6.Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы Су барлық өсімдіктердің организмінде кездеседі.Су бір өсімдіктің әртүрлі органдарында түрліше болумен қатар / түн мен күндіз/ бір тәуліктің ішінде әлденеше өзгереді. Бірақ орта есеппен су төмендегі көрсетілген мөлшерде кездеседі /Б.А.Рубин бойынша/. Кейбір, әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктер — мүк, қына көп уақыт сусыз жағдайда қалып, құрғап кеткенімен, келесі ылғал жеткілікті болған кезде қайтадан тіршілігін жалғастыра береді. Сол сияқты кейбір эфемерлер — дераң, т.б. толық қурағаннан кейін, қайтадан ылғал болған кезде, тіршілігін қалпына келтіретіні белгілі болған. Бірақ, өсімдіктің көпшілігі, әсіресе ауылшаруашылық дақылдары тіршілік үшін судың үздіксіз болуын керек етеді. Егер су біраз уақыт тапшы болса, ауыл шаруашылығы дақылдарының көпшілігінің өнімін нашарлатады. Сондықтан өсімдіктің су балансында — өсімдіктің суды жарату мөлшері мен судың ену мөлшерінің ара қатынасында тапшылық /дефицит/ болмау керек.
Өсімдік үшін судың маңызы:
1. Өсімдіктерге сіңетін топырақтағы минерал заттарды еріту
2. Судың өсімдік сабағын бірқалыпты температурадаұстап тұрудағы рөлі.
3. Тургор жағдайын қамтамасыз ету
4. Өсімдіктің сабағындағы өткізгіш жолдар арқылы зат алмасу өнімдерінің вегетативтік органдар арқылы тасымал-дануы.
5. Ассимиляция және диссимиляция процестерін жүргізуші фактор және оларға қажетті материал екендігі.
7.Өсімдік тіршілігіндегі азоттың маңызы Азот нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болғандықтан, тіршілік үшін аса маңызды элемент. Ауа азотын сіңіре алатын кейбір азот бактериялары болмаса, басқа тірі организмдер азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат және аммоний тұздары түрінде алады. Өсімдіктер мен жан–жануарлар тіршілігіндегі азоттың маңызы екідайлы. Бір жағынан өсімдіктердің өсуіне қажетті негізгі қоректік элементтердің бірі: Екінші жағынан көкөністердегі нитраттардың артық мөлшері оның сапасына ғана əсер етіп қоймай, сонымен қатар улануға əкеліп соқтырады. Нитрат – ион табиғи сулардың ішіндегі ең көп тараған токсикологиялық компоненттердің бірі, алдымен су өсімдіктерінің өсуіне ықпалын тигізеді, содан соң оларды əлсіретеді. Бұл үрдістер су құрамындағы оттекті азайтады, нəтижесінде су ішіндегі өмір сүретін тірі ағзалардың жойылуына əкеліп соқтырады. Осы аталған жағдайлардың өзі бұл мəселені зерттеудің өте маңызды жəне əрқашан өзекті екендігін көрсетеді.