«Өсімдіктер физиологиясы» Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысын, функциясы


Хлоропласт, митохондрия және цитоплазма байланыстары



бет2/15
Дата06.12.2022
өлшемі66,77 Kb.
#161551
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ө.Ф 1-21 жауап емт
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
2.Хлоропласт, митохондрия және цитоплазма байланыстары.
Меристемалық клеткалардағы өте майда пропластидтер-ден басқа пластидтер пайда болады. Жасыл түсті хлоропласттарда фотосинтездік жүйелер орналасады. Хромопласттардың құрамында жасыл пигменттер болмайды. Бірақ оларда сарыдан бастап қоңыр түске дейінгі көптеген ферменттер бар. Оларды каротиноидтар деп атайды. Түссіз амилопласттарда крахмал синтезделіп қорға айналады. Жарық түспеген жағдайларда өсімдік хлоропластары түссізденіп олардың орнына этиопластар пайда болады. Барлық пластидтер сыртынан қос қабатты мембраналармен қапталған. Одан басқа, пластидтердің кейбіреулерінде толық қалыптасқан, басқаларында пішінсіз қалдық сияқты Митохондриялар Клеткадағы тотығу-тотықсыздану процестерінің, электрон тасымалдаушы тізбектің, яғни жалпы энергия алмасу процестерінің орталығы митохондриялар болып есептеледі. Жоғары сатыдағы өсімдік клеткаларында митохондриялардың пішіндері түрліше болатындығы байқалды. Олардың ішінде –дөңгелекше, сопақша пішінділері кездеседі. Митохондриялар қос мембраналы қабықпен қоршалған. Сыртқы мембрана созылыңқы, ішкі мембранада көптеген тарақ тістері сияқты қатпарлары болады. Оларды кристалар деп атайды. Кристалардың пайда болуы митохондриялардың сыртқы ауданын өзгертпестен, ішкі ауданын үлкейтеді. Сыртқы және ішкі мембраналар арасындағы және тарақ тістерінің ішкі қуыстары мембраналық қуыс деп аталады. Мембраналардың өткізгіштері бірдей болмайды. Сыртқы мембрана молекулалық массасы 10000-ға дейінгі қосындыларды өткізе алса, ал ішкі қабаты ионды күйдегі заттарды өзі арқылы мүлдем өткізбейді. Митохондриялардың жалпы құрамында 65-70% белок, 25-30% липидтер және аздаған мөлшерде нуклеин қышқылдары бар. Құрамында басқа мембраналарға қарағанда фосфолипидтер көп болады (70%). Фосфолипидтік құрамы жағынан митохондрияның сыртқы мембранасы плазмалемма мен эндоплазмалық торға ұқсас келеді.
Цитоплазма – клетканың күрделі құрылымды кешені. Мұнда тірі клеткаға тән тіршілік белгілерінің бәрі бар. Цитоплазма өсімдік клеткасының барлық тірі компаненттерінің қажетті тіршілік орны субстраты. Цитоплазмада ірі түрлі қызмет атқаратын органеллалар жүйесі орналасқан. Мысалы рибосомалар- белокты синтездейді; хлоропластарда - фотосинтез процесі жүреді; митохондрияларда – диссимиляция, Гольджи аппаратында – полисахариттерді синтездеу және бөліп шығару т.б. процестері жүреді. Цитоплазманы жарық микроскопымен зерттегенде оның біріңғай қоймалжың, мөлдір зат екені байқалған. Нәтижесінде цитоплазма туралы бұрынғы түсініктің ауқымы кеңейе түсті, оның субмикроскопиялық құрылыстық элементтері ашылып, хлоропласт, митохондрия т.б. органеллаларының зат алмасуына қатынасы, олардың бір-біріне әсері туралы көптеген мәліметтер жинақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет