«Өсімдіктер физиологиясы» Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысын, функциясы



бет1/15
Дата06.12.2022
өлшемі66,77 Kb.
#161551
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ө.Ф 1-21 жауап емт


«Өсімдіктер физиологиясы»
1.Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысын, функциясы
Өсімдік клеткасын микроскоппен қарағанда ең алдымен көзге түсетін үш бөлігі – қабығы, протопластары және вакуоль байқалады. Протоплазманың құрамында құрылыстық бөліктер, цитоплазма және рибосомалар орналасқан. Құрылыстық бөліктері – ядро, митохондриялар, пластидтер жатады. Қалыптасқан пластидтер жүйесі (грекше plastides –жасаушы, пайда етуші) өсімдік клеткаларының бірегей ерекшелігі болып есептеледі. Олар – пропластидтер, хлоропластар, амилопластар және этиопластар деген түрлерге бөлінеді. Меристемалық клеткалардағы өте майда пропластидтер-ден басқа пластидтер пайда болады. Жасыл түсті хлоропласттарда фотосинтездік жүйелер орналасады. Хромопласттардың құрамында жасыл пигменттер болмайды. Бірақ оларда сарыдан бастап қоңыр түске дейінгі көптеген ферменттер бар. Оларды каротиноидтар деп атайды. Түссіз амилопласттарда крахмал синтезделіп қорға айналады. Жарық түспеген жағдайларда өсімдік хлоропластары түссізденіп олардың орнына этиопластар пайда болады.
Барлық пластидтер сыртынан қос қабатты мембраналармен қапталған. Одан басқа, пластидтердің кейбіреулерінде толық қалыптасқан, басқаларында пішінсіз қалдық сияқты мембраналық жүйелер, хромосомалар және рибосомалар болады. Пропластидтер өркендердің және тамырдың меристемалық клеткаларында кездеседі. Олар түссіз, немесе солғын жасыл түсті, пішіндері элипсоид немесе дөңгелек сияқты болып келеді. Олардың ішкі құрылысы нашар қалыптасқан. Қабықтың ішкі мембранасы әр жерінен иіліп, гомогенді матрикске еніп жатады. Тамыр меристемасындағы пропластидтерде крахмал дәндері кездеседі. Өркен меристемаларының бір клеткасында пропластидтердің саны 7-20, тамыр меристемасында 20 – 40-қа жетеді.
Клеткалардың көлемі ұлғайған сайын хлоропластардың саны да көбейе береді. Шпинат өсімдігінің бағаналы клеткаларының біреуінде хлоро-пластардың саны 300-400-ге жетсе, борпылдақ ұлпа клеткасында 200-300-ге жетеді. Барлық хлоропластардың құрамында оларға жасыл түс беретін хлорофилл пигменті болады. Қоңыр және қызыл балдырларда хлорофилдің жасыл түсі басқа реңді пигменттремен бүркеліп қалады.
Барлық клеткалардың ішкі құрамында, кейде хлоропласттық ламеллалар деп аталатын, мембраналы жүйелерді байқауға болады. Олар гидрофилді белокты негізгі (матрикске) немесе стромаға малынып жайғасады. Осы мембраналық құрылымының негізгі бөлігі – айналасы жалаң мембранамен көмкерілген қалташық немесе көпіршік сияқты тилакоид деп аталатын түзінді. Осы тилакоидтардың құрамында фотосинтездің фотохимиялық реакцияларына қажетті хлорофилл, қосымша пигменттер және ферменттер болады.
Өсімдіктер әлемінің әр түрлі өкілдерінде тилакоидтардың хлоропластарда орналасуы түрліше болады. Қызыл балдырлар клеткасында олар жекеленіп бір-біріне қатарласып орналасады. Олардың сыртқы мембранасына құрамында фикобиллинпротеин молекулалары бар фикобилисомалар деп аталатын бөліктер орныққан. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде тилакоидтар бірінің үстіне бірі қабаттасып жатқан тиындар үйіндісі сияқты граналар деп аталатын топтар түзеп береді. Граналар аралығындағы бос кеңістікті құрамында СО2 игерілуі үшін қажетті ферменттері бар, түссіз строма жайлап жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет