«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»


Тамыр – су сіңіру мүшесі, оның құрылысы, қызметі.Иондардың тамырға ену модельдері, минералды заттарды ксилемаға тасымалдау



бет67/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

40.Тамыр – су сіңіру мүшесі, оның құрылысы, қызметі.Иондардың тамырға ену модельдері, минералды заттарды ксилемаға тасымалдау.
Тамырлардың алғашқы анатомиялық құрылысы.Тамырдың анатомиялық алғащқы құрылысы ашық тұқымдылардың,жабық тұқымдылардың және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің барлығының тамырына тән алғашқы құрылыс. Мұнда оның 3 бөлігі:эпиблема мен оның тамыр түктері,алғашқы қабық және орталық цилиндр көрінеді.
Эпиблема – тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа.Эпиблема дерматогеннен пайда болады және тірі,жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады.Эпиблеманың негізгі қызметі өсімдіктің өсіп тұрған топырағынан суды және онда еріген минералды тұздарды сорып,оны қабықтың паренхималық клеткаларына жеткізу. Экзодерма – қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты.Экзодерма бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты болып келеді. Клетка қабықшалары көбіне қалыңдау келед,әрі тығыз орналасады. негізгі қызметі – қорғаныштық. Мезодерма – дөңгелек пішінді,ірі және паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты.Мезодерма клеткаларының шеттен орталыққа қарай пішіндері,орналасуы өзгереді.Шет жағында клеткалары майдарақ,жиі,орталыққа қарай іріленіп,борпылдақ тартады,орталыққа жақындай түскенде клеткалары қайтадан майдаланып,жиілей түседі. Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты.Ол орталық цилиндрді қоршап орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады.Бұл қабаттың негізгі міндеті – қабықтың сыртқы қабаттары арқылы суда еріген қоректік заттардың орталық цилиндрде орналасқан өтккізгіш ұлпа элементтеріне қарай жылжып өтуін реттеу.Эндодерма жұқа қабықшалы, тірі, көлденең кесіндісінің пішіні төрт бұрышты клеткалардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет