Өсімдіктер физиологиясы және биохимия непздері



бет17/25
Дата09.06.2017
өлшемі5,61 Mb.
#18297
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

93

болды, алайда фотосинтез процесі кезінде қоры іс жузінде шексіз болып табылатын заттар мен күн энергиясы пайдаланылатындық-тан, бул процесс барынша дамыды. Жоғары сатыдағы өсімдіктер фотосинтезінің арқасында көмірдің, шымтезек пен мұнайдың қоры ерте замандағы геологиялық дәуірлерде қалыптасты. Жер бетінде тіршілік ететін гетеротрофтардың бәрі де қоректік заттарды өсім-діктер фотосинтезі есебінен қабылдайды.

Көмір қышқыл газы зат алмасуына қатысып, организмге

фотосинтез процесінен тыс, қараңғылық жолмен де сіңірілуі мүмкін екендігі белгілі. Белгілі бір органикалық радикалға қосыла

келе, көмір қышқыл газы кейін тотықсызданатын карбоксил тобының қурамына кіреді. Кетоқышқылдар осы сияқты көмір қышқыл газын қосып алу реакциясына (карбоксилдеу реакциясына) көбірек ұшырайды. Бұл реакция барлық автотрофты және гетеротрофты организмдерге тән.

Бактериялық фотосинтез эволюция тұрғысынан алып қарағанда өте ертеде пайда болған. Бактериялық фотосинтез немесе фоторе-дукция деп аталатын бұл процесс бактериялар тобында жүзеге асырылады. Бұл топқа пурпурлық (қанқызыл) және қызыл күкірт бактериялары, пурпурлық күкірт емес бактериялар, жасыл күкірт бактериялары жатады. Олардың құрамында хлорофилден біраз айырмашылығы бар бактерйохлорофилл пигменті және кароти-ноидтар бар. Пигменттері болуының арқасында олар күн сәулесінің энергиясын сіңіреді. Бактериялық фотосинтез бен өсімдіктер фотосинтезінің ұқсастығы, міне, осында. Мұнда сутек көзі ретінде су емес, көмірсутектер, күкіртсутектер мен май қышқылдары пай-даланылады. Фотосинтезден ерекше, мұнда оттек бөлініп шықпай-ды. Сутек көздері аз таралғандықтан, сондай-ақ олардың қоры өте шектеулі болғандықтан фоторедукция процесі кең дамып, тарал-маған.

Атмосферада бос оттегінің жиналуы салдарынан автотрофтық қоректенудің үшінші түрі — хемосинтез жүзеге асады. Хемосинтез-ді орыс микробиологы С. Н. Виноградский ашты. Хемосинтез жа-рық жоқ жердегі аэробты жағдайларда тіршілік ететін, пигментсіз бактериялар тобына тән. Көмір қышқыл газын тотықсыздандыру үшін бұл бактериялар күн энергиясын емес, химиялық тотығу реак-цияларының энергиясын пайдаланады. Күкірттің алуан түрлі қосылыстарын тотықтыратын күкірт бактерияларының үлкен то-бы хемосинтез бактерияларына жатады. Күкірттің тотығуы нәти-жесінде энергия бөлініп шығады, оны бактериялар органикалық қосылыстар түзе отырып, көмір қышқыл газьш тотықсыздандыру үшін пайдаланады. Сондай-ақ С. Н. Виноградский ашқан нитро-фикациялаушы бактериялар да хемосинтез бактерияларына жатады. Хемосинтездің фотосинтезден энергия көзі жөнінен де, сондай-ақ сутек көзі жөнінен де айырмашылығы бар. Бұл процесс оттегін бөліп шығармастан етеді. Энергия мен сутек көздерінің шектеулі болуы салдарынан хемосинтез кең таралмаған.

94

3.2. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ФОТОСИНТЕЗ АППАРАТЫ

Фотосинтез процбсі негізінен өсімдіктердің жасыл жапырақта-рында өтеді. Жапырақ тақтасының анатомиялық құрылысынан палисадты және борпылдақ паренхима байқалады. Паренхима клеткаларында ерекше органоидтар — хлоропластар болады, онда фотосинтездің күрделі реакциялары өтеді. Хлоропластардың электрондық микроскоппен қарағандағы құрылысы I тарауда си-патталған, сондықтан айтылғандарды қайталамастан, хлоропласт структурасы мен оған байланысты оның атқаратын қызметіне тоқ-

таламыз.

Барлық жоғары сатыдағы есімдіктер хлоропластарының пішіні мен шамасы белгілі дәрежеде бірдей болып келеді. Өсімдіктердің түрлеріне қарай олардың бір клеткадағы саны әр түрлі болады. Габерландтың мәліметі бойынша үрме бұршақ жапырағының 1 мм2 ауданында 283 000, күнбағар жапырағының 1 мм2 ауданында 465 000 хлоропласт кездеседі. Мпіиm мүгінің бір клеткасында шамамен 106 хлоропласт болады. Балдырларда кездесетін хлоропластардың шамасы мен пішіні алуан түрлі. Хлореллада табақша тәрізді пішінді бір ғана хлоропласт болады. Спирогира балдырындағы хлоропласт спираль тәрізді оралып жатады. Көк-жасыл балдырларда айқын білінетін хлоропласт жоқ, бірақ клетка қабырғасына ламеллалар жақын орналасқан. Ламеллаларға бүкіл хлорофилл шоғырланған, сондықтан цитоплазманың бұл учаскесі хлоропластың қызметін атқаратын болуы керек.



Хлоропластың бетіндегі қос мембрана, ішіндегі структурасыз сұйық матрикс, әр жерінде граналар деп аталатын күрделенген қабатты түзінділері бар жұқа ламеллалар (одың да мембраналық құрылысы болады) хлоропластар структурасыньщ негізгі элемент-тері болып табылады. XIX ғасырдың соңында ғана Мейер мен Шимпер хлоропластарда қара граналардың болатынына алғаш рет назар аударды. Бұдан кейін Хейтц граналарды бірінің үстіне бірі жиналған күміс теңгелер сияқты орналасқан жазық дискілер ре-тінде сипаттады. Фрей-Висслинг грананың әрбір жеке дискісі шет-тері қосылған және қабысып тұйықталған қапшық болып табыла-тын екі ламелладан тұрады деп санайды. Қабысып тұрған мұндай



500 нм

16-сурет.Л емаллалардың Фрей-Висслинг ұсынған құрылыс



схемасы.

95

17-сурет. Мезофилл клеткасының хлоропластындағы грананың электрондық микрофотографиясы: 1- грананың шеткі тиллаконды-ның жеке мембранасы; 2 - көршілес тиллакоядтардан түзілген қосарланған мембрана; 3 — ламеллалардық ұштары; 4 — строма ламеллалары.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет