«Қош, сүйікті Әліппем!» Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер:Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер.
Жүргізуші мұғалім: -Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош, сүйікті Әліппем!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1 «Ә» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетейік.
Мұғалім: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не ?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.
Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді) - Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Әліппеге арналған тақпақтар:
Асылым:Әліппеп менің, әліппем.
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Анель:Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Қызғалдақ: Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Еркежан: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе!