: Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.
М Хасан: Мұғалім, мектеп,мекеме
Молда, мешіт, мекке де
М-әрпінен басталар
Мемлекет-мекен сөзі де.
Ғ Гүлім:Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп?
Ж Абылай:Түн шымылдық ашқаннан
Жымыңдайтын аспаннан.
Көп шырақты жұлдыздар
Ж әрпінен басталған.
Қ Малика: Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Й Мансұр:Ай, тай, май,
Шай, жай, сай,
Ой, той, қой,
Сөз соңында кілең «Й»
Аты оның - «қысқа й»
Ө Айзере: Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
Е Нұрәли:«Е» әрпінің үстіне
Екі нүкте қойғанда,
Қандай әріп шығады?
Жауабын айт, ойлан да.
Н Асия:Н әрпінде – екі тіреу,
Ортасында басқыш біреу.
П Ерсін:Әр үйде бір қақпа бар,
П - аумаған тап солар.
Т Сағыныш:Т – кәдімгі телеграф бағаны,
Кейде оған ұқсатасың балғаны.
Р Амир:Р әрпі жылқышының құрығындай,
Қарашы, құрыққа ұқсап тұруын-ай.
Ә Аяна: Таныстырар әріппен,
Мынау кітап әліппең,
Әліппе деген аты оның
Басталған ә әрпінен.
Ш Сұлтан:Ш әрпін айтсақ жасырмай,
Үш аша айыр басындай.
БАяулы:қызықтырып әркімді,
Суда жүзер жалтылдап.
Б әрпінен басталған
Сол жүзгіштің атын тап.
Ы Амерлан:Ф-ның екі көзі бар,
Футбол деген сөзі бар.
І Айгүлім:Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Ірімшіктің атауы
І әрпінен басталған.
Щ Алмас:«Щёткамен тазарт тісіңді»
Деп ағам маған бұйырды
Ақтан:О – кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
Мұғалім:
- Рахмет, балалар! Міне, біз әліппені аяқтадық. Осы оқулықтан біз өз Отанымыз туралы көп оқып білдік. Ендігі кезекте Отанымыз туралы білгенімізді ортаға салайық.
- Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?
- Біздің елбасымыз кім?
- Біздің еліміздің елордасы қай қала?
- Астана қаласының символы не?
- Рәміздерді білесің бе?
- Біз қай облыста тұрамыз?
- Ендеше Отан туралы қандай әндер, өлеңдер үйрендік, соны ортаға салайық.