Осы мақсатқа сайкес мынадай міндеттер қойылады



бет2/6
Дата16.12.2023
өлшемі326,17 Kb.
#197346
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
"Чипсының зияны мен пайдасы" атты ғылыми жоба

I.Әдеби шолу.
1.1. Қытырлақ картоптың шығу тарихы.
Чипсыды алғаш ойлап тапқан адам – америкалық қымбат мейрамханалардың бірінде бас аспазшы болған Джорд Крам деген азамат. Тіпті чипсыдың нақты қай жылы, қай күні пайда болғаны да белгілі: 1853 жылдың 24 тамызы. Бірде мейрамханаға келген қонаққа өте қалың кесілген фри картобы ұнамай, бас аспазшыны әбден сөгеді. Елдің алдында қатты қысылған Крам картопты жай ғана жұқа емес, тіпті өте жұқа етіп дөңгелектеп кесіп, екі жағын кезек-кезек қытырлақ болғанша майға қуырған екен. Осы тағамның дәмін татып көрген қонақ риза болып, осы тағамды «чипсы» деп атаған екен. «Чипсы» ағылшын тілінен аударғанда «бөлшек» дегенді білдіреді. 1932 жылы Америкада картоп чипсыларының дәмін түрлендіріп жасау үшін тіпті ұлттық институт та құрылған. Бүгінде балалар сүйіп жейтін бұл тағам картоптың белгілі бір сорттарынан немесе картоп ұнтағынан, басқа да зиянды қоспалардан жасалады. Мамандар чипсыға адам тез үйір болады дейді.
1.2.Қытырлақ картоптың құрамы қандай?
Бір пакет чипсыдың энергетикалық құндылығы шамамен – 550 ккал болса, бұған ол құрамындағы майдың есебінен қол жеткізеді. Чипсыдың құрамында дәрумендер мен минералдар мүлдем болмайды. Чипсы қатты шөлдетіп, ісіндіреді және қалыпты рационалды калорияңызды жояды.
Чипсыларға қосылатын зиянды дәмдеуіш қоспалар. Мұндай чипсылардың дәмі картоп дәміне мүлдем ұқсамайды, оған көмекке дәм қосарлар мен дәмдеуіш қоспалар, негізінен натрий глутаматы келеді.Натрий глутаматының ең дәмсіз деген тағамды оның нақты құндылығын ұмытып тағы да жегіңіз келтіретіндей қасиеті бар.
Акриламид – ең қауіпті канцероген, егер де майды таңдамай , табаны қатты қыздырып жіберсе үй жағдайында да пайда болады.Бірнеше жыл бұрын чипсыдың құрамында акриламидтың туысы глицедамид табылған болатын.Ол ісіктің пайда болуына әсер етіп қоймай ДНҚ да өзгеріске ұшыратады.
Зиянды тағам қоспасының кодтары:

  • Тиым салынғандар: Е-103, Е105,Е111,Е121, Е123, Е125, Е126,Е130, Е152.

  • Қауіптілер: Е102, Е110, Е120, Е124, Е127.

  • Күмәнділер: Е104,Е122, Е141,Е150, Е171, Е173, Е180, Е241, Е477.

  • Ісік тудыратындар: Е131, Е210 – 217, Е240, Е330.

  • Ішек ауруларын тудыратындар: Е221-226.

  • Теріге зияндылар: Е230-232,Е239.

  • Қысымның өзгерісін тудыратындар: Е250,Е251.

  • Бөртпенің пайда болуына әсер ететіндер: Е311,Е312.

  • Холестеринді жоғарылататындар – Е320,Е321.

  • Асқазан ауруын тудыратындар: Е338 – 341, Е407,Е450,Е461- 446.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет