Осы жылдың ақпан айындағы Біржан ауылында тұрғын үйде болған өртте 3 жасар қыз өмірмен қоштасты



Дата01.04.2017
өлшемі2,61 Mb.
#13191

19.10.2011ж күні 12 сағат 31 минутта өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне өрт оқиғасы туралы жедел хабар түсті. Шұғыл дабыл қағылып, өрт басына жеке құрам келген уақытта Зайсан қаласы Спамбетов көшесіндегі тұрғын үй отқа оранып жатты. Осы өрт оқиғасында тілсіздің жаудың кесірінен 4 жасар баланың өмірі қиылды.

Осы жылдың ақпан айындағы Біржан ауылында тұрғын үйде болған өртте 3 жасар қыз өмірмен қоштасты.

Отпен ойнап, опық жеген балаларды көргенде, өрт қауіпсіздігі туралы сөз қозғамасқа болмас.

Күнделікті  қарбалас тірлікте «От пен су-тілсіз жау» деген халық даналығын  ескеруге көбіне шамамыз да болмай, кейде оған аса мән бермегеніміздің кінәсінен  опық жеп, өкініп қалатынымыз өмірде жиі кездесетін құбылыс. Қайғылы оқиға орын алған жағдайда кімді кінәларымызды білмей, дал болып, өміріміз бен денсаулығымыз үшін, үй-жайымыз бен дүние мүлкімізге жауапкершілігімізді  кеш сезіну үйреншікті іске айналғандай.

Бала - біздің болашағымыз, баланы қауіп қатерден қорғау біздің әрқашан есімізде бола бермейді, ең үлкен қателік баланың сіріңкемен немесе электр қондырғыларымен ойнауы.

Баланың тентектігінің нәтижесінде материалдық үлкен шығын және баланың денсаулығына зиян немесе орны толмас қайғылар болып жатады.
Бәрімізде білеміз, қосылған күйде ұмытылып қалған үтік, баланың қолына түскен шырпы қандай жағдайға әкелетіні белгілі. Сонда да, осы себептерден өрттердің пайда болуы қайталана береді. Баланның отпен ойнауына тиым салу тек қана өрттің алдын алу емес, балалардың бақытты қауанышты өмірі екенін естерімізден шығармаған жөн.

Адамдар әлi де болса үйге балаларын жалғыз, үлкендердiң бақылауынсыз тастап кетiп жатады, әрине, оларды кiнәлаудан аулақпыз. Өйткенi, әркiм өз қамы үшiн, күнкөрiс жағдайымен жұмысқа кетедi. Ал, балаларын бақшаға берейiн десе, кезегi келмей жатады. Сосын амалдың жоқтығынан осындай әрекеттерге барады. Оның соңы кейде орны толмас оқиғалармен аяқталып, әсiресе, жас жеткіншектердің осындай қайғылы жағдайлардан кейiн қайтыс болып жататыны бiздi қатты қынжылтады.

Өрт – бұл адамдардың өмiрi мен денсаулығына, және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетiн, бақылаусыз жану процесi болғандықтан, оның зақымдаушы факторлары бар. Олар: түтiн, улы газдар, жоғары температура, конструкциялардың қирауы, тоқпен зақымдану.
Демек, отты жақсы қызмет еткендей етіп пайдалануымыз керек те, оның бізге қожалық етуіне жол бермеуіміз керек.

Отпен абай болыңыз! Өз үйіңізді және мүлікіңізді өрттен сақтаңыз!



Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – Сіздің  үйіңіздегі береке мен тыныштықтың кепілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет