Байланысты: өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)
Гутацияның физиологиялық маңызы, өсімдіктің суды қабылдауы мен булануын сәйкестендіру болып табылады. Гутация, әсіресе тропикте өсетін өсімдіктерде жиі байқалады. Мысалы, «тарро древнего» деп аталатын өсімдіктің әрбір жапырағы минут сайын 200-дей су тамшысын шығарады. Ал «жауын цезалпиния» деп аталатын ағаш кей күндері гутация кезінде нөсерлі жауындай су тамшыларын бөледі. Гутация кұбылысы болатын өсімдіктерде минералдық элементтердің сөлмен бірге бөлініп кетуіне мүмкіндік бермейтін ерекше құрылысы болады. Ол — қлеткаларда судың жоғарғы бағытта жылжып, оның жапырақ ұштарындағы ерекше клеткалар — гидатодтар арқылы бөлінуінің нәтижесі. Ол гидатод арқылы қамтамасыз етіледі. Гидатодтың төменгі бөлімі ұсақ паренхималық клеткалардан тұрады. Осы клеткалардан гутация сөлі өткен кезде минералдық элементтердің көпшілігі сүзіліп қалып қояды.