«Өсімдіктер физиологиясы» Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысын, функциясы


Жасушаның тітіркенгіштік құбылысы



бет4/15
Дата06.12.2022
өлшемі66,77 Kb.
#161551
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ө.Ф 1-21 жауап емт

5.Жасушаның тітіркенгіштік құбылысы
Тірі жасушалардың сыртқы және ішкі әсерлерге жауап қайтару қасиетін клетканың тітіркенгіштігі деп атайды. Осы қабілеттілігіне байланысты клеткалар қоршаған орта жағдайларына бейімделіп, өз тіршілік әрекеттерін қорғап, сақтай алады. Тірі клеткаға сыртқы ортадағы және организмнің өз ішіндегі кез-келген өзгерістер тітіркендіргіш бола алады. Өсімдіктерде хайуанаттардағы сияқты арнайы сезу органдары жоқ. Бірақ, клетка мембраналарында шоғырланған қабылдағыштар (рецепторлар) бар екені анықталды. Өсімдіктерде де жарық, химиялық, механикалық тітіркендіргіштерді қабылдаушылар бар екен. Жарық қабылдағыштар (фоторецепторлар) фототаксис, фототропизм, фотонастия және фотопериодтық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. Өсімдік организмінің кейбір химиялық тітіркендіргіш-терге, фитогормондарға сезімталдығы хеморецепторлардың әрекетіне байланысты. Геотропизм, тигмотропизм, сейсмонастия құбылыстары механикалық тітіркендіргіштерді қабылдаушылардың әрекетіне байланысты. Жалпы алғанда, сыртқы жағдай әсері мен қабылдаушы клетканың әрекеттесуі плазма мембранасында жүзеге асады. Осы қабылдағыш клеткалардың мембранасында тітіркендіргішпен бірінші әрекеттесетін ерекше белок молекулалары шоғырланған. Бұл белоктардың ферменттік ырықтығы болмайды. Тітіркендіргіштің белок молекуласына әсері оның көршілес липидтер және белоктармен байланысын өзгертіп, плазмалық мембрананың өткізгіштігінің, иондық тепе-тендіктің өзгеруіне және рецепторлық потенциалдың пайда болуына әкеліп соғады. Басқа сөзбен айтқанда, алдымен тітіркендіргіш белокпен ерекше әрекеттеседі, яғни таңбалану жүзеге асады. Тітіркенудің өсімдік ұлпаларына таралуы химиялық және электрлік жолдармен жүзеге асады. Өсімдіктерде тітіркенудің химиялық заттардың көмегімен таралу мүмкіндігін ең бірінші Ч.Дарвин болжаған болатын. Ол колеоптильдің тітіркенгіш үшынан (сенсорлық аймақ) төменгі моторлы аймағына химиялық қоздырғыш ауысады деп болжады. Елу жыл өткен соң осы затты өсімдіктен бөліп алып зерттегенде, индолилсірке қышқылы (ИСҚ) немесе ауксин екендігі анықталды. Бүл қосынды өсімдіктердің өркен ұштарында өте көп мөлшерде пайда болып, жоғарыдан төмен қарай тамыр ұштарына дейін таралады. Сабақ бойымен ИСҚ өткізгіш шоқтар арқылы ауысады. Өзіне сезімтал клеткаларға, яғни құрамында осы гормонды қабылдағыштары бар клеткаларға жеткен соң ИСҚ олардағы физиологиялық және морфогенетикалық реакцияларды — созылып өсу, заттарды сіңіру, гендер ырықтығын қоздырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет