Алина: Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Назерке: Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том болған кітаптың
Басы болған Әліппем.
Ясмина: Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе.
Ақылшым сен – мұғалім.
Нұрислам:Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.
Сауатты адам санатына кіргенім.
Айару:Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
«Әліппе» атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.
Балжан:Әліпбидің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші,
Сыры неде түсінші?
Дария:«А» деген ол аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Бисұлтан:Білім деген-ғажаптың
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың
Басталады біздерден.
Әліппе: Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында келші!
Ана тілі: Сәлеметсіздерме, балалар!
Туған елдің тілімін.
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Ана тілі: Көңілді дауыстарыңды естіп келдім.Бұл балалар қандай өнер көрсетеді екен деп, ойланап та келдім.Ал, балалар өнерге кезек беріңдер.
Әліппе: төрт айы не оқып не үйренгендеріңді ортаға салыңдар.