Байланысты: "Чипсының зияны мен пайдасы" атты ғылыми жоба
2.3.Қыртылық картоппен жүргілген зерттеулер Оған қытырлақ картоптар мен кепкен нандарға жүргізілген зерттеулер дәлел бола алады. Ғалымдар сынақты жүргізуге 12 кеміргіш жануарлар таңдап алды. Зерттеушілер кеміргіштерді төрт топқа бөліп, 1-топқа – қытырлақ картоп, 2-топқа – қытырлақ нан, 3-топтағыларға шұжық пен фасфут тағамдарына қосылатын глутамат натрий (Е621) күшейткіші бар жемін, 4-топқа – дәнді дақыл, жеміс-жидектер берген. Зерттеушілердің айтуына қарағанда қытырлақ картоп жеген егеуқұйрықтар жиырмасыншы күні бірінен кейін екіншісі өле бастаған. Өлердің алдында олардың түгі түсіп, көздері көрмей қалған. Сынақ нәтижесінде жануарлардың бауыр циррозына ұшырағандығы, ас қорыту процесінің бұзылғандығы және көз жанарының бұзылғандығы анықталды. Өлген егеуқұйрықтардың бауыры сарғайып кеткен. Бұл дегеніңіз – клеткаларды май басып, оның өліп қалғандығын білдіреді. Ал қытырлақ нан жеген егеуқұйрықтар ашуланшақтыққа бой алдыртса, ал үшінші топтағы кеміргіштер тағамға деген тәуелділікке душар болған. Тек төртінші топтағы жем мен жеміс-жидек деген кеміргіштер өзін тамаша күйде сезінген.
Жоғарыда айтылған зерттеулерге сүйене отырып жән ауылымыздың тұрғындарына таныстырып, сауаланама алу арқылы тұрғындарымыздың көбісі қытырлақ картоптың (чипсының) зиян екенін білмей тұтынатыны анықталды. Мектеп оқушыларына қытырлақ картоптың жанғанын көрсеткенде олар таң қалып, өздері неге құмартып жүргендеріне ойланып қалды.
Чипсы – дәмді өнім, алайда денсаулыққа пайдалы емес. Бірақ оны орынды қолданып, аптасын 1 рет пайдалануға болады. Денсаулыққа зиян келтірмес үшін мына ұсыныстарға көңіл бөлген жөн:
Чипсыды көп мөлшерде пайдаланбау.
Чипсыдын адам организміне әсері туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізу.
Чипсыдың құрамындағы зиянды қосылыстарды тереңірек зерттеу.
Құрамында денсаулыққа зиянды қосылыстар болғандықтан, өндірушілер чипсыдың құрамын үлкен әріптермен жазу
Кішкентай балаларға қолдануға тиым салу немесе бағасын қымбаттату.
Чипсының құрамына май, ас тұзы және крахмал кіреді. Жоғары калориялы, майлы, химияның көмегімен дайындалған қуырылған картопты қолдану семіруге және өт жолының қабынуына алып келеді,
Менің көзқарасым бойынша, чипсы тіскебасар ретінде адам ағзасына көп зиян тигізеді, сондықтан оның орнына кепкен жемістерді пайдалануды ұсынамын, себебі бұл өнімдердің калориясы жоғары және қажетті витаминдер мен минералдық заттардан тұрады.