиркаға қызуы 40°, екінші пробиркаға 18-20° шамасында су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тексерілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты термогипестезия, термоанестезия, термогиперестезия бар екенін анықтады.
3
|
Тактильді сезімін тексеру кезінде бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да, сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілерінің әр түрлі жерлеріне тигізеді. Сезімі бұзылмаған адам «ия, сездім» деп жауап беріп отырады. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты гипестезия, анестезия, гиперестезия бар екенін анықтады.
|
4
|
Шеткілік нервтердің тартылып-керілу белгілерін тексерді:
Нери симптомы – шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер қолымен иіп қозғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырды.
|
5
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |