«Қош, сүйікті Әліппем!» Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. Мақсаты


О әрпі: Кәдімгі дөңгелек,ал Ө одан сәл бөлек, Мұны да сал ерінбе,белбеуі бар белінде. Т әрпі



бет8/8
Дата12.01.2023
өлшемі51,48 Kb.
#165376
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
әліппе қош сценарий

О әрпі: Кәдімгі дөңгелек,ал Ө одан сәл бөлек,
Мұны да сал ерінбе,белбеуі бар белінде.
Т әрпі:
Көз тоқтатып бір қаралық,
Т тұрған әріп,Қоңыз секілді біреуі,
Біреуі аумаған үйдің тіреуі.
Н әрпі:
Қос тақтайға көлденең,бір тақтай қағылғанын,
Дедік көріп бұл деген,тақтайдан салынған,Н
Жүргізуші:Ханзада мен ханшайым міне,көрдіңіздер ме,Әліппенің арқасында алма ағашымыздың жеміс бергенін.Қандай сөз шықты? ОТАН
Ханшайым:Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді. Әліппе,сізге көп рахмет!
Ханзада :Әріптер,көп-көп рахмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер Әліппе,сенің әріптерің енді «Әліпби» елінің тұрғындар болсын. Алма ағашын да бірге қарап,жемісін бірге жемейміз бе?
Жүргізуші:Әліппе,біздің балалар,сізге ризашылығын,рахметін айтқысы келеді.
(Балалар тақпақтарын айтады)
Қыркүйекке келдім де 
Сыныпқа кірдім қуанып. 
Қарсы алды ұстаз мейірмен 
Қадамымды құп алып. 
Бар білімнің бастауын 
Әліппеден бастадым. 
Үйренуге талпындым 
Құлшынып балғын жас жаным. 

Бірінші беттен елімнің 


Елтаңбасын таныдым. 
Көк байрақты қазақтын 
Ұрпағымын,сәнімін. 

Ең алғаш алғанымда Әліппені 


Қызығып қарай бердім әріптерді. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді 
Ұстазым оның кілтін алып берді. 

Келгенде алғаш мектепке 


Білмеуші едік әріпте. 
Оқимыз қазір ертекті 
Үйреткен оны «Әліппе». 

Енді біз жаза білеміз 


Әріпті қосып,әріпке. 
Риза боп саған жүреміз 
Сүйікті біздің Әліппе. 

Әліппе: Барлық әріп бағалы 


Сөзге тірек болады. 
Жетелеймін білімге 
Мені сүйген баланы. 
Балалар,мен бүл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын.Жай келмедім.Өзімнен бастау алатын,өздеріне даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім. 

Ана тілі: Көңілді дауыстарыңды естіп келдім.Бұл балалар қандай өнер көрсетеді екен деп, ойланап та келдім.Ал, балалар өнерге кезек беріндер. 


Әліппе: төрт айы не оқып не үйренгендеріңді ортаға салыңдар. 
1. «Қайдан келдің,бауырсақ? » Диолог.
Дастарқанда шашылып,жатты аппақ бауырсақ Бауырсаққа қызығып,қарап тұрып көзін сап,
Қуыршақ: Қайдан келдің бауырсақ?
Бауырсақ: Дүкеннен келдім нан сатқан.
Қ: Дүкенге келдің қай жақтан?
Б: Наубайдан келдім нан жапқан
Қ: Наубайға келдің қай жақтан?
Б: Диірмменнен келдім ұн тартқан.
Қ: Диірменге келдің қай жақтан?
Б: Даладан келдім кең жатқан?
Жер анам,меніәң көсілген,
Диқандар мені өсірген,
Арғы тегім ақ бидай
Тәттімін жеп көр.
Жесең өзің байқарсың?
Рақметіңді айтарсың
Айырылмас дос болайық,
Адамға достық лайық!
Менің атым-бауырсақ,
Сенің атың- қуыршақ. 
2. Әріптерді атау. 
3. Суреттердің ішінен үш буынды сөздерді атау. 
4. «Жалғастыр»ойын .Т дыбысынан басталатын сөздерді атау 
5. Өрнектердің мәнін табу. 
2+2= 7- 6= 5+2= 10-3= 
8-4= 0+5= 3- 3= 1+1= 
Сұрақ жауап: 
1. Біз қай Республикада тұрамыз? 
2. Балаларға арнап алғаш мектепті ашқан кім? 
3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 
4. Қандай әріптердің дыбысы жоқ? 
5. Неше дауысты дыбыс бар ? 

Әліппе:Тағы қандай өнерлерің бар? 


Би «Түрік биі» 
Би «Қамажай» 

Бар кітапқа бас болған 


Әліппе ғылым ағасы 
Әліппеден басталған 
Даналықтың данасы. 

Әліппені алап қолыма 


Білімнің аштым есігін. 
Ақ ниет тілеп ,жолыма 
Жазылды тұңғыш есігім. 

Іші толы әріпке 


Мынау әйбат Әліппе! 
Барлық ілім білімнің 
Әжесі осы Әліппе. 
Ыстық әрбір беттерін 
Жазуынды ұғамын. 
Ақыл бердің Әліппе 
Ақылды сен мұғалім. 

Үйретті бізді әліппе 


Қырық екі дербес әріпке. 
Сөз,сөйлем құрап әріптен 
Лайық болдық дәріпке. 

Ән : «Әліппе» 

Білімге жолды бастаған 
Әліппем саған,мың алғыс! 
Оқы деп ұран тастаған 
Әліппем саған, мың алғыс 
Хор: Әліппем саған, мың алғыс 
Қош бол,құтты «Әліппе» 
Көп нәрсені үйреттің. 
Таныстырып әріппен 
Тақылдатып сөйлеттің. 

Қош бол құтты Әліппем! 


Тіл тұсауын кестін сен. 
Аяулы анам болып сен 
Айыбынды кештің сен. 
Хор: Қош бол,құтты «Әліппем»! 

Әліппе: 
Айналайын балғындар 


Рахмет айтып,шаттанған. 
Риза болып аттанып 
Сізге айтар сөзім бар. 

Оқуда зейінді болыңдар 


Еңбекке бейімді болыңдар. 
Ақ жол болсың, балаларым 
Кір шалмасың қабақтарың. 
Оқығандарың есте болсың, 
Күнделіктерің беске толсын. 
Енді сендердің жолдастарың 
«Ана тілі» болсын. 
Барлығы: «Қош бол, Әліппе»! 

Ана тілі: 


Ақыл ойын дананың 
Ана тілден аласың 
Ана тілін ардақты 
Ақ сүтіндей ананың - 
тілегін айтып балаларға «Ана тілі» оқулығын таратады. 
Мұғалім: Балалар,сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп оқуларына ата аналардың,әжелердің қосқан үлесі көп. Кәне бәріміз бірге рахмет айтайық. 
Хор: Аналарға мың алғыс! 

Мұғалім: Құрметті ата аналар, сіздер де оқушылармен бірге төрт айы әліппені оқып үйрендіңіз.Қазір сіздерді де тексеріп қөрейік, қалай әліппені меңгердіңіз. 


1. Балаңыздың бірінші жаттаған тақпағын айтып беріңіз. 
2. Алдарыңызда балалардың көшіріп жазған тақпақтары жатыр.Өз балаңыздың жазғаның табыңыз. 

Құттықтау сөз ата аналар мен келген ұстаздарға беріледі. 


Мұғалімнің тілегі: 
Балалардың білімі құтты болсын, 
Денсаулығы әрқашан мықты болсын. 
Білімдерін әрі қарай дамытатын, 
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын. 
Осымен бүгінгі 1 сыныбында өткен «Қош бол, құтты Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Әліппе:Рахмет,балалар!Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді,сауатты жаздырып,мәнерлеп оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Ал,қош болыңдар! Әрдайым биіктерден көрініңдер!


Хормен:Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиеттті Әліппем!
Жүргізуші: Ханзада мен ханшайым,енді біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз!
Келген бізге қонаққа,
Биші балдар алыстан.
Келген біздің мейрамға,
Өздерінің биімен.
Ханшайым:Жарайсыңдар, енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.
(Ханзада мен ханшайым жұмбақ жасырады ).
Жүргізуші:Ал, кәнекей достарым,
Асқақ әнге салайық.
Думандатып мейрамды,
Шырқып-шырқап алайық – деп сахна төріне «Ана тілі»
( Әуен ойналып ортаға, Шимұрын келеді
Шимұрын: Армысыңдар,жас достар!Мен Шимұрынмын! Сендердің дауыстарыңды естіп осында келдім. Естуімше,сендер бүгін әліппемен қоштасып жатырсыздар демек,енді сендер «Ана тілі» деген оқулық оқитын боласыңдар.әліппеден алған білімдеріңді жалғастырып, өздерің жемісінің гүлденуіне көмек берген алма ағашының жемісін ары қарай көбейтуге атсалысасыздар.Сіздер менің айтқаныма келісесіздер ме?
Хормен: Иә.
Шимұрын: Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Ендеше, мен сендерге сиқырлы сандықтан сыйлыққа «Ана тілі» оқулығын берейін! Және білімнің алтын кілтін тапсырамын!
Жүргізуші:Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ата-аналар қаттырақ қол соғындар,
Бишілердің билері қандай жақсы.
«Қаражорға» биі
Жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,
Балаларға арналған тілегіңіз — дей келе соз беру
Жүргізуші:Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол.Сондықтан да бәріміз де ата-аналарымызға рахмет айтайық!
Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің — деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.
Жүргіуші: Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы аурмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Әліппеге мың алғыс» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Зер салып,тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Армысыздар,аналар! 


Бармысыздар,балалар! 
Сөзіме құлақ салыңыз 
Бір серпіліп қалыңыз. 
Әліппеге арналмақ 
Бүгінгі жыр әңіміз. 

Армысыздар,мұғалімдер қымбатты 


Біздер үшін ашатын сан жұмбақты. 
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді 
Шәкірттердің қылықтары тым тәтті. 

Мұғалім: Балалар, мектеп,Әліппе тұралы қандай өлеңдерді сыйға тартасыңдар ? 


Ханзада: Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?
Ханшайым: Ханзада,мұның да бір себебі болар-ау!
Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?
Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.
Cиқыршы қыз: Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік есінің бәрі ұйқыда
Ханшайым :Онда оларды оятайық.Сен оған көмектесші.
«Ертегілер әлемі». Сиқыршы қыз ормандағы тіршілік иелерін оятады.
Ханшайым:Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді. Әліппе,сізге көп рахмет!
Ханзада : Әріптер,көп-көп рахмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер Әліппе,сенің әріптерің енді «Әліпби» елінің тұрғындары болсын. Алма ағашын да бірге қарап,жемісін бірге жемейміз бе?
Ханшайым:Жарайсыңдар, енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.(Ханзада мен ханшайым жұмбақ жасырады ).
1-оқушы: Мен бір түрлі жүрексініп тұрғандаймын. 
2-оқушы:Неге жүрексінесің ? 
1-оқушы:Қонақтар өте көп, сөздерімді ұмытып қалатын сияқтымын 
2-оқушы Келген қонақтар өзіміздің ата аналар мен құрметті ұстаздар ғой.Қорықпа,қасында мен тұрған жоқпын ба ? Бастай бер! 
1-оқушы :Ардақты аталар мен аналар! 
2-оқушы :Құрмектті аналар мен әкелер! 
1-оқушы :Бізге қарап отырған іні қарындастар! 
2-оқушы :Баршамызға мереке құтты болсын! 
1-оқушы :Қазақ тілінің 42 әрпімен таныстық. 
2-оқушы :Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білдік. 
1-Буынды меңгерген мына біздер «Әліппе »оқулығымен қоштасамыз. 
2-оқушы : «Әліппе» оқулығымен қоштасатын балаларды ортаға шақырайық 
Қыркүйекке келдім де 
Сыныпқа кірдім құанып. 
Қарсы алды ұстаз мейірмен 
Қадамымды құп алып. 
Бар білімнің бастауын 
Әліппеден бастадым. 
Үйренуге талпындым 
Құлшынып балғын жас жаным. 

Бірінші беттен елімнің 


Елтаңбасын таныдым. 
Көк байрақты қазақтын 
Ұрпағымын,сәнімін. 

Ең алғаш алғанымда Әліппені 


Қызығып қарай бердім әріптерді. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді 
Ұстазым оның кілтін алып берді. 

Келгенде алғаш мектепке 


Білмеуші едік әріпте. 
Оқимыз қазір ертекті 
Үйреткен оны «Әліппе». 
Енді біз жаза білеміз 
Әріпті қосып,әріпке. 
Риза боп саған жүреміз 
Сүйікті біздің Әліппе. 

Мұғалім: Ортамызға сендердің достарын «Әліппені» шақырайық. 


Хор: Әліппе!Әліппе! 

Бар кітапқа бас болған 


Әліппе ғылым ағасы 
Әліппеден басталған 
Даналықтың данасы. 
Әліппені алап қолыма 
Білімнің аштым есігін. 
Ақ ниет тілеп ,жолыма 
Жазылды тұңғыш есігім. 

Іші толы әріпке 


Мынау әйбат Әліппе! 
Барлық ілім білімнің 
Әжесі осы Әліппе. 

Ыстық әрбір беттерін 


Жазуынды ұғамын. 
Ақыл бердің Әліппе 
Ақылды сен мұғалім. 

Үйретті бізді әліппе 


Қырық екі дербес әріпке. 
Сөз,сөйлем құрап әріптен 
Лайық болдық дәріпке. 

Білімге жолды бастаған 


Әліппем саған,мың алғыс! 
Оқы деп ұран тастаған 
Әліппем саған, мың алғыс 
Хор: Әліппем саған, мың алғыс 

Қош бол,құтты «Әліппе» 


Көп нәрсені үйреттің. 
Таныстырып әріппен 
Тақылдатып сөйлеттің. 

Қош бол құтты Әліппем! 


Тіл тұсауын кестін сен. 
Аяулы анам болып сен 
Айыбынды кештің сен. Хор: Қош бол,құтты «Әліппем»! 

Сендер не үйрендіңдер?


-42 әріпті
-10-дейін санауды
-Табиғатты зерделеуді
-Үлкен- кішіні құрметтеуді
-Өлең айтып, би билеуді
-Түрлі сайыстардың жеңімпазы
- Білім биігіне шығатын
-Тәуелсіз еліміздің туын көкке көтере
-Адал
- Еңбекқор
-Парасатты
-Азамат болып өсуге

А әрпі:Ата,зейін салдың ба?бар әріптің алдында,
Неліктен А тұрады?
Деп бір күні сұрады?
Атам менің сауатты
Былай берді жауапты
Ата,ана,ақыл,ар,адам
А дан басталар,содан шығар құрбаным,
А ның алда тұрағаны.

О әрпі: Кәдімгі дөңгелек,ал Ө одан сәл бөлек,
Мұны да сал ерінбе,белбеуі бар белінде.

Т әрпі:Көз тоқтатып бір қаралық,
Т тұрған әріп,Қоңыз секілді біреуі,
Біреуі аумаған үйдің тіреуі.

Н әрпі:Қос тақтайға көлденең,бір тақтай қағылғанын,
Дедік көріп бұл деген,тақтайдан салынған,Н

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет