Байланысты: өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)
Өсімдіктің өсуі үш кезеңге бөлінеді: а) ұрықтық(эмбриондық), б) созылып өсу, в) жіктелу(дифференциалдану).
А)Өсудің эмбриондық кезеңінде клеткалардыңбарлығы цитоплазмаға толған, вакуольсіз күйдеболады; келесі кезеңде вакуоль қалыптасып, клетка қабығы созылып,клетка қабығы ұлғаяды. Эмбриондық (бөлінетін) клеткалар сабақтың, немесе тамырдың өсу төбешігі (конусы) қалыптастырады. Сабақтың өсу төбешігі сырт жағынан жапырақшалармен, бүршікшелерменқоршалған. Өсу төбешігіндегі клеткалар біртіндепзозылып өсетін клеткаларға айналады. Одан кейінгіаймақта клеткалардың жіктелуі басталады. Эмбриондық кезеңде цитоплазма және ядро ұлғаяды. Көлемі белгілі шамаға жеткен алғашқыклетканың бөлінуінен екі жас клетка пайда болады. Олардың біреуі эмбриондық (меристемалық) күйінде қалады да, екіншісі тікелей немесе біразуақыт өткенсін жаңадан бөлініп, белгілі ұлпаклеткасына айналады. Меристема алғашқы жәнеқайталама болып бөлінеді. Алғашқы меристема ұрық ұлпаларынан тікелей қалыптасып, өркенніңжәне тамырдың, прокамбидің өсу төбешігіне(аймағына) айналады.
Б)Клетканың созылып өсу кезеңінде оның көлеміұлғайып, вакуольдер толық қалыптасады. Алғашында клеткада көптеген көпіршіктеркүйіндегі майда вакуольшелер өзара тұтасып, үлкенкөлемді бір вакуольге айналады. Вакуольге біразмөлшерде судың жиналуына байланысты клетка қабығы керіліп, көлемі ұлғаяды. Мұндайклеткалардың көлемдері алғашқы меристемалықклеткаларға қарағанда бірнеше жүз есе ұлғаяды.
В)Эмбриондық клеткалардың қызметтік жағынанбелгілі бір бағыттарда дамуы- жіктелуі(дифференциалдану) деп аталады. Бұндамеристемалық клеткалардан тұрақты ұлпалардан – палисадтық , паренхима, өткізгіш шоқтар, склеренхима, талшықтар клеткалары қалыптасады.
Өсу нүктесі - промеристемдерден тұратынөсімдіктің ұзарып өсетін бөлігінің ұшы. Апекстіңүнемі жаңарып отыру көзі болып апикалдымеристемдердің инициалды жасушалары енеді. Өскіннің өсуу нүктесі ұрықтандырғышжапырақтармен қоршалған және қорғалған, оныңнегізінде экзогенді, ал өсу нүктесі тамырында, тамыр оймағы ретінде қалыптасады.
Морфогенез- онтогенездің әртүрлі сатыларындағы(өсімдіктердің жеке дамуы) ерекше анатомиялық - морфологиялық және физиологиялықөзгерістермен сипатталатын өсімдіктердің өсу жәнедаму процестерімен байланысты. Өсімдіктердіңөсуін көбінесе құрылымдардың жаңақалыптасуымен байланысты өлшемдер мен биомассаның ұлғаюының қайтымсыз процесіретінде анықтауға болады.