Байланысты: өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)
Фотосинтездің С3 – жолы немесе Кальвин циклі Кальвин циклі төрт фазаға бөлінеді: 1) Карбоксилдену, яғни СО2 –ның РБФ-ке қосылуы
2) Тотықсыздану
3) РБФ-тың қалпына келуі, яғни регенерациясы
4) Глюкозаның синтезі.
➢ РБФК (рибулозобифосфаткарбоксилаза) карбоксилдеу реакциясын: СО2–ны 5-көміртекті қантқа қосылуын және 6-көміртекті қосылыстың пайда болуын катализдейтін фермент.
➢ Циклдің бірінші акцепторы РБФ – рибулозобифосфат(стромадағы 5-көміртекті қант), ал бірінші өнімі - ФГҚ- фосфоглицерин қышқылы.
➢ 1 глюкоза молекуласын синтездеу үшін 12 НАДФ, 18 АТФ қажет. Бір циклде – 3 АТФ және 2 НАДФН жұмсалынады.