Қысу сезімін зерттеу – дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен батыра сығып анықтайды, қалыпты жағдайда батырудың әр-түрлі деңгейін ажырата алды. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты қысу сезімінің жойылғандығын анықтады.
4
Діріл сезімін зерттеу – дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесіндегі қақ сүйектерге жанастырады да сырқаттан дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін екі жағын сұрап біліп отырады. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты діріл сезімінің жойылғандығын анықтады.