Олигосахаридтер өсімдік жəне жануарлар ағзасында бос жəне байланған түрде кеңінен таралған. Олардың біреулері биосинтездің соңғы өнімі есебінде өмірде маңызды орын алады (мысалы, лактоза), басқалары биосинтез кезіндегі орталық өнімдер болып есептеледі (мысалы полисахаридтер гидролизі – мальтоза, целлобиоза).
Гликозидтенген табиғи фенолды қосылыстар ағзадағы зат алмасу процесіне белсенді қатысады.
Олигосахаридтер жəне полисахаридтер гидролиз кезінде моносахаридтерге дейін ыдырайды. Молекулалық массасына қарай күрделі қанттар екіге бөлінеді: олигосахаридтер жəне полисахаридтер.
- Олигосахаридтер дегеніміз құрамында 2-ден 10-ға дейін моносахарид мүшелері бар молекуланы атаймыз. Олигосахаридтер тотығатын жəне тотықпайтын болып екіге бөлінеді.
Олигосахаридтер суда жақсы ериді, жақсы кристалданады, тəтті дəмі бар, көмірсулардан тыс компоненттер болмайды.
- Полисахаридтер – жоғарғы молекулалы қосылыстар, суда аз немесе мүлдем ерімейді. Тəтті дəмі жоқ жəне кристалданбайды.
Олигосахаридтер Олигосахарид құрамына кіретін моносахаридтер санына қарай: дисахаридтер-биозидтер, трисахаридтер – триозидтер, тетрасахаридтер – тетрозидтер, т.б. деп аталады. Биозидтер қарапайым олигосахаридтерге жатады.
РАФИНОЗА – ОЛИГОСАХАРИДІН АЛУ.
Рафиноза - бактериологиялық тәжірибеде бактерияларды диагностикалаудың қоректік ортасы ретінде қолданылады.
Рафинозаны алудың ең жақын әдісі: джут, оның ішінде шикізатты ұнтақтау, шикізатты бензинмен майсыздандыру, шикізатты этил спиртімен алу, сығындыны қоюлату, қалың сығындыдан рафинозаны тұндыру, этил спиртінде ерітілген тұнбаны белсендірілген көмірмен тазарту, рафинозаны кристалдау, рафинозаны қайта кристалдандыру.
Бұл әдістің кемшілігі - еріткіштердің көп тұтынылуымен, препараттың төмен шығуы.
Рафиноза күшті спирттерде нашар ерігені белгілі. Бұл әдіс рафинозаны 96% спиртпен шығаруды қамтиды және ондағы қанттың ерігіштігі төмен болғандықтан, толық экстракция үшін ұзақ уақыт 10 күн ішінде бірнеше рет алу қажет.